Атырау облысында Референдумға дайындық барысы пысықталды

Oinet.kz 12-09-2024 65

Ел экономикасының даму бағыттарының бірі – мемлекеттің энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мен энергия тапшылығын болдырмау мәселелері екені көпке мәлім. Бұл мәселе мемлекеттің негізгі стратегиялық бағыттарының бірі ретінде аталып келеді. 

Screenshot_4.jpg

Сонымен елімізде 6 қазанда өтетін АЭС салу жөніндегі референдумның Тәуелсіз Қазақстанның болашағы үшін стратегиялық маңызы зор. Сондықтан еліміздегі беделді саяси және қоғамдық ұйымдар АЭС салуды қолдау жөніндегі Халықтық штабқа бірікті. Қазір еліміздің түкпір-түкпірінде үгіт-насихат жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар елімізде референдумға дайындық жұмыстары басталып кетті. 

Жуырда алдағы республикалық референдумға дайындық барысын бақылау мақсатында Орталық референдум комиссиясының Төрағасы Нұрлан Әбдіров екікүндік іс-сапармен Атырау облысына барды. Мұнда көктемдегі су тасқынынан Құлсары қаласы ең қатты зардап шеккен болатын. Ондағы 17 дауыс беру учаскесінің үшеуі (№100, 237, 238) су басқан аумақта орналасқан еді. Олардың екеуі толығымен қалпына келтірілсе, үшіншісінде жөндеу жұмыстары жалғасуда, сондықтан аумақтық комиссия учаскені басқа қолайлы ғимаратқа көшіру туралы шешім қабылдады. Бұл учаскелердің барлығы тексерілді. Дауыс беру күніне орай қаладағы барлық 17 учаске дауыс беруге дайын болады.

Сапар аясында Атырау және Құлсары қалаларында аумақтық референдум комиссиялары мүшелерінің, жергілікті атқарушы және өкілді органдар өкілдерінің, полиция, халықты әлеуметтік қорғау департаменті басшыларының, прокуратура органдарының және БАҚ өкілдерінің қатысуымен семинар-кеңестер өткізілді. Жиында 6 қазанға белгіленген референдумға дайындық туралы ақпарат тыңдалды.

Бұл ретте Орталық референдум көмиссиясының басшысы барлық деңгейдегі комиссиялардың қызметі қолданыстағы заңнаманы қатаң сақтауға және сайлау процесінің ашықтығы мен айқындығын қамтамасыз етуге негізделуге тиіс екенін ерекше атап өтті.

ОРК Төрағасы «Республикалық референдум туралы» Конституциялық заңға енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды түсіндірді. Ол ұлттық және халықаралық байқаушылар мен шетелдік бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің құқықтары мен міндеттері, бұқаралық ақпарат құралдарының референдумды әзірлеу мен өткізу барысын жариялау тәртібі, сондай-ақ қоғамдық пікірге сауал салу жүргізудің негізгі аспектілері сияқты түзетулерге егжей-тегжейлі тоқталды.

Семинарға қатысушылардың ерекше назары азаматтарды ақпараттандыру мәселелеріне арналды. Жергілікті атқарушы органдардың өкілдері осы бағытта атқарылған жұмыс туралы егжей-тегжейлі баяндады. Мәселен, облыста «109» бірыңғай Call-орталығы іске қосылды, онда азаматтар республикалық референдум туралы барлық қажетті ақпарат пен консультациялар ала алады. Мысалы, осы Call-орталыққа хабарласып, референдумға қатысуға құқығы бар азаматтар тізімінде өзіңізді тексеруге, сондай-ақ өз учаскеңіздің нөмірі мен мекенжайын нақтылауға болады. «2GIS» қосымшасында өңірдегі референдумның барлық 274 учаскесінің нақты орналасқан мекенжайлары қосылды.

Адам ең көп жиналатын жерлерінде 130 ақпараттық баннер және 13 LED-экран орналасқан. Әлеуметтік желілерде де тиісті ақпараттық жұмыс жүргізіледі, телеграмм-бот іске қосылды, оның көмегімен тұрғындар сайлаушылар тізімінде өздерін тексере алады.

ОРК басшысы комиссияларды үй аралау және сайлаушыларға жеке шақыру қағаздарын тапсыру қажеттілігіне бағыттай отырып, алдағы республикалық референдум туралы азаматтарды жүйелі және уақтылы хабардар етудің маңыздылығын атап өтті. ОРК Төрағасы мүгедектігі бар азаматтардың сайлау құқықтарын қамтамасыз ету мәселелеріне ерекше назар аудара отырып, қазақстандықтардың еркін ашық білдіруі үшін барынша жағдай жасауға баса назар аударды. Содан кейін ОРК басшысы Атырау облыстық аумақтық референдум комиссиясының жұмысымен танысты.

Нұрлан Әбдіров дәстүр бойынша Жылыой ауданының жастарымен кездесу өткізіп, жастарға 2022 жылғы конституциялық реформа мәтініндегі елдің жаңартылған сайлау жүйесінің ерекшеліктері, республикалық референдум туралы заңнамадағы жаңалықтар, сайлау саласындағы өзекті трендтер мен халықаралық тәжірибе туралы айтып, басқа елдердегі сайлаулар мен референдумдарды халықаралық байқауға қатысудан алған әсерлерімен бөлісті.

Жастар өкілдері өз пікірлері мен бағалауларын білдіріп, оларды қызықтырған сұрақтарын қойды. «Кең Жылыой» газетінің жас журналисі Ерназ Ахметкәрімов сайлаушылардың белсенділігіне әсер ететін негізгі фактор ретінде ауыл әкімдерін сайлау туралы халықтың хабардарлығын арттыру тақырыбын қозғады.

Кездесу соңында жастар электоралдық саланың өзекті мәселелері бойынша дәстүрлі онлайн-сауалнамаға белсенді қатысты. 

Штаб мүшелері халықпен кездесуде
Атырау қаласында референдумға дайындық бойынша жиын өтті
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу