Балық шаруашылығына мемлекеттен субсидия алып отыр

Oinet.kz 26-08-2024 60

Screenshot_1.jpg

Бұрын КСРО тұсында әр бейсенбіні «балық күні» деп бекітіп, сол күні Одақтағы барлық асханаларда халыққа балық өнімдерін ұсынған. Балықты аптасына бір рет жеп тұрған өте пайдалы. Оның құрамында адам денсаулығын қажетті көптеген элементтер бар. 

Міне содан бері балықты тұтыну ешқашан тоқтаған емес. Қазіргі таңда Сайрам ауданында балық өсірумен айналысатын кәсіпкерлер саны жылдан-жылға көбейіп келеді. Және жылдан-жылға көбеюінің тағы бір себебі – тұтынушылардың көптігі. Яғни өндірілген балық өнімдері ешқашан клиентсіз қалып кетіп, далада шіріп қалған емес. Қысқаша айтқанда, балық өнімдеріне сұраныс өте жоғары. Халықтың сұранысын қанағаттандыру мақсатында Сайрамда жеке кәсіпкер Пратов Махмудолла балық өсірумен 2 жылдан астам уақыттан бері айналысып келеді. Қазіргі таңда ауласындағы көлшікте 40 мың балық өсіріп отыр. Мемлекеттен жеке кәсіпкерлерге берілетін балық жеміне - 30%, шабаққа - 50% субсидия алады. 

Яғни мемлекет тарапынан берілетін субсидия арқылы өз кәсібін дөңгелетіп, жүйеге келтірді. Қазір мұнда балық өсіру ісі мықтап жолған қойылған. Оның қызметкерлері Махмудолла мырзасыз да балықты өсіре береді. Яғни бұл кәсіп бір адамға тәуелді емес. Мұндай деңгейге шығу үшін Махмудолла балық шаруашылығы туралы көп ізденді. Көптеген ақпараттар алып, семинарларға қатысты. Осылай жүріп балық шаруашылығының қыр-сырын меңгерді. Енді оған қаражат қажет болды. Ол өзінің жиып-терген қаржысына бастапқыда кәсібін ашып, жүргізді. Бірақ балық шаруашылығына көптеген керек-жарақтар алу қажет болды. Оның бәріне Махмудолла мырзаның қаражаты жеткіліксіз болды. Нәтижесінде ол жергілікті әкімдікке жүгініп, мәселесін айтты. Арнайы мамандар оған мемлекеттен жеңілдетілген несие алудың жолын түсіндіріп, бизнес жоспарға қажетті барлық мәліметтермен бөлісті. Ақыры, Махмудолла мырза үкіметтік субсидияға қол жеткізді. 

Бүгінде оның балық шаруашылығы аудандағы көш басындағы балық шаруашылықтарынің бірі десек болады. Ол өсіріп отырған 40 мың балық кәсіпкерге пайда әкеліп отыр. Кәсіпкер алдағы уақытта бұдан да көп балық асырап, тек Сайрам ауданын емес, бүкіл Түркістан облысын дәмді балықтармен қамтуға мүдделі. Осыны мақсат тұтып отыр. Және ол балықтарды сатып алушылар көбейеді деген сенімде. Себебі, балықтың пайдасына қысқаша тоқталсақ, ағза жоғары сапалы ақуызға қанығады; қан ұю функциясы қалыпқа келеді; қандағы холестеринді төмендетеді; қалқанша безінің функциясының қалыпқа келтіріп және оның ауруларының алдын алады; көру қабілетін жақсартады; жүйке жүйесін қалыпқа келтіріп, жадты, ұйқыны жақсартады және тітіркенуді азайтады; өмір сүру ұзақтығын арттырады; тері, шаш, тырнақ, сүйек пен тістің жағдайын жақсартады; зат алмасуды қалыпқа келтіреді; жүрек-қан тамырлары ауруларының алдын алуға және жүрек-қан тамырлар жүйесін нығайтуға ықпал етеді. сондай-ақ, балық жегеннен артық салмақ қосылмайды. Тіпті майлы балықтың өзі құрамындағы майлы қышқылдарының арқасында салмақ қосуға ықпал етпейді және оны тұтыну арқылы артық салмақтан арылуға болады. Сол себептен де, диетологтар салмақ тастағысы келетіндерге көмбештелген немесе суға пісірілген балық жеуді ұсынады.

Сайрамдық зауыттың өнімдері шетелге экспортталады
Шетелдік әріптестермен тәжірибе алмасып, халықаралық деңгейге шықпақ
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу