Энергия тапшылығының шешімін бірге табайық

Oinet.kz 13-09-2024 40

Бүгінде әлем бойынша 31 елде 415 атом реактор бар болса, тағы 60-қа жуығы жаңадан салынып жатыр. Әлемдегі ең қуатты атом электр станcалары Жапония, Оңтүстік Корея, Франция, АҚШ-та орналасқан. 

Screenshot_7.jpg

Ал Қытай, Үндістан, Түркия, Мысыр сынды елдер соңғы жылдары атом энергетикасына белсенді түрде инвестиция салып жатыр. Егер 6 қазанда халық қолдап, елімізге АЭС салу туралы шешім қабылданатын болса, қазір 4 елдің тәжірибесі қарастырылып жатқанын білеміз. Олар – қытайлық CNNC, кореялық KHNP, ресейлік «Росатом» және француздық EDF компаниялары.

Олардың қай-қайсы салса да оның еліміз үшін қауіпсіздігі маңызды. 

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтқандай, АЭС салуда біздің бұл елдерден үйренеріміз көп.

Осы АЭС салу бойынша кездесулер Шымкент қаласында да өткізілуде. Жақында «Ақ жол» Қазақстан демократиялық партиясының Шымкент қалалық филиалының Төрағасы Батырбек Әшірбаев АЭС салуды қолдау жөніндегі республикалық Халықтық штабтың мүшелерімен бірге қалалық мәдениет үйінде шаһар тұрғындарымен кездесіп, жиын өткізді.

- Елімізде 6 қазанда өтетін АЭС салу жөніндегі референдумның Тәуелсіз Қазақстанның болашағы үшін стратегиялық маңызы зор. Сондықтан еліміздегі беделді саяси және қоғамдық ұйымдар АЭС салуды қолдау жөніндегі Халықтық штабқа бірігіп, Мемлекет басшысының АЭС салу жөніндегі бастамасына қолдау көрсетуде. Бұл ретте құрылған Халықтық штабтың мақсаты – халықты атом электр станциясын салу жөніндегі прогрессивті идеясының айналасында топтастыру. Бір жыл бойы халық арасында өткізілген жария талқылау АЭС салудың мән-мағынасын ел ішінде жан-жақты талқыланды. Ендігі міндет Президент Жарлығымен 6 қазанға тағайындалған референдумды абыроймен өткізіп, дамудың даңғыл жолына қадам басу. Алдағы референдумда халық дұрыс шешім қабылдайды деген сенімдемін, - дейді филиал төрағасы. 

Батырбек Мырзакелдіұлының айтуынша, қазіргі таңда Халықтық штабтың құрамында кіргендер қатарында Ұлттық ғылым академиясының президенті Ақылбек Күрішбаев, «Қазақстандық атом электр станциялары» ЖШС бас директоры Тимур Жантикин, Қазақстан Азаматтық альянсының президенті Бану Нұрғазиева, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы президиумының төрағасы Райымбек Баталов, Қазақстан халық партиясының төрағасы Ермұхамет Ертісбаев, «Ардагерлер ұйымы» РҚБ төрағасы Бақтықожа Ізмұхамбетов, «Ауыл» партиясының төрағасы Серік Егізбаев, «Ақ жол» Қазақстан демократиялық партиясының төрағасы Азат Перуашев, Мәжіліс депутаты Ермұрат Бәпи, «Respublica» партиясының төрағасы Айдарбек Қожаназаров, «Байтақ» партиясының төрағасы Азаматхан Әміртаев, «Жастар Рухы» жастар қанатының төрағасы Ақерке Искандерова және басқалар бар. Олар бүгінгі күні еліміздің түкпір-түкпірін аралап, халықпен кездесіп, АЭС салу бойынша жиындар өткізуде екен. 

Осылардың бірқатары Шымкент қаласы халқымен болған кездесуге қатысып, АЭС салу жөнінде пікірлерімен бөлісті. «Қазақстандық атом электр станциялары» ЖШС бас директоры Тимур Жантикин АЭС-тің қаншалықты керектігін ғылыми тұрғыда дәлелдеп берді.

- Атом электростанциясы ол электр қуатын өндіретін станция болып табылады. Қазіргі таңда қазақстанда азанда және кешкі уақыттарда энергия дефициті сезілуде. Сол уақыттарда энергия тапшылығын толтыру үшін көршілес мемлекеттерден электр қуатын сатып алуға мәжбүр болып отырмыз. Бұл болашақта біздің энергетикалық қауіпсіздігімізге нұқсан келтіруі мүмкін. Сондықтан, бізге базалық генерация керек. АЭС соның бірден бір түрі. Қазіргі бізге ұсынылып жатқан атом энергетикалық реакторы 3+ буынды энергетикалық  реакторлары әлемдегі ең қауіпсіз ректорлардың бірі болып саналады. Бүгінде әлемнің 32 елінде 415 астам атом реакторы энергетикалық реакторлары жұмыс жасап тұр. Оның 200 астамы осындай сулы энергетикалық реакторларымен істеуде, - дей келіп, Тимур Жантикин тақырыпты халыққа ашып, түсіндіріп берді. 

Жиын барысында барысында қатысушылар тарапынан түрлі сұрақтар қойылды. Ол сұрақтарға Халықтық штаб мүшелері мен ғалымдар жауап берді. 

АЭС-ті мемлекеттің тұрақты дамуының негізгі факторы ретінде қарастырған жөн
Энергетика қажеттілік пен тұрақтылық
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу