Қошановтың Исмоиловтан не артықшылығы бар?
20-11-2024
Қазақстандықтарды алдағы күндері маңызды кезең – референдум күтіп тұр. Осылайша, АЭС дүбірі бізге де жетті. Атом электр станцияларын салуды қолдау жөніндегі Халықтық штаб мүшелерінің өңірлерге шығып, түсіндіру жұмыстары жалғасуда.
Жуырда АЭС салуды қолдау жөніндегі халықтық штаб мүшелері, Қазақстан Республикасы Парламенті сенатының депутаттары Алишер Сатвалдиев, Әли Бектаев, Дархан Қыдырәлі, Қадірбек Мұрат және Аmanat партиясы Түркістан облыстық филиалның төрағасы, халықтық штаб мүшесі Алтынсары Үмбетәлиев Түлкібас аудандық орталық ауруханасы ұжымымен кездесіп, АЭС бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Кездесуде Парламент сенатының депутаттары сөз алып, АЭС салудың маңыздылығына тоқталды. Халықтық штаб мүшелерінің сөзіне сенсек, бейбіт атом – ел экономикасының өсіміне оң әсер тигізетін сенімді және тұрақты энергия көзі. «Атом электр стансалары елімізді энергетикалық тәуелділіктен де арылта алады. Егер қазірден өзімізге қажетті қуатты өзіміз өндіруге назар аудармайтын болсақ, онда импортқа тәуелділіктен көз ашпаймыз. Геосаяси жағдай шиеленісе түскен шақта энергетикалық дербестік стратегиялық маңызы зор мәселеге айналатынын ұмытпауымыз керек. Таяу болашақта шын мәнінде қуатты ел болудың басты факторы электр энергиясының импортынан арылудан көрінбек. Ал елімізде атом электр стансасы салынатын болса, бұл қауіпті еңсере отырып, артық қуатты басқа мемлекеттерге сату мүмкіндігіне ие боламыз.
Қазір азаматтарымыз атом электр стансаларының қауіпсіздігіне алаңдаушылық білдіріп жатыр. Олардың қаупі орынды. Әйтсе де бұл тұста оң-терісі анықталған ғылыми тұжырымға сүйенуіміз керек-ақ. Сала мамандары АЭС-те заманауи III және III+ буын реакторларын қолдану арқылы қауіпсіздіктің жоғары деңгейін қамтамасыз етуге кепілдік беріп отыр. Бұл істе бізге МАГАТЭ (Атом энергиясын қадағалау агенттігі) ақыл-кеңесін беріп, тиімді жобаларды ұсынуға мүдделі. Тіпті аталған ұйым АЭС құрылысы кезіндегі жемқорлық фактілерінің алдын алуға дайын көрінеді. Оған қоса отандық атом энергетика кешенінің кадрлық әлеуеті стратегиялық нысанның тиісті деңгейде жұмыс істеуін ұйымдастыруға жеткілікті екені де айтылып жүр. Олай болса, ел болашағын айқындайтын жауапты сәтте барлығымыз ынтымақ-бірлігімізді көрсете білуіміз қажет. Бұл біздің азаматтық парызымыз әрі келер ұрпақ алдындағы басты міндетіміз» дейді Парламент Сенатының депутаты Алишер Сатвалдиев.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Халқына Жолдауында 6 қазанда АЭС бойынша референдум өткізілетіндігін айтқан болатын. Президентіміз: «ЖаҺандық энергия тапшылығының өсуін ескере отырып, біз сенімді және экологиялық таза энергия көздеріне аса мұқтажбыз. Сондықтан менің ойымша, атом энергетикасының дамуына барынша назар аударуымыз қажет» деп, 6 қазанда АЭС бойынша референдум өткізілетіндігін, бұл мәселенің халық талқысына салына отырып шешілетіндігін айтқан болатын. «Еліміз жыл өткен сайын энергия тапшылығына, тәуелділікке тап болуда. Ал энергия тапшылығы еліміздегі энергетикалық нарықтың қауіпсіздігінің төмендеуіне әкеп соғады. Сондықтан Қазақстанға АЭС салу ел-жұртымыз үшін маңызды қадам» деген Болат Қадірбек мамандардың зерттеуіне сүйене отырып, атом электр станцияларын салу және пайдалану кезіндегі қауіпсіздік бірінші кезектегі мәселе екендігін айтып, азаматтардың денсаулығын, өсімдіктер мен жануарлар дүниесін қорғау – мемлекеттің басым бағыттарының бірі екендігін алға тартты. Электр энергияның тұрақты және қолжетімді тарифтері өндірістегі үстеме шығындарды азайтуға ықпал ете отырып, экономикамыздың өсуіне, инфрақұрылымның дамуына әсер ететіндігін айтты.
Әли Бектаев те түсіндіру жұмыстары барысында «бұл ауқымыды жоба қазақстандықтарға тұрақты және жаңа жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік береді. Жаңа жолдар,мектептер, тұрғын үйлер, ауруханалар салынып әл-ауқатымыз арта түседі» деп ойын қортындылады.
Пікірлесу барысында аурахана дәрігерлері Қ.Нұрлыбаев пен пен Б.Мамбетов өздерінің тұщымды ойларын ортаға салды. Сондай-ақ жиында жас ғалым Әйгерім Бәймеш АЭС жөнінде өз пікірімен бөлісті.
- Жуырда ҚР Ұлттық Ғылым академиясы жас ғалымдар кеңесінің отырысы өтті. Кездесуге қатысушылардың пікірінше, атом электр станциясының құрылысы Қазақстанның энергетикасын әртараптандыруға мүмкіндік береді және елдегі электр қуатының тапшылығы мәселесін шешуге ықпал етеді. Сонымен қатар, АЭС қолданбалы ғылымда жаңа бағыт құруға мүмкіндік бермек. Талқылауға ядролық физика институтының, Ұлттық ядролық орталықтың және отандық жоғары оқу орындарының мамандары қатысты. Қазіргі атом энергетикасына қатысты әртүрлі тақырыптар талқыланды. Жиында ғылыми зерттеулер мен заманауи технологияларды әзірлеуден бастап, әлемнің әртүрлі елдеріндегі кадрларды даярлау жүйелері сөз болды. Жас ғалымдар атом өнеркәсібін құратын дамушы елдердің тәжірибесіне ерекше назар аударды. Қазақстанға қатысты Энергетиканың жаңа түрі жердің табиғи байлығын, атап айтқанда, қазіргі уақытта шикізат ретінде экспортқа шығатын уранды барынша толық және ұтымды пайдалануға мүмкіндік береді, - дей келіп, жиын қорытындысында Әйгерім Баймеш көпшілікті елдік маңызы бар науқаннан тыс қалмауға шақырды.