Қошановтың Исмоиловтан не артықшылығы бар?
20-11-2024
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы Жолдауында елімізде атом электр стансасын салу мәселесіне қайтара оралып, бұған дейін айтылған республикалық референдумның нақты өтетін күнін бекітті. Сонымен, алдағы 6 қазанда ел тұрғындары бір кісідей атсалысып, аталған мәселеге орай өз таңдауларын жасауға тиіс. Ал, Түркістан облыстық Халықтық штаб мүшелері республикалық референдум қарсаңында өңір жұртшылығымен кездесу өткізуде.
Түркістан облыстық қоғамдық штабтың басшысы Қайрат Балабиев бастаған штаб мүшелері облыстық аурухана ұжымымен кездесті. Баскосу барысында штаб мүшелері әлемдегі дамыған біркатар мемлекеттерде бірнеше АЭС бар екенін, оларда жұмыс ешқандай зиянсыз жүргізіліп жатқанын айтты. Сондай-ақ, олар елімізде АЭС салынған жағдайда энергия өндірумен қатар, көптеген тұрғындарға тұрақты жұмыс орны ашылатыны және жылу үшін пайдаланылатын отыннан шығатын зияндылықтардан құтылатынымыз жөнінде кеңінен түсіндірді.
Бұдан кейін, облыс орталығындағы жоғары оқу орнының оқытушылар құрамымен кездескен облыстық мәслихаттың депутаты Жаңабай Ағабеков пен білім саласының ардагері Үмбет Әбдиев ұстаздар ұжымы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ел азаматтарының әл-ауқатын арттыру жөніндегі прогрессивті бастамалары мен саясатын әрдайым қолдап келе жатканын жеткізді.
- Мемлекет тағдырына қатысты кез келген маңызды шешім халықтың қатысуымен және оның пікірін ескере отырып қабылданады. Президентіміз ұстанған саясаттың бұлжымас қағидасы осы. Бұл – біздің коғамда жаңа саяси мәдениет қалыптасқанының көрінісі, деді Жаңабай Ағабеков.
Ал, Үмбет Әбдиевтің айтуынша, болашақта атом энергетикасын дамытудың бірнеше елеулі артықшылығы бар екенін ескеру қажет. Ол өз сөзінде АЭС салу елді энергиямен қамтамасыз ету көздерін әртараптандыруға, көмір мен газға тәуелділікті азайтуға ықпал ететінін айтты. Сондай-ақ, осы күні штаб мүшелері №1 Түркістан қалалық емханасының дәрігерлерімен жүздесіп, атом электр станциясының артықшылығы туралы әңгімелесті. Іс-шара барысында атом энергетикасына қатысты барлық мәселе бойынша ел-жұртты кеңінен хабардар етудің маңызы және халық арасында ерекше беделге ие адамдар ретінде ақ халаттылардың бұл істегі рөлі талқыланды. Бұдан бөлек, атом энергетикасының мүмкіндігі, жана өндіріс орындарын дамыту перспективалары және лайықты еңбек жағдайын жасау жөнінде сөз қозғалды.
Ондағы жиында әуелі сөз алған Жаңабай Ағабеков Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2 кыркүйекте Қазақстан халқына арнаған дәстүрлі Жолдауының мақсатын түсіндіріп, оның әр бөліміне арнайы тоқталды. Ол өз сөзінде Президенттің бастамасының аясында ауқымды жұмыстардың қолға алынып, өз нәтижесін беріп жатқанын тілге тиек етті. Сондай-ақ, облыстық Халықтық штаб мүшесі 6 қазанда өтетін референдумға арнайы тоқталды.
АЭС құрылысы бұл Қазақстанның алдағы ұзақ жылдардағы табысты дамуының кепілі болатын серпінді жоба. Бүгінде дүниежүзіндегі озық ойлы тұлғалар атом энергетикасын пайдаланудың тиімділігін түсінеді. Әйтпесе, Франциядай дамыған елде, Ресей секілді алпауыт мемлекетте бірнеше атом электр станциясы салынбас еді. Әрине, дәл қазір біздің алдымызда үлкен таңдау тұр. Осы себепті, Халықтық штабтың міндеті ел арасында кең ауқымды тиісті түсіндірме жұмыстарын жүргізу әрі АЭС туралы дұрыс ақпарат беру, деді ол.
Кездесу барысында өзге облыстық Халықтық штабтың мүшелері де өз ойларын ортаға салып, қазан айында өтетін референдум туралы түсінік берді. Ал, дәл осы күні облыстық халық шығармашылығы орталығында өткен жиында штаб мүшелері өздерінің салмақты ой-пікірлерін жүйелеп, мәселені аталған орталықтың ұжымымен бірге талқылады. Олар Қазақстанның энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі атом энергетикасының артықшылықтары АЭС салу туралы, оның қауіпсіздігі халықаралық ұйымдар тарапынан қандай талап-ережелермен қорғалатыны жайында өз ойларын ортаға салды. Жиын соңында аталған орталық қызметкерлерінің тарапынан қойылған сауалдарға жауап берілді.