Шетелдік әріптестермен тәжірибе алмасып, халықаралық деңгейге шықпақ

Oinet.kz 31-08-2024 64

db1f1c987293a5d2776f9fcd3f72a504.jpg

Қазақстан мал шаруашылығын дамытуда австралиялық әдісті қолдануды көздеп отыр. Атап айтқанда, қазіргі таңда Түркістан облысы Сайрам ауданында мал биржасын салып, іске қосу жоспарлануда. 

Ауқымды жобаны 2024 жылы жүзеге асыру жоспарлануда. Оны австралиялық тәжірибе негізінде Nurym Group компаниясы әзірлеген. Кәсіпкер Сырым Ертаевтың айтуынша, мұнда сатушылар мен келушілерге жағдай жасалмақ.

Биржаны құру кезінде қауіпсіздікке ерекше көңіл бөлінеді. Мұнда мал ұстаудың заманауи технологиялары қолданылып, жем-шөп пен суды уақытылы жеткізуге жағдай жасалады. Биржа жұмысы кезінде тазалықты сақтауға көп көңіл бөлу керек.

Биржа Алматы-Самара тас жолының бойында салынады. Қазір австралиялық мамандармен бірлесіп сметалық құжаттама әзірленуде. Жер телімдерін бөліп, қажетті инфрақұрылыммен қамтамасыз ету мәселесі де қарастырылуда.

Бұған дейін Премьер-Министрдің орынбасары Серік Жұманғарин бастаған Қазақстан делегациясы мал шаруашылығының озық әдістерін зерттеу мақсатында Австралияға барған болатын. Үкімет атап өткендей, Қазақстандағы мал шаруашылығымен айналысатын фермерлердің басты мәселелерінің бірі - етті сатудағы көптеген делдалдық схемалар өндірушілерге өз өніміне әділ баға алуға мүмкіндік бермейді. Сондықтан Ауыл шаруашылығы министрлігі, облыс басшылығы мен АӨК өкілдері осы тәжірибені елімізде енгізу мақсатында мал биржаларының тәжірибесін зерттеді.

Айта кетейік, Nurym Group негізгі қызметі мал шаруашылығы болып табылатын ауылшаруашылық кәсіпорны. Nurym Group 2015 жылдың шілде айында тіркелген. Компанияның жұмысшылар саны 20-ға жуық адамды құрайды. Компанияның қызмет бағыттарына тоқталсақ,  мал шаруашылығы, ет өңдеу, ет саудасы, жем өндірісі.

Ал компанияның құрылымы: бордақылау алаңы, мал базасы, қойма үй-жайлары.

Кәсіпорын етті бағыттағы ірі қара өсіреді. 2019 жыл – 6 мыңға жуық ірі қара мал бордақылануда. 2021 жыл – компания 5 мың бас бұқа сатып алды. Кәсіпорын Иран мен Өзбекстанға ет экспорттайды. 2018 жыл – компания Иранға 200 тонна ет және Өзбекстанға 800 мың тонна ет экспорттады. 2019 жыл – Нұрым тобы жыл сайын Иранға 5 мың тонна ет, оның ішінде 2 мың тонна сиыр етін экспорттайды. Биыл шетелге экспорттайын өнім мөлшерін арттыру басты назарда тұр. Оған компанияның әлеуете жетеді. Бүгінде австралиялыық мамандармен тәжірибе алмасып, көптеген мәселелерді оңынан шешіп, жаңа жобалар қолға алынып жатыр. Осылайша шетелдік әріптестермен бірлесе отырып, Нұрым компаниясы жаңа халықаралық деңгейге шықпақ.

Балық шаруашылығына мемлекеттен субсидия алып отыр
Жылына 721,6 тонна балық өндіріледі
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу