Қошановтың Исмоиловтан не артықшылығы бар?
20-11-2024
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа арнаған Жолдауында атом электр станциясын салуға қатысты халық таңдауын жасауы үшін референдум өткізуді тапсырған болатын. АЭС салу туралы ел ішінде түрлі пікірлер мен сұрақтар көп. Осыған орай референдумнан бұрын жұртшылықтың пікірін тыңдап, сұрақтарына дәлелді жауап беріліп, АЭС салудың артықшылықтары мен залалсыздығын түсіндіру үшін Түркістан облыстық штаб мүшелері үгіт-насихат жұмыстарын бастады.
Штаб мүшелерімен болған алғашқы кездесудің бірі Түркістан энергия торабы мекемесінің жұмысшыларымен өтті. Түркістан энергия торабы осыдан екі жыл бұрын ғана ашылған мекеме. Бұл қосалқы станция «KEGOC» АҚ-ның «Түркістан қаласының сыртқы электрмен жабдықтау схемасын күшейту. Электр желілік объектілер салу» жобасының шеңберінде жүзеге асырылған болатын. Онда 220 киловат және 110 киловатты ашық тарату құрылғылары, 10 киловатты жабық тарату құрылғылары жұмыс істеп тұр. Энергия объектісінің номинал қуаты – 250 мегаватты құрайды. Бұл энергия торабы Түркістан энергия торабында электр энергиясын тұтынудың болжамды айтарлықтай өсуіне байланысты салынған.
Түркістан облыстық қоғамдық штабтың басшысы Қайрат Балабиев Президенттің «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Жолдауында айтылған мәселелерге тоқталды.
– Бұған дейінгі Президенттің халыққа арнаған Жолдауларынан халық қандай әлеуметтік қолдаулар болатынын, зейнетақы, жәрдемақылардың қаншалықты көбейетінін күтетін. Бұл жолғы Жолдау заң, тәртіп, экономика тұрғысына басымдық берілуімен ерекше болды. АЭС салу туралы Президент мамандарға терең зерттеуді бұдан бұрын тапсырып, осы мәселені халықтың алдына қойды. Бұл да халық үніне құлақ асатын мемлекет екенінің бір көрінісі. Осыған байланысты ел ішінде атом электр станциясының зардаптары болатыны, орналасқан жеріндегі көлдің суы тартылып ктепей ме деген сұрақтар туындады. Оның бәрі де мамандардың зерттеуімен қарастырылып, АЭС барлық қауіп-қатердің алдын алатындай, жетілген технологиялармен салынатыны түсіндіріліп жатыр, – деді Қайрат Балабиев.
Әлемдегі дамыған бірқатар мемлекеттерде бірнеше АЭС барын, оларда жұмыс ешқандай зиянсыз жүргізіліп жатқанын айтқан Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің профессоры, ҚХА мүшесі, ғалым-педагогы Бекжігіт Сердәлі ғылыми тұрғыда түсіндіріп өтті. Ол өз сөзінде дамудың даңғыл жолындағы Қытайда 56 АЭС барын және 27-сі салынып жатқанын айтып, басқа да мемлекеттерді мысал ретінде атады. Электр энергиясының тапшылығы күн сайын сезіліп келе жатқанын айтқан ғалым біздің ел бүгінде жылу электр станцияларын пайдаланып отырғанын тілге тиек етті. Олардың бәрі 70-80 жылдары салынғандықтан, тозығы жеткен. Ал, жылу үшін қолданылатын көмірден шығатын зияндылық бөлек мәселе. Егер АЭС салынған жағдайда энергия өндірумен қатар, көптеген тұрғындарға тұрақты жұмыс орыны ашылатыны және жылу үшін пайдаланылатын отыннан шығатын зияндылықтардан құтылатынымыз да осы жиында кеңінен түсіндірілді.
Ал Түркістан облысының энергетика және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының орынбасары Роза Сариева Түркістан облысы электр энергиясы тапшы өңір саналатын аймақтардың бірінің қатарына жататынын айтты. «Бүгінде облыстың электр қуатына қажеттілігі - орташа 320 МВт/сағат, оның 20 пайызы ішкі энергетика көздерінен алынады. Ал, қалған 80 пайызы еліміздің солтүстік өңірінен және Шымкент, Тараз қалаларындағы стансалардан тасымалданады», - деді ол.
Оның айтуынша, өңірде 831 елдімекеннің 815-і орталықтандырылған электр желісіне қосылған. Қалған 16 елдімекен дербес электр қондырғыдан электр қуатын пайдаланып отыр. Ал, 254 елді мекендегі 341 мың тұрғын сапасыз электр энергиясын тұтынып отыр.
«Түркістан облысы бойынша сапалы электр қуатымен қамтамасыз етудің 2023-2025 жылдарға арналған іс шара жоспарына сәйкес кезең-кезеңімен жұмыс атқарылып жатыр. Алдыңғы жылы 42 нысанның құрылысына бюджеттен 13,6 миллиард теңге бөлініп, 11 нысан пайдалануға берілді. Ал, қалған 31 нысанның құрылысы 2023 жылы жүзеге асырылды. Биыл 35 нысанның құрылысына 8,1 миллиард теңге бөлінді. Бұл да біраз мәселені шешеді деген ойдамыз. 2025 жылдың қорытындысымен облыстағы 254 елдімекендегі 341 мың тұрғынды сапалы, тұрақты электр қуатымен қамтамасыз ету жоспарда бар. Дегенмен елдегі электр энергиясына деген сұранысты шешу үшін елімізде АЭС салу қажет. АЭС салу арқылы ғана жарқын болашақта энергия тапшылығынан құтыла аламыз», - дейді Роза Сариева.
Сөйтіп өз кезегінде спикерлер Түркістан электр торабы қызметкерлерін 6 қазанда өтетін жалпұлттық референдумға қатысып, дауыс беруге шақырды. Электр торабы қызметкерлері сайлауға қатысып, өз таңдауларын жасап, АЭС салуға дауыс беретіндіктерін айтты.