АЭС – тың мүмкіндіктерге жол ашады

Oinet.kz 14-09-2024 24

Облысымызға жұмыссапарымен келген Қазақстан Республикасы  Парламені Сенатының депутаттары, Халықтық штаб мүшелері  Әли Бектаев пен Дархан Қыдырәлі, Қадірбек Мұрат, Алишер Сатвалдиев бастаған және ядролық физика саласының маманы Әйгерім Бәймеш және Түлкібас аудандық қоғамдық штаб мүшелері Түлкібас ауданында болып, бірқатар еңбек ұжымдарымен кездесіп, АЭС салу мәселесі бойынша республикалық референдум өткізу тақырыбын талқылады. 

Screenshot_25.jpg

Халық қалаулылары өңірдегі ірі кәсіпорындардың бірі - «Майлыкент-Сүт» ауылшаруашылық өндірістік кооперативтің еңбек ұжымымен кездесіп, АЭС салу бойынша 6 қазанда өтетін Референдумға байланысты түсіндіру жұмыстарын жүргізді. 

Сенат депутатытары Мемлекет басшысының бастамасы «халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасына сай келіп отырғанын жеткізді. Бұл қадам еліміздің одан әрі дамуына жаңа мүмкіндіктер ашады. 

- Экономиканың қазіргі заманғы проблемаларының бірі – электр энергиясының тапшылығы. Өсіп-өркендеуді екі есеге арттыру жоспарын есепке алғанда электр энергиясына деген қажеттілік одан да маңызды бола түсуде. Энергия көздерінің сенімді болмауы ауыр зардаптарға әкелуі мүмкін. Атом электр стансасын салу кезінде халықтың пікірі ескеріледі. Бізге цифрлық технологияларды, жасанды интеллект пен өндірісті дамыту үшін қосымша энергия қажет. Қазақстанда атом электр стансасын салу осы мәселені орынды шешудің жалғыз жолы, - деді Сенат депутаты Әли Бектаев. 

Сөйтіп ол аталған кооператив мүшелеріне Қазақстанға АЭС салу не үшін қажеттігін түсіндірді. Қазіргі уақытта Қазақстанның энергетикалық секторы елімізде өндірілетін барлық электр энергиясының шамамен 70 пайызын қамтамасыз ететін көмір электр станцияларына аса тәуелді екенін айтты. «Алайда, бұл модель күрделі мәселелерге тап болуда.  Біріншіден, жұмыс істеп тұрған станциялардың тозу деңгейі жоғары, 70 пайызға жетеді. Екіншіден, елімізде электр энергиясын тұтыну жыл сайын 3 пайызға өсуде. Үшіншіден, Қазақстан 2060 жылға қарай көміртегі бейтараптығына қол жеткізуді қоса алғанда, жаҺандық экологиялық міндеттемелерді өзіне жүктеп отыр. Сонымен қатар, көмір жобаларын қаржыландыру да экологиялық шектеулерге байланысты күрделене түскен» деп ел көкейіндегі басты сауалдарға тарқата жауап берді.   

Жалпы, Энергетика министрлігінің болжамдары бойынша 2035 жылға қарай Қазақстанда электр энергиясын тұтыну 152,4 миллиард кВт/сағ құрайды деп күтілуде. Бұл ретте жұмыс істеп тұрған электр станциялары небәрі 135 миллиард кВт/сағ қамтамасыз ете алады. Бүгінде электр қуатының тапшылығын Ресейден келетін ағындар жауып отыр. Бұл энергнетикалық тәуелділікке және елдің энергетикалық нарығының қауіпсіздігінің төмендеуіне әкеледі. Сондықтан, ең алдымен энергия тапшылығын болдырмау үшін Қазақстанға АЭС салудың маңызы жоғары. 

«Чернобыль және Фукусима сияқты апаттардың қайталану қаупі қандай және атом электр станцияларын пайдалану кезінде адами қателіктердің ықтималдығын азайту үшін қандай шаралар қабылдануда?» деген ұжым қызметкерлерінің қойған, әрі жиындарда жиі кездесетін сұраққа сенат Депутаты Дархан Қыдырәлі байыпты жауап қатты. 

Ол 1986 жылы Чернобыль атом электр станциясында және 2011 жылы Фукусима – 1 атом электр станциясында болған  апаттардан алынған сабақтар және  басқа да оқиғалар жаңа реакторларды жобалау кезінде  ескерілетіндігін, әлемнің барлық елдерінің назарына дереу жеткізілгендігін және осы апаттардың әсерінен атом энергетикасының қауіпсіздігі жаңа деңгейге көтерілетінін айтты.

- Бүгінгі қоғамда үлкен резонанс туғызып, халық ойын сан-саққа жіберген АЭС салу мәселесінде жалған ақпаратқа сенбеулеріңізді сұранамыз. Әлеуметтік желілерде АЭС тұрғысында шетелдердегі оқиғаларды мысалға алып, Семей сынақ алаңында болған жарылыспен салыстырып, ойдан өтірік сөз өрбітіп жүрген бейнематериалдар толып жатыр.

Егер елімізде атом электр стансасы салынатын болса, бірнеше мәселе өз шешімін табатын еді. Жұмыссыздар екі қолға бір күрек тауып, жұмыспен қамтамасыз етіледі. Станса аумағында елге керекті ғимараттар тұрғызылады. Мемлекетімізде бұл бағыт бойынша маман тапшылығы да орын алмайды. Себебі еліміздегі төрт бірдей жоғары оқу орнында «Ядролых физика», «Атом энергетикасына арналған материалдар», «Ядролық физика және атом энергетикасы» мамандықтары бойынша сабақ берілуде, - деді Дархан Қыдырәлі.

«Майлыкент-сүт» ауылшаруашылық өндірістік кооперативінің директоры Нияз Сауытбеков ұжым атынан сөз сөйлеп, қолдау білдірді. «АЭС салу арқылы энергияға тәуелділіктен арылатын уақыт келді. Кәсіпорын басшысы ретінде айтайын, өндірісіміздің толыққанды жұмыс істеп, халықты сүт өнімдерімен толыққанды қамтамасыз етіп тұру үшін электр энергиясының үздіксіз беріліп тұрғаны бізге ауадай қажет. Жарық өшсе жұмысымыз тоқырайды әрине. Мемлекет басшысы халықпен бірлесіп шешеміз деп алдымызға жақсы мүмкіндік ұсынып отыр. Энергия тапшылығын болдырмау үшін біз ұжымымызбен бұл маңызды бастаманы қолдаймыз», - деді ол.

Штаб мүшелері атом электр станциясын салған жағдайда энергия тапшылығынан құтылумен қатар, инфрақұрылым дамып, жаңа жұмыс орындары ашылып, жаңа нысандар бой көтеретінін, ел экономикасы көтерілетінін айты. Жас ғалым Ә.Бәймеш те сөз кезегінде: «АЭС салынған жағдайда біз секілді мамандар жұмыспен қамтылады. Энергияға тәуелділіктен арылумен бірге экономикалық-әлеуметтік жағдайымыз жақсарады, технологиялық прогреске жол ашылып, әлемдік аренадағы беделіміз артады» дей келе, көпшілікті ел тарихындағы маңызды қадамға қолдау білдіруге шақырды. 

Халықтық штаб мүшелері «Кас-Бетон» ұжымын референдумға қатысуға шақырды
Бейбіт атом – ел экономикасының өсіміне оң әсер тигізетін сенімді және тұрақты энергия көзі
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу