Үлкен жүк көлігін алып кәсібін дөңгелетпек

Oinet.kz 29-08-2024 47

Screenshot_1.jpg

Қазіргі таңда жүк тасымалы қатты дамып келеді. Елімізде халық саны артып, жеке кәсіпкерлік қарқынды түрде алға жылжуда. Осыған орай екі ортада алыс-беріс ұлғайды. Мысалы еліміздің батысындағы Ақтау қаласының азаматы еліміздің шығысындағы Семейден тапсырыс беріп, зат алдыруы мүмкін. Соңғы жылдары елімізде осылай тапсырыс беріп алдыру қатты белең алды. Міне осыған байланысты тасымал құралдарына деген сұраныс артты. Тасымал құралына ұшақ, пойыз, жүк көліктері кіреді. 

Қазіргі кезде Сайрам ауданының өнімдері өзінің сапасымен бүкіл Қазақстанды, алыс-жақын шетелді таң қалдырып отыр. Сондықтан да Сайрамның өнімдерін алғысы келетін клиенттердің санын есеп жоқ. Ал мол тапсырысты орындау үшін жүк көлігі керек екендігі түсінікті. Негізі әрбір жеке кәсіпкерге өз автогаражында жүк көліні тұрғаны абзал. Жүк көлігімен олар өз өнімдерін қоймаға тасып, оны базарға шығарып дегендей көптеген жұмыстарды атқарып, қолы жеңілдеп қалар еді. Осыны терең түйсінген сайрамдық кәсіпкерлер бүгінде жүк көлігін алуға әрекет етуде. Жақында ғана Қарабұлақ ауылында тұратын жас кәсіпкер Розакул Мусаев жүк көлігін алды. Ол өз кәсібін бастау мақсатында 2,5 пайыз жеңілдетілген несие алу үшін «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ-на өз бизнес жобасын ұсынып, нәтижесінде несиеге қол жеткізген. Қазіргі таңда үлкен жүк көлігін алып, кәсібін дамытуда. 

Ол бұл көлікпен тек өз кәсібін емес, өзге әріптестерінің де кәсібіне көмектесуге ниетті. Қазірдің өзінде Розакул Мусаевқа тапсырыс беріп үлгергендердің қарасы мол. Себебі көпшілік жеке кәсіпкерлерде үлкен жүк көлігі жоқ. Кәсібін енді бастаған оларда техника жоқтың қасы десек болады. Розакул осындай әлі аяқтан тұрып үлгермеген кәсіпкерлерге барынша қолдау көрсетуге дайын. Бір-бірін қолдаған кәсіпкерлер аудан экономикасын жоғары деңгейге көтерері анық. Розакул секілді мемлекет тарапынан қолдау алып, оны тиімді пайдаланғысы келетіндерге мүмкіндік мол. Ең бастысы бизнес жобасын сәтті қорғаса болғаны. Әр кәсіптің кәсіпкердің тек өзіне емес, қоғамға тигізер пайдасы зор болғаны аса маңызды. Сонда ғана кәсіп ерекше гүлденіп, алға басады. Розакул Мусаев өзіне осындай мүмкіндік сыйлаған мемлекеттің бағдарламасына зор алғысын білдіреді. Енді ол қоғамға пайдам тисе дейді. Қоғамға пайдасы тию арқылы, ол елдің экономикасын көтеруге мүдделі. Халық бай тұрса, ол мемлекеттің жеңісі. Ал бұл жеңіске жеке кәсіпкерлердің қосар үлесі зор. Сондықтан та Розакул басқа да кәсіпкерлерді бірлесе жұмыс істеуге шақырады. 

Ет комбинаты жеке кәсіпкерлерге зор қолдау көрсетеді
Сайрамдағы жас кәсіпкерлердің аяқ алысы зор
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу