АЭС – энергетикалық тәуелсіздікті нығайтуға ықпал етеді

Oinet.kz 15-09-2024 28

АЭС салуды қолдау жөніндегі қалалық Халықтық штабтың мүшелері Шымкент қаласында экологиялық кеңестің отырысына қатысып, шаһар тұрғындарымен кездесті. 

Screenshot_28.jpg

Кездесуге Халықтық штаб мүшелері, Аmanat партиясы Шымкент қалалық филиалының атқарушы хатшысы Ербол Байқонысов, Экологиялық кеңестің төрағасы Жеңіс Тұрғанов және кеңес мүшелері, жас экологтар мен бастауыш партия ұйымының өкілдері қатысты. Отырыс барысында атом электр станциясы жобасының маңыздылығы мен оның ел экономикасына тигізер пайдасы кеңінен талқыланды.

Ербол Байқонысов жиынға төрағалық етіп, атом энергетикасы секторын трансформациялаудың маңызды кезеңінде тұрғанымызды атап өтті.

Оның айтуынша, Қазақстанның энергетикалық жүйесін әртараптандыру үшін атом энергетикасы маңызды рөл атқарады. Қазіргі уақытта еліміздегі электр станцияларының көпшілігі ескірген және олардың тиімділігі төмен. АЭС салу арқылы біз тек энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етіп қана қоймай, жаңа жұмыс орындарын құрып, аймақтардың инфрақұрылымын дамытуға мүмкіндік аламыз. 

- Бүгінде атом энергетикасы төңірегінде алыпқашпа әңгіме де, нақты дәйекке негізделген тұжырым да жетерлік. Арасынан ақиқатын ашып алу оңайға соқпасы анық. Дүниежүзілік ядролық қауымдастық таратқан мәліметке көз жіберсек, өткен жылдың қарашасы мен осы жылдың қаңтар айлары аралығында Франция, Германия, Жапония, Польша, Оңтүстік Корея, Швеция, Ұлыбритания мен АҚШ елінде онлайн-сұрау жүргізілген екен. Бәрі де атом энергетикасын айрықша колдаған, әсіресе Польша, Франция мен Швециядағы қолдау көрсеткіші өте жоғары болған. Жуырда Шымкент қалалық №2 емхананың ұжымына жобаның пайдасы мен қауіпсіздігін түсіндірген Халықтық штаб мүшелері атом энергетикасын пайдаланудағы дамыған елдердің тәжірибесін және АЭС-тің қауіпсіздігі мен тиімділігі жөнінде жан-жақты сөз еткен болатынбыз. Сондағы іс-шараға қатысушылар өз еліміздің болашағын өзіміз таңдай алатын мүмкіндік ретінде әр қазақстандықтың алдағы референдумға қатысуының маңызына баса назар аударды. Сондай-ақ, сол жиынға қатысушылар атом энергетикасын дамытудың заманауи әлемдік трендтерін талқылап, елімізде бейбіт атомды дамыту бағытында жасалып жатқан жұмыс туралы айтты. Бүгін сіздермен де осы АЭС бойынша сөз қозғап, пікірлесіп отырмыз, - деді жиын төрағасы. 

Сонымен қатар жиынша штаб мүшелері энергия тұтыну деңгейі жоғары қарқынмен ұлғайып келе жатқаны жайлы және электр энергия тапшылығы бүгінде еліміздің оңтүстігінде айрықша сезілетіндігін айтты.  «Былтырғы қорытынды бойынша дефицит 3,1 миллиард кВт/сағ құрады. Салыстыру үшін айта кетсек, орташа есеппен 100 мың тұрғыны бар бір қала 700 миллион кВт/сағ тұтынады. Егер бұл үрдіс жалғаса беретін болса, алдағы онжылдықтарда энергетикалық тапшылыққа тап болуымыз мүмкін. Бұл мәселені шешудің бір жолы ретінде ғалымдар атом электр станциясын салу қажеттілігін ұсынды, атом станциясы елімізге энергиямен тұрақты қамтамасыз етуге мүмкіндік береді және энергетикалық тәуелсіздікті нығайтуға ықпал етеді, - дейді Экологиялық кеңестің төрағасы Жеңіс Тұрғанов.

Кездесуге қатысушылар өздерінің сұрақтарын қойып, АЭС құрылысының елдің энергетикалық болашағына қосатын үлесі туралы кеңінен ақпарат алды. Халықтық штаб қоғаммен ашық диалог жүргізуді жалғастырады және алдағы уақытта да осындай кездесулер өткізуді жоспарлап отыр.

АЭС – еліміздің энергетикалық саясатының маңызды бағыты
Бізге АЭС ел болашағы үшін қажет
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу