Сайрамда кәсіпкерлер бірлесіп жұмыс істейді

Oinet.kz 06-09-2024 231

Screenshot_1.jpg

Берекенің көзі – ауылда. Ауыл – халықтың тіршілігің қайнар бастауы. Миллиондаған адам тұратын қала тұрғындары ауыл халқы асырайды десек қателескендігіміз емес. Себебі ауыла азық-түлік өндірісі жақсы дамыған. Ауыл халқы жер жыртып, егін егіп, мал асырап, қалаға ет-сүт, жеміс-жидек, көкөніс өнімдерін жөнелтеді. Сондықтан да ауылдың еңбекқор халқына мемлекет тарапынан әрдайым қолдау көрсетілуі аса маңызды.

Бүгінде Сайрам ауданында мемлекеттік бағдарламалардың шарапатын көріп, кәсібін өрге домалатып жатқан жеке кәсіпкерлер аз емес. Ақбұлақ ауылдық округі тұрғыны Тұрар Шафриддинұлының шаруашылығы мемлекет тарапынан берілетін жеңілдетілген несие туралы ести сала алғашқылардың бірі болып бағын сынап көрмекке бел буған еді. Кәсіпкер өз шаруашылығын дамыту жұмыстары мен  жоспарымен бөлісіп, өз жобасын комссия мүшелеріне таныстырды. Жобаны іске асыру мақсатында «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында сүт бағытындағы мал шаруашылығы бойынша  8,6 млн. теңге несие алуға мүлкін кепілге қоя отырып, өтінім жолдаған нәтижесінде облыстық комиссияның оң шешімімен 8 млн. теңге берілді. Кәсіпкер несие қаржысына Ақмола облысынан 16 бас сауынды сиыр мал басын сатып алған болатын. Бүгінгі күнде әр мал басынан 10 литрден сүт алып, «Натур Продукт» ЖШС-не тапсыруда.

Содан бері бір жылдан астам уақыт өтті. Кәсіпкердің жұмысы жанданып, аудандағы сүт өндірісінің дамуына өзіндік үлесін қосып отыр. Бүгінде тек Сайрам ауданында емес, көршілес Шымкент, Тараз, Түркістан қалаларындағы дүкен сөрелерінде сайрамдық кәсіпкерлердің өндірген сүт өнімдері көздің жауын алып тұр. Кәсіпкерлердің бұл сапалы өнімдерін үйінде жас балалары бар отбасылар тұрақты түрде тұтынады. Себебі таза табиғи сүттен өндірілген өнімдер денсаулыққа аса пайдалы. Әсіресе бала денсаулығына маңызы зор. Кез келген педиатрдан сұрасаңыз, бала қанша жаста екеніне қарамастан, жүйке жүйесі мен миының толық дамуы үшін сүт ішуі керек екенін растайды. Ал майсыздандырылған не сұйылтылмаған сүттің қайсысын беру туралы сұраққа педиатрлар баланың денсаулығына байланысты әрқалай жауап береді. Оның салмағын, бойын, жасын есепке ала отырып, шешім қабылдайды. Ал негізінде балаға майы алынбаған табиғи сүт пайдалырақ келеді.

Бала шаршамайтындай көрінгенімен, олардың да ағзасы қуат алып тұруды қажет етеді. Сүт құрамында фосфор, ақуыз, А және В тобының дәрумендері мол, ол баланың жетілуіне жақсы көмектеседі. Сүт дәрумендердің ағзаға сіңімділігін арттырып, иммундық жүйені күшейтіп, қуаттандырады. Ересектер секілді балалардың да денесі құрғап кетуден сақтанған жөн. Оның үстіне балалар көбірек қимыл-қозғалыста болады. Сол себепті ағзадағы су деңгейін бірқалыпты ұстау күрделірек. Бұл жерде де бізге көмекке сүт келеді. Оның құрамында су молекулалары көп болғандықтан, баланы құрғақтықтан сақтайды. Алайда оның да мөлшерін білген жөн. Сүтті шектен тыс көп ішкен бала дәруменге толы басқа тамақтардан бас тартуы мүмкін.

Құрамында табиғи дәрумен көп сайрамдық сүтке деген халықтың көңілі ерекше. Тұнық су ішіп, балауса шөп жеген малдың сүті дәмді болары айдан анық.

Санға емес, сапаға жұмыс істейтін кәсіпкердің ісі берекелі болары белгілі. Осыны ұран етіп ұстанған Тұрар Шафриддинұлы сиырдың сүтінің қаймағы мол болуына аса қатты мән береді. Егер сүт көк су татып кетсе, бір күннің ішінде клиенттерінен айрылып қалады. Сондықтан да ол әрқашан сапаны басты назарда ұстайды. Әйтпесе қазір сүтке су қосып сататындар көбейген. Олардың сүті өте сұйық және тым дәмсіз болады. Мұндай адамдар ар-ұятты ұмытып, ақшаның соңынан кеткен. Бірақ олар тез әшкере болып, кәсіптері берекесіздікке ұшырайды. Мұндай азаматтар сайрамдық адал кәсіпкерлердің абыройына өз залалын тигізеді. Осы орайда ауданда азық-түліктің сапасын тексеретін мамандар қызу жұмыс істеуде. Қазір дүкен сөрелеріне тек сапалы өнімдер жіберіледі.

Сайрамда мемлекеттің шарапатын көріп, жұмысын заңдастырып, адалынан нан тауып отырған кәсіпкерлер саны артып келе жатқандығы қуантады. Тұрар Шафриддинұлы алдағы уақытта шаруашылығын дамыту аясында мал басын ұлғайтуды жоспарлап отыр.

Сайрамдық кәсіпкерлерге жаңа деңгейге шығуға мүмкіндік мол
Ауыл округтеріндегі жеке кәсіпкерлерге қолдау көп
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу