Энергия алудың тұрақты әдісі – АЭС жобасы

Oinet.kz 16-09-2024 22

АЭС салуды қолдау жөніндегі Сауран аудандық Халықтық штабының ауыл тұрғындары, түрлі сала өкілдері және еңбек ұжымдарымен жоспарлы кездесулері жалғасып жатыр. Аудандық Халықтық штаб төрағасы Сағынбек Асылбеков және штаб мүшелері Майдантал ауылдық округінің тұрғындарымен кездесті.

Screenshot_30.jpg

Кездесуде АЭС құрылысы энергия тапшылығын жою үшін сенімді және экологиялық таза қуат көзі екендігі, еліміздің ұзақ мерзімді энергетикалық даму стратегиясындағы маңызды элемент бола алатындығы туралы айтылды. Сондай-ақ кездесуде штаб мүшелері мамандарды даярлау, атом құрылысы және халықаралық шарттар туралы пікір алмасты. Айтуларынша, атом энергетикасы саласындағы жаңа технологиялар мен инновациялар өскелең ұрпақты жоғары білікті мамандар ретінде тәрбиелеуге және жаңа жұмыс орындарын ашуға ыкпал етеді. Бұл Қазақстанның ғылым мен технология саласындағы әлеуетін арттырып, білім беру сапасын жақсартады. Жалпы, жиында АЭС кұрылысының болашағы және оның ел өміріндегі маңызы туралы егжей-тегжейлі айтылды. 

Бұдан бөлек, жаһандық энергетикалық дағдарыс жағдайында Қазақстанның экологиясы мен болашағы мәселесіне ерекше назар аударылды, Шын мәнінде, қазіргі таңда электр қуатының тапшылығы еліміздің оңтүстік аймақтарында көбірек байқалуда. Ал, бұл мәселе уақтылы шешіліп, электр энергиясының жаңа көздері енгізілмесе, тапшылық жыл сайын өсе бермек. Осы ретте Мемлекет басшысының атом электр стансасын салу бастамасы экономикалық тұрғыдан ең тиімді шешім екені сөзсіз. Оның үстіне, алдағы онжылдықта әлемде энергетика саласында жағдай күрделенуі бек мүмкін. Бүгінгі күннің өзінде елімізде энергияға деген сұраныстың артуы уақыт өткен сайын артпаса, азаймай отыр. Өйткені, табиғи өсім мен экономиканың дамуы энергияға деген тұтынушылықты ұлғайтып келеді. Сондықтан, 100 жыл бойы желдің күшіне, күн белсенділігіне тәуелді емес, энергия алудың тұрақты әдісі – АЭС жобасы.

- Атом электр стансасын салу туралы шешім барлық ықтимал тәуекелдерді ескере отырып және ел мүддесіне толық сәйкес келетін болады. Сонымен қатар, атом энергетикасын дамыту Қазақстанның энергетикалық тәуелсіздігін нығайтуға және экономикалық өсу үшін тұрақты энергиямен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Бұл таза энергия көзі. Климаттың өзгеруі жаһандық қауіпке айналған жағдайда бұл қадам экономикалық қажеттілік қана емес, сонымен қатар қоршаған орта мен болашақ ұрпақ алдындағы жауапкершілігіміз. АЭС құрылысы мен пайдаланудың барлық кезеңдерінде қауіпсіздікке басымдық беріледі, - деді штаб мүшелері.

Сондай-ақ жиын қорытындысында штаб төрағасы Сағынбек Жақсыбекұлы өзіне дейін сөйлеген әріптестерінің ойын тұжырымдай келіп,     «Жыл сaйын элeктр қуaтын пaйдaлaну күннeн күнгe aртып кeлeді. Бұл көрсеткіш алдағы он жылда энергия тапшылығына алып келуі мүмкін. Осы бағыттағы мәселелерді шешу үшін қазірден бастап белгілі қадамдар жaсауымыз қажет. Сoндықтaн, oсы сaлaдaғы ғaлымдap, сарапшылар мен мамандар елімізде атом электр станциясын сaлудың қaжеттігін aйтып oтыp. Атом электр станциясын салу зaмaнның тaлабы. Aлпaуыт eлдep энeргияны осы дүниеден aлып, қoлдaнып oтыр. Oл біздің eлгe дe кeрeк», - дeді штаб төрағасы Сағынбек Жақсыбекұлы.

АЭС-тің бой көтеруі нәтижесінде болашақта энергия көздерінен ешқандай кедергіге тап болмасымыз анық. Бұдан бөлек, жаңа жұмыс орындары құрылып, аймақтардың инфрақұрылымын дамытуға мүмкіндік аламыз. Бұл жайында кездесуге қатысқан штабтың басқа да мүшелері айтып өтті.

Кездесу соңында ауыл тұрғындары өз ойларын ортаға салып, болашақ үшін қажет деген пікір білдірді.

Бізге АЭС ел болашағы үшін қажет
Сындарлы көзқарас танытып, ел игілігі жолында батыл шешім қабылдауымыз керек
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу