Сайрамда ауыл шаруашылығы техникалын шығаратын зауыт қарқында жұмыс істеуде

Oinet.kz 26-08-2024 41

Screenshot_1.jpg

Елімізде зауыттар саны көбейіп келе жатқандығы қуантады. Зауыт – экономиканың тұрақтылығының көрінісі. Зауыт елдің ішкі қажеттілігін өтеп, шетелге де өнім шығара алады. Осы арқылы ол мемлекетке орасан зор пайдасын тигізеді. Мұндай зауыттардың Сайрам ауданында жиі орналасқандығы аудан экономикасының қуаттылығын білдіреді. 

Жақында Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды Әйтеке би ауылында орналасқан «KASPY GROUP» ЖШС-нің машина жасау және металл құрастыру зауытын аралап көрген еді. Зауытта өндірлген өнімнің қуаттылығы жылына 2000,0 тоннаны құрайды. 2018 жылы іске қосылған кәсіпорында ауыл шаруашылығы техникасы және ірі кәсіпорындардың құрылыс жабдықтары шығарылады. Мұнда 60-тан астам адам жұмыс істейді. Сонымен бірге «Kaspy Group» ЖШС ауыл шаруашылығы техникасы және ірі кәсіпорындардың құрылыс жабдықтарын өндіруде. Түркістан облысы мен Шымкент қаласында орналасқан ірі кәсіпорындардың техникалық құрал-жабдықтарын өндіру және сынған құрал-жабдықтарды қайта жасау ісі қолға алынған. Машина жасау саласында арпа бидай, мақсары өнімдерін тазалайтын құрылғылар, жаңбырлатып суғаратын қондырғылар да шығаруда.

Осылайша жергілікті шаруа қожалықтары, кәсіпкерлік нысандар өздерінің кәсібіне қажетті техникаларды өзіміздің аудандағы зауыттан тікелей ала алады.Жергілікті зауыттан техника алудың артықшылықтары өте көп. Біріншіден, бағасы өте арзан болады. Екіншіден, зауыт техниканың бұзылған жерлері болса өздері жөндеп беріп, кепілдік береді. Сондықтан да алыстан техника іздеп сабылудың қажеті жоқ. Алыс шетелден алып келген техниканың кемшіліктері көп болуы мүмкін. Және олар Қазақстанға жетеді дегенше жолда түрлі жағдайға тап болып, бұзылып келуі мүмкін. Ал тіке өз түбімізді өндіріліп, жасалып жатқан техникалар шаруа қожалығына тапсырыс берген күні-ақ жетеді. Осылайша жеке кәсіпкер алтындай уақытын үнемдеп, жүйкесін сақтайды. Осылайша кәсіпкердің өнімділігі артады. 

Бүгінде «Kaspy Group» ЖШС-нің техникаларын жергілікті кәсіпкерлер тұрақты түрде алып отыр. Және де көршілес аграрлық аудандар да жиі сатып алады. Әсіресе қазір тамшылатып суаруға қатысты техникалар саудасы жоғары болып тұр. Қазір суды үнемдеу мақсатында шаруа қожалығының барлығы тамшылатып суғару әдісіне өткен. 

Зауытта Жапония мен Германияның аппараттары қолданылады. Еуропа елдері мен Қытайдан токарлық станоктар, фрезерлік станоктар алынған. Осының арқасында зауыт тек қана сапалы техникалар жасап шығып, оның сапасына ұзақ жылдарға кепілдік береді. 

Өңір басшысы зауыт басшысына кәсіпті кеңейту, экспортқа шығару бастамасын көтерді. Қолдау көрсетілетінін жеткізді. Жауаптыларға кәсіпорындарды дамыту бойынша тиісті ұсыныстар әзірлеп, қолдау көрсетуді тапсырды.

Жылына 20 мың тоннан құбыр шығарады
Тәулігіне 100 тонна сүт өңдеуге қауқарлы
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу