Сайрамдық кәсіпорын үшінші мегаполистің 42 пайыз тұрғынының сұранысынын өтеуге қауқарлы

Oinet.kz 20-09-2024 1029

Screenshot_1.jpg

Құс шаруашылығы әрқашанда сұраныста болады. Оған деген сұраныс ешқашан жоғалмайды. Себебі құс еті қолжетімді. Оны көптеген адамдар сатып ала алады. Және барлық адамның ас рационында жұмыртқа бар. Жұмыртқаны халық таңғы асқа жиі пайдаланады. Осы орайда Сайрам ауданында құс шаруашылығы көп. Көптеген жеке кәсіпкерлер құс шаруашылығымен айналысып, одан табыс тауып отыр. 

Сайрамда осы шаруашылықты шағыннан орта деңгейге шығарған кәсіпкерліктер аз емес. Соның бірі – «АйМар Құс» фабрикасы. «АйМар Құс» құс фабрикасы, оның негізгі қызметі жұмыртқа өндіру және құс өсіру болып табылады. 2021 жылы ашылған «АйМар Құс» компаниясының басшысы Файзахмат Нұрметовтың айтуынша, мұнда қазір жұмысшылар саны 50-ге жуық адамды құрайды. Компанияның бренді - AiMar Kus. 

AiMar Kus қызметінің негізгі бағыттары: тауық жұмыртқасын өндіру; құс шаруашылығы; құс етін өндіру; дайын құс азығын өндіру. «АйМар Құс» құс фабрикасы жылына 72 миллион дана жұмыртқа өндіреді. Олар тек Сайрам ауданын ғана қамтып қоймай, Шымкент қаласы тұрғындарының жұмыртқа өнімдеріне деген жалпы сұранысының 42 пайызын өндіруге қауқарлы. Жалпы ел ішінде жұмыртқаға деген сұраныс көп екендігін айттық. Жұмыртқаны қайнатып я қуырып жеу арқылы асқазанды ғана емес, бар ағзаны пайдалы элементтер мен дәрумендермен толтыруға болады. Құрамындағы аққуыз, йод, фосфор, селен т.с.с. элементтер созылмалы аурулардың алдын алады. Сондай-ақ, оның құрамында А, В, Д, Е дәрумендерінен бастап, бас-аяғы 13 дәрумен кездеседі. Жұмыртқада калорий аз. Бір жұмыртқаның құрамында орта есеппен 76 калорий ғана бар. Ал майлылығы небәрі 10%. Жұмыртқа ағзадағы холестерин мөлшерін төмендетіп, жүрек, жүйке және онкологиялық аурулардың пайда болуына жол бермейді. 

Көптеген диеталардың мәзірінде жұмыртқа кездесіп жатады. Себебі, оның арқасында артық салмақтан арылуға және салмақты бір қалыпты ұстауға болады. Тырнақ, шаш өсімі мен көздің көруін жақсартамын, тістерім маржандай таза, сүйектерім мықты болсын десеңіз, ас мәзіріңізге жұмыртқаны қосыңыз. Жұмыртқа ағзаны түрлі инфекциялардан қорғап, иммунитетті күшейтеді. Жұмыртқа бет күтіміне де пайдалы. Бір жұмыртқа мен бір ас қасық балды араластырып, бетіңізге жағып, 15-20 минут жатып демалыңыз. Кейін жылы сумен шайып жіберіңіз. Бетіңіздің тазарып, нәрленіп, терінің тартылғанын аңғаруға болады. Жұмыртқаның сарысын шашыңызға жағып, 1-1,5 сағаттан кейін жылы сумен жуып жіберіңіз. Бұл ем шашыңыздың жылтыр болып, алдағы күндері ұштанбауына жол ашады.

2026 жылға дейін «АйМар құс» құс фабрикасы құрылысының екінші кезеңін – 8 тауық жұмыртқалайтын цех пен бір жас төл өсіру цехын кезең-кезеңімен жүзеге асыру жоспарлануда.

Тассай суының денсаулыққа пайдасы мол
Сайрамдық консерві өнімдер шетелде сұранысқа ие
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу