АЭС салуда дұрыс таңдау жасаудың ерекше маңыздылығын жан-жақты түсіндірді

Oinet.kz 04-09-2024 29

Қоғамда АЭС құрылысы жобасына қатысты әртүрлі пікірлер айтылып жатыр. Атом энергетикасы саласындағы мамандар мен ғалымдар оны салу ел экономикасының дамуы мен халықтың әлеуметтік жағдайының жақсаруына алып келеді деген пікірлерімен бөлісуде. Халық штаб мүшелері Түркістан қаласында орналасқан Мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығында болып, бөлім қызметкерлерімен кездесті. 

Screenshot_7.jpg

Жиынға Халықтық штаб мүшелері Н.Абишов, З,Қамбарова және Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Түркістан облысы бойынша департамент басшысы А.Наурызбаев ажәне Ведомствоаралық жұмыс тобының мүшесі, «Бітімгерлер» медиаторлар қоғамдастық бірлестігінің төрағасы Б.Бейсембаев қатысты. 

- Экономист ретінде өз жеке пікірімді айтар болсам, АЭС салу – бұл еліміздің экономикалық тұрақтылығын дамытуға бағытталған маңызды қадам болмақ. Мемлекет басшысы Қасым- Жомарт Тоқаев «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына Жолдауында: «Қазір әлемде энергия тапшылығы күшейіп барады. Елімізге сенімді және экологиялық таза куат көздері аса қажет. Сондықтан біз атом энергетикасын дамытуға баса мән беруіміз керек деп ойлаймын. Себебі, экономикамыз күн өткен сайын мол энергияны қажет етуде. Мұндай сұранысты атом энергетикасы қамтамасыз ете алады. Қазір дамыған және дамушы 30 мемлекетте 200-ге жуық атом электр стансасы жұмыс істеп тұр. Біз еліміздің өзіне тән ерекшелігін және ұзақ мерзімге арналған ұлттық мүдделерімізді ескере отырып, тек алға қарай жүруіміз қажет. Бір сөзбен айтсақ, болашақты ойлауымыз керек. Сондықтан мен атом электр стансасын салуға қатысты барынша шешім қабылдау кажеттігін ұдайы айтып келемін. Стратегиялық жоспарларды қоғамда кеңінен талқылау керек деп санаймын, - дейді Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Түркістан облысы бойынша департамент басшысы А.Наурызбаев.

Ел өміріндегі әрбір маңызды қадам жұртшылықпен бірлесіп жасалуға тиіс. Атом электр стансасы туралы референдумға қатысты да Президент тарапынан дәл осылай болып отыр. 

- АЭС салуда дұрыс таңдау жасаудың ерекше маңыздылығын жан-жақты түсіндірді емес пе? Егер АЭС салудың еліміздің экономикасының дамуына тигізер онды әсерлерін санамалар болсақ, аз еместігіне көз жете түседі. Солардың ең бастылары энергиямен қамтамасыз етудің тұрақтылығына қол жеткізу, импорттық энергия ресурстарына тәуелділіктің және көмір мен газға тәуелділіктің азайтылуы, жаңа жұмыс орындарының ашылуы арқылы АЭС орналаскан аймақтың экономикалық дамуына серпін берілуі. Ал, АЭС-тің қауіпсіз жұмыс істеуіне жету ерекше маңызды мәселе. Бұл үшін Қазақстан жаңа АЭС-ті Халықаралық атом энергиясы агенттігінің зерделеуінен өткен заманауи технологияларды енгізу арқылы салып, оның қауіпсіздігін қамтамасыз ете алады. Әрі оның құрылысын жүргізу дамыған елдің тәжірибесі мол компаниясына сеніп табысталады деп ойлаймын. Сондықтан алдағы референдумда отандық энергетикалык жүйені жетілдіруді, сол арқылы еліміздің экономикалық тұрақтылығын нығайтуды, халықтың әл-ауқатын жақсартуды қолдап дауыс беретін боламын, - дейді «Бітімгерлер» медиаторлар қоғамдастық бірлестігінің төрағасы Б.Бейсембаев.

Басқосуда штаб мүшелері АЭС салудағы ең маңызды мәселе – еліміздің энергетикалық әлеуетін қамтамасыз ету екенін жеткізді. Сондай-ақ, олар бүгінгі күні мемлекетімізде электр қуатының тапшылығы сезіліп жатқанын тілге тиек етіп, ал электр энергиясына деген қажеттілік жылдан-жылға өспесе, кемімейтінін түсіндіріп, осы жылдың 6 қазанында өтетін АЭС салу жөніндегі референдумда дұрыс шешім қабылдауға шақырды.

Атом электр стансасы – электр энергиясын өндіру көзі
Штаб мүшелері Мақтааралдықтармен кездесті
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу