Қошановтың Исмоиловтан не артықшылығы бар?
20-11-2024
Елімізде атом электр станциясын салу мәселесі қызу талқыланып жатыр. Таяу күндері осыған қатысты референдум да өтеді. АЭС құрылысының егеменді еліміздің экномикасының дамуына қалай әсер ететіні жөнінде Шымкент қаласындағы Shymkent Plaza» ойын-сауық орталығында студент жастармен келелі кездесу өтті. Оған қаланың студент жастары, қала тұрғындары және жоғары оқу орындарының профессор, оқытушылары қатысты.
Атом өнеркәсібі бүгінде елдегі ең жоғары технологиялық ғылымды қажет ететін табысты саланың бірі десек, ел ішінде бейбіт атом туралы жағымды түсінік қалыптастыру маңызды. Осы ретте келелі жиынды Шымкент қаласы білім басқармасының басшысы Нұргүл Ақылбекқызы ашып, жүргізді.
- Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Халқына Жолдауында 6 қазанда АЭС бойынша референдум өткізілетіндігін айтқан болатын. Біз енді осы тұрғыда ғалымдардың болжамына сүйеніп көрсек. Мәселен, экономика ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ «Қаржы және есеп» кафедрасының доценті Ғалымжан Есқараұлының айтуынша, бүгінде Қазақстанда АЭС-тің орналасу аймағы ретінде Абай облысындағы Курчатов қаласы және Алматы облысындағы Үлкен ауылы таңдалған. «2035 жылға қарай ел экономикасы мен халықтың қосымша электро энергетикалық сұранысы 18 ГВт-тан астам жаңа буынды қажет етеді. Яғни, ол уақытқа дейін қолданыстағы электро станциялардың генерациясы тек 135 миллиард кВт сағат құрайтын болса, қазіргі таңда тұтыну мөлшері 152,4 миллиард кВт сағатты құрап отыр. Бұл – ағымдағы энергия көздері болжамдалған мөлшерден бөлек, тіпті қазіргі жүктемелерді толықтай қамтамасыз ете алмайды», – дейді Ғалымжан Есқараұлы, - дей келіп Нұргүл Ақылбекқызы ғалымның сөздерінен мысалдар келтірді.
Сонымен қатар жиында сөз алған Ө.Жәнібеков атындағы ОҚПУ профессоры Халима Сартаева атом өнеркәсібі мен елімізде талқыланып жатқан атом энергетикасының пайдасы мен экономикаға қосар үлесі жайлы айтып өтті.
Сарапшы ядролық генерацияны дамыту үшін елдегі электр энергиясын өндірудегі таза электр энергиясының үлесін арттыру қажет екенін және ел экономикасындағы көміртегі ізін азайту қажеттігін айтады. «Жалпы Қазақстандағы АЭС – еліміздің энергетикалық саясатының маңызды бағыты. АЭС елді энергиямен қамтамасыз ету көздерін әртараптандыруға, көмір мен газға тәуелділікті азайтуға ықпал етеді. Сондай-ақ атмосфераға парниктік газдар шығарындыларын азайтатын экологиялық таза энергия көзі болып табылады. Атом энергиясы энергиямен қамтамасыз етудің тұрақтылығын қамтамасыз етеді. Себебі АЭС үздіксіз жұмыс істейді және ауа райы жағдайына тәуелді емес», – деді ғалым.
Сонымен ғалымдар атом энергетикасы еліміздің технологиялық дамуына және жаңа жұмыс орындарының ашылуына ықпал етеді деп есептейді. Бұдан өзге АЭС-тың жұмыс істеуі олар орналасқан аймақтардың экономикалық өсуіне ықпал етсе, заманауи АЭС энергия тиімділігін арттыра отырып, смарт-желілік жүйелерге біріктірілуі мүмкін екенін жеткізді.
- Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев АЭС құрылысы мәселесін дестратегиялық сипаттағы жоспарларды қоғам талқысынан кең көлемді талқылап, ой елегінен өткізіп барып шешім қабылдау қажеттігін айтты. Оған қоса Президент энергетиканың Қазақстан экономикасындағы рөлінің маңызын, энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету басты міндеттің бірі екенін айтты. АЭС құрылысына қатысты айтатын болсам, оны салу кезіндегі 1 жұмыс орны іргелес салаларда 10-нан астам жұмыс орнын ашады. Экономикалық әсері жергілікті кәсіпкерлікті қолдау (құрылыс-монтаждау жұмысы кезінде шамамен 2,5-3,5 миллиард доллар табыс түседі). Бүкіл өмірлік цикл кезіндегі салық түсімдері 2,5-3 миллиард доллардан асатын болады. Елдің инвестициялық өсімі артады, – дейді ғалым.
Жиынға қатысушылар атом электр станциясының құрылысы қазіргі уақытта еліміздің энергетикалық қажетін шамаман 70 пайызға қамтамасыз ететін әрі қоршаған ортаға зиян келтіретін көмір электр стансаларына тәуелділікті айтарлықтай азайтуға мүмкіндік беретінін атап өтті.
Жиын қорытындысында Шымкент қаласы білім басқармасының басшысы Нұргүл Ақылбекқызы «Бүгінгі іс-шараның мақсаты жастардың ғылымға деген қызығушылығын арттыру. Қаламыздың студенттерін түрлі ғылыми жобаларымен танылып жүр. Сол жастардың еңбектері келешек атом өнеркәсібінің бірінде көрініп жатса, ол бізге жетістік» дей келіп, студенттер мен қала тұрғындарын 6 қазанда жалпыхалықтық референдумға қатысуға шақырды.