Қошановтың Исмоиловтан не артықшылығы бар?
20-11-2024
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты биылғы Жолдауының мән-маңызы өзгерек. Өйткені мұнда еліміздің әлеуметтік-экономикалық-дамуының бағыт-бағдары ғана айқындалып қоймай, стратегиялық маңызы зор шешімді көпшіліктің талқысына салу қажеттігі айтылды. Көптен
бері сөз болып жүрген Қазақстанда атом электр стансасын салу мәселесі биыл 6 қазандағы жалпыхалықтық референдумда шешілмек. Осылайша Мемлекет басшысы кезекті рет ел болашағына қатысты аса маңызды шешім шығаруда Қазақстан халқының пікіріне құлақ асуды жөн санады. Бұл Қасым-Жомарт Кемелұлының Президент қызметіне кіріскен сәттен ұстанып келе жатқан «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасының жарқын мысалы.
Бүгінде республикамызда құрылған Халықтық штаб мүшелері Президентіміздің 6 қазанда жалпыхалықтық референдумда қаралатын АЭС салу бойынша түсіндіру жұмысарын жүргізіп келеді. Жақында Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттары және республикалық Халықтық штаб мүшелері Әли Бектаев, Дархан Қыдырәлі, Алишер Сатвалдиев, Қадірбек Мұрат және Аmanat партиясы Түркістан облыстық филиалының төрағасы Алтынсары Үмбетәлиев бастаған топ Түркістан облысының біраз өңірлерін аралап, халықпен кездесулер өткізді. Сол кездесудің бірі Түлкібас ауданындағы «Кас-Бетон» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде болып, штаб мүшелері серіктестік ұжымымен кездесіп, АЭС салу бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Серіктестік жұмысшыларымен болған жиынды Түлкібас аудандық қоғамдық штаб төрағасы Ержан Жүнісов ашып, жүргізіп отырды. Кездесуде ҚР Парламенті Сенатоның депутаты Дархан Қыдырәлі АЭС салудың маңыздылығы, қоршаған ортаға әсері, экономикалық дамуға әсері жөнінде тарқата айтты.
- Осыдан 2 жыл бұрын азаматтарымыз еліміздегі іргелі саяси-құқықтық реформалардың ізашары саналған Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізуге қатысты таңдау жасаған еді. Бұл жолы келешектегі энергетикалық қауіпсіздігіміз бойынша стратегиялық маңызы зор шешім қабылдауға атсалысқалы тұрмыз. Кеңес одағы тұсындағы Семей полигонында жасалған сынақтар мен Чернобыль атом электр стансасындағы апат бізді бұл салаға асқан сақтықпен, тіпті үреймен қарауға мәжбүр етті. Дегенмен уақыт бір орында тұрмайды. Соған сай ғылымның өзге салаларымен бірге атом өнеркәсібі де қарыштап дамып келеді. Оған қоса атом электр стансаларының соңғы буыны энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етумен бірге экологияны сақтау мүмкіндігіне ие.
Уақыт өткен сайын энергия тапшылығы және энергияға тәуелділік Қазақстанның өзекті мәселесіне айналатын түрі бар. Мысалы, 2023 жылы Қазақстан Ресейден шамамен 100 миллиард теңгеге 3,4 миллиард кВт/сағат электр энергиясын импорттаған. Электр энергиясын сатып алудың орташа көтерме бағасы 1 кВт/сағат үшін шамамен 2 теңгені құрады. Белгіленген жоспардан тыс сатып алу кезінде құн екі есеге артады. Бұл оның қымбаттығына байланысты соңғы тұтынушылары тұрғындар мен бизнеске кері әсерін тигізеді.
Жалпы, атом электр станциясының құрылысы Қазақстанның энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қажетті қадам ғана емес, сондай-ақ, төмен көміртекті экономикаға жаҺандық көшу жағдайында елдің экономикалық және әлеуметтік дамуының маңызды факторы. Атом электр станциясы Қазақстанға қазіргі энергетикалық мәселелерді шешуге және болашақта тұрақты дамуды негізін жасауға көмектеседі, - дейді Дархан Қыдырәлі.
ҚР Парламенті Сенатының депутаттары, штаб мүшелері Әли Бектаев мен Дархан Қыдырәлі де АЭС жайында ғалымдардың, мамандардың зерттеулеріне сүйене отырып, өз білген-түйгендерін ортаға салды. Атом электр станцияларын салудың заманауи ұсынылып отырған технологиялары халықаралық стандарттарға сәйкес келетінін, әлемдік тәжірибе мен МАГАТЭ ұсынымдарына сүйене отырып, қазақстандық тарап әйгілі француздық Assystem инжирингтік компаниясы бекіткен технологияларды бағалаудың өзіндік жүйесін әзірлегенін тұрғындарға егжей-тегжейлі түсіндірді.
«Біріккен Ұлттар Ұйымының Климаттың өзгеруі жөніндегі негіздемелік конвенциясына сай Қазақстан 2030 жылға қарай парниктік газдардың шығарындыларын 15 пайызға азайтуы керек. Ғаламдық ұйымның аталған талабын орындау үшін жылу электр стансаларын атом электр стансаларына ауыстыру – заман талабы.
Бұл мәселенің экологиялық салдарымен бірге экономикалық астары да бар. Бүгінде адамзат өміріне дендеп енген технологиялық прогресс электр қуатына деген сұранысты еселеп арттырды. Қазір ұялы телефонды қуаттаудан бастап, ірі өндіріс орындарының қалтқысыз жұмыс істеуі үшін электр энергиясы ауадай қажет. Сондай-ақ бірер жылда электрлі көліктерді пайдалану қалыпты жағдайға айналады. Демек, электр қуатына сұраныс тіптен ұлғая түседі. Мамандар 2030 жылға қарай еліміздегі электр қуатына қажеттілік 28,2 гигаватты құрайтынын болжап отыр. Қазірден сұранысты өтеудің камына кіріспесек электр қуатының тапшылығы экономикамызға кері әсер етуі мүмкін» деген депутаттар өз кезегінде АЭС бойынша толық ақпарат берді.
Жалпы жиынға қатысушылар бүгінде13 жоба зерттелгенін, қауіпсіздігі жоғары 4 буын ІІІ+ реакторлары таңдалғанынан хабардар болды. Ядролық физика саласының жас маманы Әйгерім Бәймеш те тұрғындар алдында АЭС жайында сөз сөйлеп, ұжым мүшелерімен пікірлесті.
Жиынға қатысушылар өз ойларын ортаға салып, халықтық штаб мүшелеріне өздерін алаңдатқан сұрақтарды қойып, жауаптар алды. Халықтық штаб мүшелері азаматтарды 6 қазанда өтетін референдумға ұйымшылдықпен қатысып, өз таңдауларын жасауға шақырды.