Жылына 18 мың тонна күнбағыс майы өндіріледі

Oinet.kz 15-09-2024 577

Screenshot_1.jpg

Сайрам ауданында өз кәсібін жолға қойған жеке кәсіпкерлер өте көп. Сайрамда ашылған кәсіпкерліктер көбінесе ісін дөңгелетіп алып кетеді. Ашыла салып жабылып қалу деген жоқ. Себебі ауданда кәсіпкерлерге жасалатын жағдай өте жоғары. Мемлекет тарапынан кәсіпкерлерге аяқтан тұрып кеткенше қолдау көрсетіледі. Бүгінде Сайрамда кәсібі тек егесіне емес, тұтас аудан, облыс қазынасына салық, жалақы арқылы пайда келтіріп жеке кәсіпкерлер, өндіріс орындары өте көп. Соның бірі - «Шығыс-Нұр». Бұл кәсіпорын майлы дақылдарды өңдеумен және өсімдік майын өндірумен айналысады.

«ВостокАгроХолдинг» холдингінің құрамына кіретін бұл кәсіпорын бүгінде ауданда 15 адамды жұмыспен қамтып отыр. Кәсіпорын негізінен майлы дақылдарды өңдеу, шикі өсімдік майын өндіру ісімен айналысатынын айттық. «Шығыс-Нұр» келесі өнімдерді шығарады: тазартылмаған күнбағыс майы, күнбағыс және торт, күнбағыс қабығы. Күнбағыс майы бүгінге сұранысқа ие. Оны көптеген салаларда пайдаланады. 

Жалпы көптеген қолжетімді майлардың арасында күнбағыс майы ең пайдалы түрлердің бірі деп айтуға болады. Соя, жүгері майлары пайдасы жағынан күнбағыс майының артында тұр. Оның құрамындағы қанықпаған майлы қышқылдар, майда ерігіш А, В, Е және F дәрумендер мен минералдар бар. Күнбағыс майы адамға күнделікті қажет, бірақ ағзаның өзі шығармайтын пайдалы заттарды береді. F дәрумені теріміздің жағдайын жақсартып, қан тамырларының беріктігін арттырады, гормондар синтезін реттеп, иммунитетті жақсартады. Қан айналымын дұрыстап, атеросклерозға қарсы тұрып, ағзадан артық холестеринді шығарады. Е дәрумені есті жақсартып, қартаюға қарсы күреседі. 

«Шығыс-Нұр» кәсіпорнының құрылымына тоқтсалсақ, күнбағысты қабылдауға және сақтауға арналған элеватор, қазандық, дайындық бөлімі, май дүкені, өндіру цехы, түйіршіктеу цехы, механикалық шеберхана мен гараж бар. 2008 жылдан бастап «Шығыс-Нұр» астықты қабылдау, кептіру, толық емес өңдеу, сақтау, темір жол және автомобиль көлігіне тиеу қызметтерін көрсетеді. Элеваторға астық кептіргіш, сепаратор және сыйымдылығы 1,5 мың тонна және 3,2 мың тонналық астық қоймалары кіреді. Май зауытының майлы дақылдарды өңдеу қуаттылығы тәулігіне 20 тоннаны құрайды. Күнбағыс майының өндірісі – 60 тонна/тәу және жылына 18 мың тонна, торт пен шрот өндірісі – 50 тонна/тәу және жылына 15 мың тонна, күнбағыс қауызы – 6,7 тонна/тәу және жылына 2 мың тонна. 

Жалпы күнбағыс майлардың қабылдануын дұрыстап, жүйке жүйесін де жақсартады. Бұл дәрумен қауіпті Альцгеймер ауруының алдын алып, қант диабетіне де қарсы тұра алады. А дәрумені көздің саулығы мен тырнақ, шаш, тіс пен сүйек беріктігіне жауап береді. Жақсы антиоксидант болып табылатын бұл дәрумен онкологиялық аурулармен күресуде көмектеседі. D дәрумені кішкентай балалардың дұрыс өсуіне өте қажетті дәрумен. Ол сүйектердің берік болуына, зат алмасудың дұрыс жүруіне, асқорыту жүйесінің жұмысына да әсер ете алады. Салаттарды майонезбен емес, маймен араластырсаңыз, көкөністердегі бета-каротин А дәруменіне айналады. Шикі не рафинацияланбаған май бөтелкесінің астында тұнба көрсеңіз, шошымаңыз. Бұл денсаулық үшін өте пайдалы фосфолипидтер болып табылады. Олар ағзаға сыртқы әсерлермен күресуге күш береді. Осы қасиеттердің бәрі қарапайым ғана күнбағыс майының құрамында бар екен.

Түйеқұс етіне мейрамханалардан сұраныс көп
Тассай суының денсаулыққа пайдасы мол
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу