Қошановтың Исмоиловтан не артықшылығы бар?
20-11-2024
АЭС-ті қолдау жөніндегі Халықтық штаб өкілдері Түркістанда әлеуметік сала қызметкерлерімен кездесті. Электр қуатын шамадан тыс пайдалану салдарынан бүгінде халықтың көп шоғырланған жерлерінде электр қуатының тапшылығы сезілуде. Сәйкесінше жаһандық даму кезеңінде озық технологияларды, шетелдік тәжірибелерді елімізде іске асыру мәселесі өзектілігін жоғалтпай отыр. Бірақ жаһандық жылынуды болдырмау үшін 2050 жылдарға қарай жасыл энергияға қол жеткізу маңызды.
Кездесуде Халықтық штаб мүшелері Н.Абишов, З,Қамбарова және М.Бекбаев 6 қазанға тағайындалған жалпыұлттық референдум жайымен таныстырып, елімізде АЭС салу маңызына тоқталды.
- Қазіргі уақытта Қазақстанның энергетикалық секторы елімізде өндірілетін барлық электр энергиясының шамамен 70 пайызын қамтамасыз ететін көмір электр станцияларына аса тәуелді. Алайда, бұл модель күрделі мәселелерге тап болуда. Мәселен, жұмыс істеп тұрған станциялардың тозу деңгейі өте жоғары, екіншіден, елімізде электр энергиясын тұтыну жыл сайын 3 пайызға өсіп отыр. Сонымен қатар, көмір жобаларын қаржыландыру да экологиялық шектеулерге байланысты күрделене түсуде. Бұл мәселелер болашақта бір жақты шешіледі деп сенеміз. АЭС құрылысы елдің энергетикалық қуатын арттырудың алғы шарты болмақ, - дейді Н.Абишов.
Сала өкілдері АЭС жайлы оң пікірлерін білдіріп, жасыл энергияны бірауыздан қолдайтынын жеткізді.
«Жер бетін мекен етіп жатқан мемлекеттер дүниежүзілік қалыптасқан қағида бойынша дамыған елдер немесе жетекші елдер және дамушы елдер болып саналады. Елдің халқы, билігі мен салық жүйесі ол мемлекеттердің бірден-бір ерекшелігі болып есептеледі. Осы реттен алғанда, дамушы елдердің дамыған елдер қатарына қосылуға ұмтылысы, өркениетке талпынысы заңдылық. Біз де өзіміздің дербес, тәуелсіз мемлекетіміздің дамыған елдер қатарынан табылуын қалаймыз. Қазір елімізде үлкен өзгерістер жүріп жатыр. Қоғамымызда дамуға ұмтылған елдердің алғышарттарының бәрі қалыптасуда. Бүгінгі таңдағы өзекті тақырыптың бірі АЭС мәселесі. Мемлекетіміздің экономикасының қарыштап дамуына зор ықпал ететін атом электр стансасының дәл қазіргі уақытта аса қажеттілігі туындап отырған жағдайда халқымыздың алдында үлкен таңдау тұр. Бұл Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жасаған мүмкіндік. Президентіміздің бастамасымен 6 қазан күні елімізде өткелі отырған референдум халықтың ашық та әділ көзқарасы мен өзіндік ұстанымдарының дәрежесін көрсететін болады деп есептеймін», - дейді З,Қамбарова.
Шын мәнінде, атом электр стансасын салу тек дамыған елдердің ғана іске асыра алатын жоспары. Ал, әлеуеті төмен мемлекет атом мәселесіне дендеп кіре алмайды. Біздің Қазақстанымыздың әлеуеті осы мақсатқа сай.
АЭС болашақта біздің халқымызды, жас ұрпақты технологиялық, экономикалық, экологиялық, әлеуметтік және геосаяси тұрғысынан жаңа деңгейге көтереді.
- Бүгінгі күнде атом өнеркәсібінде 15 мыңнан аса азамат еңбектенуде. Қазір біздің әлемдегі келбетіміз энергетикалық ресурстарға бай, мүмкіндігі мол, мұнай газ саласын мықты игерген, әлеуетті жас, дамушы мемлекет бейнесіне лайық. Айталық, дүние жүзіндегі дамушы елдер азық-түлік өнімдерінің тапшылығынан зардап шегіп, «қарын философиясымен» алысып, күн өткізуі мүмкін. Ал, дамыған, жетекші елдердің мүддесі өз болашағына, алға қарай дамуына мән беріп, жоспарлы техникалық жаңалыққа бағытталады.
Сондықтан, біз үлкен мүмкіндіктер алдында тұрған елміз. АЭС кұрылысын салуды қолдау болашақтың жоспарын нығыздап бекіту деген сөз.
Келешек жас ұрпағымыз жасанды интеллектіні еркіне бағындырған, жоғары интеллектуалды сатыға шығып, әлемнің барлық жерінде бәсекеге қабілетті болсын десек, олардың ең алдымен атомды игеруі, атомдық энергетикалық реакторларды жетік меңгеруі өте маңызды. Өзім алдағы референдумда дауыс бере отырып, болашаққа, еліміздің дамуына, жастарымыздың әлемдік бәсекелестікке қабілетті болуына инвестиция жасаймын деп сенемін. Әлемнің қозғаушы, дамытушы күші ғылым мен жаңа технология. 6 қазан күні біз болашаққа дауыс бергелі тұрмыз, осыны нақты түсінген замандастарымды референдумға бір ауыздан қатысуға шақырамын, - дейді дейді З,Қамбарова.
«Жаңа өнеркәсіп салудың, заманауи технологияны меңгерудің, озық өнім түрлерін шығарудың қуат көзін барынша қажет ететінін, бұл қажеттілік жыл санап арта түсетінін сараптаған абзал. Осы орайда уранның отын ретінде көп жұмсалмайтынын, көп шығынды талап етпейтінін, бірақ басқалардан гөрі энергияны көп беретінін есепке алып, елде электр энергиясының тапшылығын түбегейлі жою үшін атом электр стансасын салу керек деп санаймын. Дана халқымыз «Кеңесіп пішкен тон келте болмайды» деп айтқандай, алдымызда тұрған шешуші сәт – референдумға белсенді түрде қатысып, Мемлекет басшысының бастамасын қолдау» дейді штаб мүшесі М.Бекбаев.