Қошановтың Исмоиловтан не артықшылығы бар?
20-11-2024
6 қазанға тағайындалған референдумға дайындық барысын пысықтау үшін ҚР Орталық референдум комиссиясының Төрағасы Нұрлан Әбдіров Атырау қаласында болды. Сөйтіп мұндағы Атырау облыстық аумақтық референдум комиссиясының қызметімен танысты.
Осыдан кейін Н.Балғымбаев атындағы Даму және коммуникациялар орталығында Атырау облыстық, қалалық, аудандық аумақтық референдум комиссиясы мүшелерінің, мемлекеттік және құқық қорғау органдарының өкілдерінің, бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің қатысуымен жиын өтті.
Жиын барысында ҚР Орталық референдум комиссиясының Төрағасы Н.Әбдіров ағымдағы жылдың 6 қазанға тағайындалған республикалық референдумды дайындау және өткізу ерекшеліктеріне тоқталды. «Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елімізде АЭС салу үшін алдымен оны халықтың талқысына салды. Бір жыл жүргізілген жария талқылаудан кейін Президентіміз елімізде АЭС салуда референдумға шығарды. Президентіміз Жолдауында: «Ел өміріндегі әрбір маңызды қадам жұртшылықпен бірлесіп жасалуға тиіс. Атом электр стансасы туралы референдумға қатысты да дәл солай болуы керек. Былтыр мен бұл мәселе бойынша өз пікірімді айттым, яғни, референдум тақырыбының қоғам талқысына түскеніне бір жыл болды. Бұл азаматтарымыздың жан-жақты ойланып, салмақты шешім қабылдауына жеткілікті мерзім деп ойлаймын. Сондықтан мен Үкіметтің ұсынысын қолдаймын. Атом электр стансасын салу мәселесіне қатысты жалпыұлттық референдум биылғы 6 қазанда өтеді. Бүгін тиісті Жарлыққа қол қоямын», деп референдум өткізу мерзімін белгілеп берді. Енді ел бойынша референдумға дайындық жұмыстары басталып кетті. Оған халықтың келуі мен референдумның заң талабына сай өтуін қамтамасыз етуге тиіспіз, - деді Нұрлан Әбдіров өз сөзінде.
Әрі қарай облыс әкімінің орынбасары Ж.Бисембиев референдумға қатысуға құқығы бар азаматтар тізімі бойынша жергілікті атқарушы органның атқарып жатқан жұмысы, референдумды ұйымдастырушылық, ақпараттық, материалдық-техникалық қамтамасыз ету барысын баяндаса, референдум процесіне қатысушылардың референдум заңнамасын сақтауын қадағалауды жүзеге асыру туралы Атырау облысының прокуроры Б.Жұмақанов түсіндірді.
Ал, референдум науқаны және дауыс беру күні құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету жайын Атырау облысы полиция департаментінің бастығы Н.Оразбаев айтты. Референдум науқаны барысында және дауыс беру күні мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстар бойынша облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының міндетін атқарушы Е.Әбілхасымов баяндады.
Жиын соңында Атырау облыстық аумақтық референдум комиссиясының төраға орынбасары Е.Жұмағалиев облыс бойынша референдум науқаны кезінде атқарылып жатқан жұмыстар мен референдум комиссияларының жай күйімен таныстырды.