Іске асқан жоба көп

Oinet.kz 22-10-2024 20

image.png

Тәуелсiздiк алған 33 жыл iшiнде Сайрам ауданы да өсiп-өркендеп, елiмiздiң дамуына өз үлесiн қосып келедi, Аудан әкiмiнiң мәлiмдеуiнше, экономикалық даму потенциалы аса жоғары болғандықтан, мұнда инвестиция тартуға мүмкiндiк мол.  агроөнеркәсiп кешенiн дамытуда бiрiншi кезекте аудан тұрғындарын қауiпсiз азық-түлiкпен қамтамасыз ету қажет. Азық-түлiк қауiпсiздiгi мәселесiн шешу жолдарының бiрi – отандық өнiмнiң бәсекеге қабiлеттiлiгiн жоғарылату, отандық өндiрiстiң қажеттi көлемiн өндiру, ауыл шаруашылығының материалдық-техникалық базасын кеңейту. Күнделiктi халыққа қажеттi тамақ өнiмдерiнiң 20 түрiнiң 18-i, яғни, қант пен тазартылған күрiштен басқа өнiмдердiң барлығы Сайрамда өндiрiлетiнiн мақтан етпеске болмас. Жыл сайын ауданда жаңа кәсіпорындар мен зауыт, фабрикалары, шағын және орта бизнестік нысандардың қатары артып келеді. Мамандардың мәліметінге өткен жылы ауданда бірқатар жобалар жүзеге асырылып, аудан экономикасы мен әлеуетіне зор үлестерін қосуда.  Жобалардың құны 13,7 миллиард теңгені құрайды.  Ашылған жұмыс орны 364 адам. Жобалардың қатарында төмендегі кәсіпкерлік нысандар бар:

1. «Маслозавод Turkistan» ЖШС (Қарасу ауылдық округі)  «Өсімдік майын шығаратын зауыт құрылысы» жобасы. Жобаның құны 435,0 миллион теңгені құрайды. Ашылған жұмыс орны 30 адам.

2. ЖК «Agua Classic» (Көлкент ауылдық округі) «Алкогольсыз сусындар шығаратын зауыт құрылысы» жобасы.  Жобаның құны 230,0 миллион теңгені құрайды. Ашылған жұмыс орны 15 адам.

3. «Ca Pable Group  мүгедектер қоғамы» қоғамдық бірлестігінің (Ақсу ауылы)  «Қолданыстағы қуатты кеңейту. Өнімнің жаңа түрі италиялық технологиямен жөргектің жаңа түрін шығару» жобасы бойынша құрал-жабдықтар алу». Жобаның құны 4200,0 миллион теңгені құрайды. Ашылған жұмыс орны 40 адам. 

4. «Gen Group Kazakhstan» ЖШС (Қайнарбұлақ ауылдық округі) «Өнеркәсіптік (банан өсіретін) жылыжай құрылысы жобасы». Жобаның құны 1056,1  миллион теңгені құрайды.  Ашылған жұмыс орны 30 адам. 

5. «OZGE» Спорт кешенінің құрылысы.  ЖК Мырзакаримов А. (Манкент ауылы) Жобаның құны 770,0  миллион теңгені құрайды.  Ашылатын жұмыс орны 15  адам.

6. «Eco-Building Group» ЖШС (Ақсу ауылы)    Автоклавты газоблоктарбетон шығаратын зауыт құрылысы жобасы.  Жобаның құны 1026,2 миллион теңгені құрайды. Ашылған жұмыс орны 62 адам.

7. «Gx –ЖБИ» ЖШС (Қайнарбұлақ ауылдық округі)  «Темірбетон бұйымдарын шығаратын зауыт құрылысы» жобасы. Жобаның құны 200,0 миллион теңгені құрайды. Ашылған жұмыс орны 22 адам.

8. «Наурыз-5» ЖШС  (Ақсу ауылы)   «Жеміс-көкөністі қайта өңдейтін  кәсіпорын».  Жобаның құны 1000,0  миллион теңгені құрайды. Ашылатын жұмыс орны 5 адам.

9. «MANGYSTAU OIL REFEINING» ЖШС  (Ақсукент ауылы) Мұнай өнімдерін өңдейтін зауыт қайта іске қосылды. Бүгінгі таңда кәсіпорында 60 адам жұмыспен қамтылған. Өндірісті іске қосуға дайындау жұмыстары жүргізілуде. Өндірістің  төлқұжаты Энергетитка министрлігінен  алынғаннан кейін, толығымен іске қосылып, өнім өндірілуі  күтілуде Жұмысшылар саны 200 адамға дейін  тартылады.

10. «ТҰРАН АГРО ЕТ-СҮТ»  ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативі  (Манкент ауылы)  «Ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдейтін зауыт құрылысы»  жобасы. Жобаның құны 450,0 миллион теңгені құрайды. Ашылатын жұмыс орны 20 адам.

11. «Meat magnat" ЖШС   (Қарабұлақ ауылы) 2 000 ірі қара мал басына арналған бордақылау алаңы. Жобаның құны 800,0 миллион теңгені құрайды. Ашылған жұмыс орны 10 адам.

12. «SAMID MASTER»  ЖШС (Манкент ауылы) Ауыл шаруашылығы өнімдерін  өңдейтін зауыт  құрылысы (Сүт зауыты).  Жобаның құны 650,0 миллион теңгені құрайды. Ашылатын жұмыс орны 20 адам. 

13. «Sairam Food Produkts»  ЖШС (Ақсу ауылы)   «600 тонналық көкөніс сақтайтын қойма құрылысы». Жобаның құны 90,0 миллион теңгені құрайды. Ашылатын жұмыс орны 20 адам.

14. «AGRO 2022»  ауылшаруашылық өнеркәсіптік кешені (Ақбұлақ ауылы)   «400 мал басына арналған сүт-тауарлды ферма».  Жобаның құны 650,0 миллион теңгені құрайды. Ашылатын жұмыс орны 15  адам.

Мамандардың мәліметінше Сайрам ауданында биылғы 9 айдың қорытындысымен жалпы өңірлік өнім көлемі 203,1 млрд.теңгеге жетіп, өсім 19,2 пайызды құраған. Басым бөлігі ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп, сауда, құрылыс салаларының үлесінде. Биылғы жылдың қорытындысымен жалпы өңірлік өнім көлемін 269,0 миллиард теңгеге жеткізіп, 12 пайыз өсімді қамтамасыз ету жоспарланған. Соңғы 4 жылда өзіндік кірістер 2 есе ұлғайған.

Жыл қорытындысымен 135 миллиард теңге инвестиция тарту жоспарланып, жеке инвестиция есебінен 2,6 есе ұлғайту көзделген. Алдағы 6 жылда құны 1 115,3 миллиард  теңгені құрайтын өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, сауда және туризм салаларында 100-ден астам инвестициялық жоба жүзеге аспақ. Нәтижесінде 7 мыңға жуық жұмыс орнын құру болжануда.

Облыс бойынша халқы ең тығыз орналасқан Сайрам ауданы экономикасының өсу резервтерін тиімді пайдалану және жаңа өндірістерді іске қосу есебінен өнеркәсіп өнім көлемін 2030 жылға 3,7 есеге немесе 205,4 млрд. теңгеге жеткізу жоспарланған. Яғни, жоспар бойынша 6 жылда 635,1 млрд.теңгенің өнімі өндірілмек. 2030 жылға мал шаруашылығы саласында құны 48,1 млрд.теңгеге 15 жобаны іске асырып, өнім көлемін 188,2 млрд.теңгеге жеткізу болжанып отыр.

Өнеркәсіп саласында 2030 жылға құны 912,7 миллиард теңгені құрайтын 48 жобаны жүзеге асыру нәтижесінде 3 мыңнан астам жаңа жұмыс орнын ашу жоспарланған. Алдағы уақытта сүт өнімдерін өндіру, мал қалдықтарын өңдейтін цех, құрама жем шығаратын, ауыр жүк көліктерінің тіркемесін және арнайы жасақталған көліктер шығару сияқты жобалар мен тамақ өнеркәсібіндегі жобаларды іске асыру көзделген.

Қоян асырап, табысқа кенелуде
Жылына 120 мың киім тігеді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу