Тассай суының денсаулыққа пайдасы мол

Oinet.kz 20-09-2024 85

1_201412230512531419335993.9913.jpg

Сайрамда ауданының табиғаты өте әсем. Түркістан облысындағы табиғаты жанға жайлы аудандардың бірі де осы Сайрам. Себебі ауданның жанында тау, өзен-көлдер көп. Сол себепті де Сайрамда шағын және орта кәсіпкерлік, туризм ісі жақсы дамыған. Кез-келген жерде су – тіршілік көзі екендігі белгілі. Адамдардың барлығы күнделікті ауыз су тұтынады. Себебі су – өмір нәрі. Сондықтан да Сайрамда су өндірісі де жолға қойылған. Ауданда су шығаратын кәсіпорындар көп. Соның бірі – «Юникс» компаниясы. 

Юникс - алкогольсіз сусындар, минералды сулар және басқа бөтелкедегі суларды өндірумен айналысатын компания. 2000 жылы тірлкеген бұл компанияда бүгінде 500-ге жуық жұмысшы жұмыс істейді. Компанияның брендтері - Tassay, Tastea, Holiday, Kazakhstan Cola. Яғни, дүкен сөрелерінде толып тұратын Тассай су осы компанияның өнімі. «Юникс» компаниясы Тассай суымен тек ауданды емес, бүкіл республиканы сапалы ауыз сумен, минералды сумен қамтып отыр. Тассай суына деген көпшіліктің көзқарасы өте жылы. Олар судың сапасының жоғары екендігін айтып, оны ылғи тұтынатындарын айтады. Себебі бұл су жер астынан тартылған судан бөтелкеге құйылады. Құрамында ешқандай химиялық қоспа жоқ. Бәрі табиғи. Сондықтан да ширек ғасырдан бері тұтынушыларын жоғалтпай, жоғары деңгейде жұмыс істеп келеді.  Тассай суы Арыс-Бадам жер асты сулары кен орнының №1, 2, 0920 артезиан ұңғымаларынан итальяндық өндіріс сорғылары арқылы алынады. Ол фильтрлеуден, ультракүлгін сәулелермен өңдеуден, озонизациядан және SIPA (Италия), SIDEL (Франция) заманауи жабдықтарында бөтелкеден өтеді. TASSAY суындағы элементтердің әрқайсысы пайдалы. Мысалы, судың құрамындағы бикарбонаттар ағзадағы рН балансын қалыпқа келтіруге және ақуыз және көмірсулар алмасуын жақсартуға, сондай-ақ асқазан-ішек жолдарының ауруларының алдын алуға көмектеседі.

Жалпы, «Юникс» компаниясының қызметінің негізгі бағыттарына тоқталсақ, алкогольсіз сусындар өндіру, минералды суларды өндіру, басқа бөтелкедегі суларды өндіру, басқа электр станцияларының электр энергиясын өндіру, дербес қазандықтармен жылу энергиясын өндіру, дүкендерде сусындардың көтерме саудасымен айналысады. 

«Юникс» келесі өнімдерді шығарады: мұзды шай, ауыз су, лимонад, Терминатор энергетикалық сусыны, Қазақстан кола сусыны.

«Юникс»  кәсіпорны Krones, Krupp және Siemens жабдықтарымен жабдықталған. Яғни соңғы үлгідегі технологиямен жабдықталғандықтан, олар өнімді тез өндіреді. Жұмыстары жылдам және жемісті. 500 адам тұрақты түрде жалақы алып, отбасыларын асырап отыр. Кәсіпорынның мемлекет қазынасына құйып отырған салығы да айтарлықтай. Кәсіпорын жергілікті әкімдіктің қолдауының арқасында аяқтан тұрып, қазіргі үлкен деңгейге жеткен. Мемлекет әрқашан мұндай ірі кәсіпорындарға демеу беруге дайын. 

Кәсіпорынның марапаттары мен жетістіктеріне тоқталсақ, 2012 жылы «Юникс» PRODEXPO STAR сыйлығымен марапатталды. Ал 2014 жылдың қорытындысы бойынша алкогольсіз сусындар нарығында 2-ші орында.

Жылына 18 мың тонна күнбағыс майы өндіріледі
Сайрамдық кәсіпорын үшінші мегаполистің 42 пайыз тұрғынының сұранысынын өтеуге қауқарлы
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу