Бізге АЭС ел болашағы үшін қажет

Oinet.kz 15-09-2024 26

Атом электр стансаларын салуды қолдау жөніндегі Халықтық штаб мүшелерінің сөзіне сенсек, бейбіт атом ел экономикасының өсіміне оң әсер тигізетін сенімді және тұрақты энергия көзі. 

Screenshot_29.jpg

Олардың пайымдауынша, АЭС жобасының аясында өнеркәсіп дамып, жаңа жұмыс орындары құрылады әрі қарапайым халықтың әл-ауқаты артады. Тіпті, АЭС құрылысы жүретін өлкенің инфрақұрылымы жетіліп, аймаққа мультипликативті әсерін береді. Сонымен қатар, АЭС-тің пайдалануға берілуі – елдегі ядролық технологияның дамуына да серпін сыйламақ. Нәтижесінде, көмірсутегі экспортына деген тәуелділік төмендеп, елдің энергетикалық тепетеңдігін әртараптандырудың реті келеді.

Қазығұрт ауданында болған халықтық штаб мүшелері осындай пікірде. Жалпы АЭС салу туралы республикалық референдумға халықтың белсенділігін арттыруға құрылған жұмысшы топ өкілдері аудандағы Қақпақ ауылындағы Мәдениет үйінде елдімекен тұрғындарымен кезесті. Жиында Amanat партиясы Түркістан облыстық филиалының төрағасы Алтынсары Үмбетәлиевке сөз берілді. Өз кезегінде ол АЭС салу мәселесі бойынша, сондай-ақ дамушы мемлекеттер АҚШ, Жапония, Франция, Ұлыбританияда тағы басқа бірнеше АЭС-ң қазіргі таңда жұмыс істеп тұрғандығын тілге тиек етті. АЭС артықшылығы тұрақты әрі ұзақ мерзімді энергия көзін қамтамасыз ететіндігін айтты. 

- Атом электр стансасы энергетикалық тәуелсіздігін қамтамасыз етудің пәрменді тәсілі. Әлемдік экономиканың көшбасшы елдері ондаған жылдар бойы бейбіт атомның энергиясын пайдаланып келеді. Сонымен қатар, көмір генерациясы арқылы алынған энергияны пайдалана отырып, өндірілген өнімдерге көміртегі салығы енгізілетінін де ұмытпауымыз керек. Бұл қазақстандық тауарлардың бәсекеге қабілетіне әсер етуі мүмкін. Сондықтан бізге ел дамуының кепілі болатын таза энергияның тұрақты әрі сенімді көзі қажет. Біз бәріміз бірігіп, Қазақстанның жарқын болашағы үшін осы маңызды шешімді қабылдауымыз керек, - деген штаб мүшелері басқосуда АЭС-тің қауіпсіздігі туралы да сөз қозғады. Олардың айтуынша, АЭС кұрылысын жобалау, салу және пайдалану кезіндегі барлық қауіпсіздік стандарттары МАГАТЭ тарапынан жіті тексеріледі.

Штаб мүшелері кездесуде 6 казанда өтетін АЭС салу жөніндегі референдумның Тәуелсіз Қазақстанның болашағы үшін стратегиялық маңызы зор екенін баса айтты. Әңгімелесу барысында олар АЭС салынған жағдайда еліміздің экономикалық жағдайы қалай өзгеретінін де жеткізді. Сөздерінше, мұндай стансаның ұзақ уакыт жұмыс істеуі электр энергиясының тұрақты тарифін қамтамасыз етеді. Сондай-ақ, олар Қазақстан 2060 жылға қарай көміртекті бейтараптық бойынша міндеттеме қабылдағанын еске салды. Яғни, көмір технологиясымен өндірілетін барлық тауарға косымша салық салынады. Демек, АЭС құрылысы қазақстандық өнімнің бәсекеге қабілетін күшейтеді. 

Ауыл тұрғыны Боранбай Толымбаевтың айтуынша, бүгінде барлық мемлекеттер үшін тұрақты және қауіпсіз энергиямен қамтамасыз ету стратегиялық мәселе болып табылады. «Халықаралық сарапшылардың пікірінше, елдің энергетикалық қауіпсіздігін тек атом энергетикасы арқылы қамтамасыз етуге болады. Өйткені дәстүрлі және жаңартылатын энергия көздері тұрақты өндіріс бере алмайды. Қазіргі таңда, Қытайда 50 жылу электр орталығы жабылуда. Соңғы екі жылда олардың энергия балансындағы үлесі 13 пайызға дейін қысқарды. Олар атомдық энергия блоктарымен ауыстырылады. Қазіргі уақытта атом электр станциясының үлесі 5 пайызды құрайды. Жақын арада оны 10 пайызға дейін арттыру жоспарлануда. Айта кету керек, Атом энергоблоктары электр энергиясын өндіріп қана қоймай, мегаполистердің жылыту жүйелерін және өнеркәсіптік кәсіпорындарды бу мен сутегімен қамтамасыз етеді. Сол үшін де бізге АЭС ел болашағы үшін қажет» дейді ауыл қариясы. 

Жиын соңында жиналғандар энергетикалық проблемаларды шешу және тұрақты дамуды қамтамасыз ету ісіндегі атом энергетикасының маңызын түсініп, АЭС құрылысына толық қолдау білдірді. 

АЭС – энергетикалық тәуелсіздікті нығайтуға ықпал етеді
Энергия алудың тұрақты әдісі – АЭС жобасы
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу