Қошановтың Исмоиловтан не артықшылығы бар?
20-11-2024
Атом электр стансасы – электр энергиясын өндіру көзі. Елдің энергетикалық қауіпсіздігі – мемлекет экономикасының тұрақты дамуының және тұрғындардың сапалы өмірінің кепілі. Қазақстанда атом электр стансасын салу мәселесін энергетиктер бірнеше жылдан бері талқылап келеді. Президент тапсырмасына сәйкес, бүгінде Халықтық штаб өкілдері өңір-өңірлерде атом энергетикасын дамыту мен атом электр стансасын салу жайында кездесулер ұйымдастыруда. Мақсаты – АЭС туралы жан-жақты ақпарат беру, тұрғындардың пікірін есту, олардың көкейкесті сауалдарына жауап беру.
Кеше Amanat партиясы облыстық филиалының төрағасы Алтынсары Үмбетәлиев бастаған АЭС салуды колдау жөніндегі облыстық Халықтық штаб мүшелері қала және аудан тұрғындармен бірқатар кездесулер өткізді. Штаб мүшелері әуелі облыстық аурухана, наркологиялық диспансерінің ұжымымен кездесті. Жиында Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2 қыркүйек күні халыққа арнаған «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Жолдауының әрбір бағытын кеңінен талқылап, 6 қазан күні өтетін атом электр станциясын салу жөніндегі референдумның маңызы кеңінен айтылды.
- Жалпы, біз қазіргі танда біліктілік заманында өмір сүріп жатырмыз. Сол себепті, өзіміздің индустриямыздың да болуы аса маңызды. Өзге жұрттың кәсіби имамандарымен басекелестікке түсе алатын мамандар болуы тиіс. Сондықтан, атом электр стансасы отандық ғылымның дамуына зор үлес қосады деп есептеймін, - деді Алтынсары Үмбетәлиев.
Бұдан кейін, Түркістан қаласындағы №5 аумақ тұрғындарымен кездесуде штаб мүшелері осынау жауапты да күрделі мәселеге қатысты өз ойларын ортаға салды. Үгіт-насихат жұмысы барысында жұртшылыққа бұл бастаманынң еліміздің экологиялық қауіпсіздігі мен экономикалық тиімділігіне, сондай-ақ отандык энергетика саласындағы стратегиялық мәніне баса мән берілетіні сөз болды. Штаб мүшелері АЭС салу елімізді энергияға деген тәуелділіктен арылтып қана қоймай, оның әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсартуға серпін беретінін алға тартты.
Қандайда болмасын тың бастамаларды бастамас бұрын сарапшылардың пайымды пікірлерін басшылыққа алатынымыз ақиқат. Мемлекет басшысы АЭС салу туралы бастама көтерерде сарапшылардың ойын назарға алып, шешімді халықтың өзіне тапсырып отыр. Жалпы, сарапшылардың айтуынша, экономикамыздың тұрақты дамуы үшін генерация саны өсуі керек. Жоспар бойынша Қазақстанның 2030 жылға дейінгі генерациясын екі есе ұлғайту мәселесі тұр. Сол бойынша бірқатар жұмыс істеліп жатыр. Оған газ қондырғыларын салу, ЖЭО-ларды жаңарту кіреді. Оның ішінде, АЭС салу да бар. Экономикада АЭС ең арзан және қоршаған ортаға зияны аз технология, деді штаб мүшесі З,Қамбарова.
Сондай-ақ, бұл күні штаб мүшелері қаладағы индустриалдық аймақ және қалалық №7 емхананың, Әлфараби атындағы кітапханасының қызметкерлерімен жүздесті. Іс-шара барысында атом электр станцияларының 999Fri қарапайым тілмен түсіндірілген олар АЭС салу елімізді энергияға деген тәуелділіктен арылтып қана қоймай, оның әлеуметтік- экономикалық жағдайын жақсартуға серпін беретінін алға тартты. Штаб мүшелері өз сөздерінде атом электр станцияларының қоршаған ортаға зияны жоқ екенін, керісінше, бұл жобаның экологиялық тұрғыда қауіпсіз екенін баса айтты.