Электр қуатына деген сұраныс арта түскен

Oinet.kz 11-09-2024 64

Республика бойынша құрылған Халықтық штаб мүшелері «Ақтау теңіз сауда порты» мамандарымен кездесіп, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында көтерілген Атом электр станциясын (АЭС) салу бойынша жиын өткізді. Жиынды облыстық халықтық штабтың төрағасы Нұрбек Қарасаев ашып, АЭС құрылысының маңызы мен қажеттілігін түсіндіріп, порт қызметкерлерін 6 қазанда өтетін жалпыұлттық референдумға қатысып, дауыс беруге шақырды.  

Screenshot_2.jpg

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Жолдауында: «Атом электр стансасын салу мәселесіне қатысты жалпыұлттық референдум биылғы 6 қазанда өтеді. Бүгін тиісті Жарлыққа қол қоямын. Алдағы референдум кең ауқымды жалпыұлттық диалогтың тағы бір айқын көрінісі болмақ. Шын мәнінде, бұл – «Халық үніне құлақ асатын мемлекетке» тән сипат. Біз осындай қадамдар арқылы жаңа қоғамдық-саяси мәдениеттің негізін қалаймыз. Маңызды мемлекеттік шешімдер қабылдаудың жаңа үлгісін жасаймыз», – деді Президент. 

Яғни Президентіміз бұл қадамға қазір әлемде энергия тапшылығына деген сұраныстың артыуы мен елімізге сенімді және экологиялық таза қуат көздері аса қажет болғандықтан барып отырғанын жеткізді. Қарап отырсақ Мемлекет басшысы айтқандай қазір дамыған және дамушы 30 мемлекетте 200-ге жуық атом электр стансасы жұмыс істеп тұр. «Ел өміріндегі әрбір маңызды қадам жұртшылықпен бірлесіп жасалуға тиіс. Атом электр стансасы туралы референдумға қатысты да дәл солай болуы керек», дей келіп, Президенттіміз бұл тақырыптың бір жыл бойы қоғам талқысына түскенін айта келіп, салмақты шешім қабылдағанын аңғартқан еді Жолдауда. 

- Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа Жолдауында атом энергиясын дамыту маңызына тоқталып, атом электр стансасын салу шешімін бұқара халықтың талқысына ұсынатынын мәлім етті. Бұл әрине, әділетті шешім. Яғни, ең алдымен, АЭС электр энергиясының тұрақты және қуатты өндірісін қамтамасыз етеді. Ол желінің негізгі жүктемесін үзіліссіз сақтай алады. Сондай-ақ тиімділігі климаттық жағдайларға байланбайды. Нақтырақ айтқанда, жел мен күн сияқты жаңартылатын көздерден айырмашылығы, АЭС тұрақты және сыртқы факторларға тәуелсіз жұмыс істейді. Оның ел экономикасын арттыруға көп септігі бар. Сол үшін де 6 қазанда өтетін жалпыұлттық референдумға барлығыңызды қатысуға шақырамын, - деді штаб төрағасы.

Сонымен қатар штаб мүшесі Марат Молдағұлов АЭС құрылысы елдің экономикасы мен энергетикалық қуатын арттыратынын тілге тиек етті.

- Қазақстанда АЭС-ның құрылысы 2035 жылға қарай елдің энергетикалық балансындағы атом энергетикасының үлесін 12 пайызға дейін арттырады. Бұл ретте көмір жағу арқылы өндірілетін энергияның үлесі қазіргі 61 пайыздан 40 пайызға дейін төмендейді. Яғни, АЭС-ның құрылысы Қазақстанның энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін ғана емес, төмен көміртекті экономикаға жаһандық көшуге жол ашады. Сондай-ақ болашақта тұрақты дамуға мүмкіндік береді, - деді штаб мүшесі Марат Молдағұлов.

Оның сөзінше, бүгінде мемлекеттің энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етудің бірқатар жолдары белгілі болып отыр. Солардың негізгілері – жылу электр станциялары, гидро электр станциялары, баламалы энергия көздері, яғни күннің, желдің және тағы басқа дәстүрлі емес энергия көздері. Аталған энергия көздерінің өздеріне тән артықшылықтарымен қатар кемшіліктері де жеткілікті. Мысалы біздегі өндірілетін электр энергиясы жылу электр станцияларының үлесінде екені айтпаса да анық. Олардың басым көпшілігі, шамамен 80 пайызы көмір отынымен жұмыс жасайды. Яғни  қоршаған ортаға келтіретін зиянды әсері жоғары, әрі көмірдің де қорын ескерген жөн. Табиғи газға ауыстыруға газдың қоры жеткіліксіз, әрі қымбатқа түседі. Себебі еліміздегі өндірілген табиғи газдың 70 пайызы ілеспе газ екенін ескеруіміз қажет. Ал баламалы, жаңартылатын энергия көздерінің үлесі бізде жалпы энергия балансының 7-9 пайызын ғана құрап отыр. Гидро электр станцияларының үлесін арттыруға бізде су ресурсы тапшы. Келешекте энергия тапшылығының алдын-алу өте маңызды.  

Жиынға қатысушылар белсенділік танытып, штаб мүшелеріне АЭС-ның қоршаған ортаға тигізер зияны мен пайдасы, радиоактивті қалдықтар және нысанның салынатын орны, тариф жайлы сұрақтарын қойды.

Энергия тапшылығынан АЭС салу арқылы ғана құтыла аламыз
Штаб мүшелері халықпен кездесуде
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу