Сайрамдық кәсіпкерлерге жаңа деңгейге шығуға мүмкіндік мол

Oinet.kz 05-09-2024 81

Screenshot_1.jpg

Сайрам ауданында шағын және орта кәсіпкерлік жақсы дамыған. Әсіресе орта кәсіпкер деңгейіне жету үшін ұмтылып жатқан кәсіпкерлер өте көп. Дегенмен көпшілігінің ынтасы болғанымен, қаражаты жете бермейді. Яғни кәсіпкерлікті жаңа деңгейге шығару үшін мол қаржы керек. Ал кәсібін енді дөңгелетіп жатқан шағын кәсіпкерде ірі көлемдегі қаржы болмайтыны айдан анық. Олар қаржы жинап, жаңа белеске шығып, асуды бағындырамыз дегенше оншақты жыл өте шығады. Ал он жылда көптеген нәрсе өзгеріп, тенденция ауысуы мүмкін. Тенденция ауысқанда кәсіпкер заман ағымына ілесе алмай, көш соңында қалып кетуіне себеп көп.

Сондықтан да кәсіпкер заман талабына сай, өз кәсібіне тез арада өзгеріс енгізіп, ылғи дамып отыруы керек. Сайрамда «Калкаев» жеке кәсіпкерлігі ұзақ жылдардан бері абыроймен жұмыс істеп келді. Жеке кәсіпкерлік жетекшісі Бакт Калкаев жылқы малын қалай бағуды бес саусағындай біледі. Ата-баба дәстүрін жалғастырып келе жатқан Бакт болашақ кәсібін осы жылқымен байланыстырады. Қазақ халқының жылқы етіне деген ерекше ықыласын білетін ол жылқы бордақылауға кіріседі. Ол жылқы етінің денсаулыққа пайдасын әбден зерттеді. Жылқы еті қандағы холестериннің мөлшерін төмендетіп, улы заттарды жояды.  Е және В дәрумендерінің молдығының арқасында жылқы еті қан айналымын жақсартады. Жылқы етін стресс пен күйзелісті басу үшін пайдалануға болады. Жұмыстан соң қатты шаршаған адам жал-жая жесе, миы тынығып, жүйке жүйесі қайтадан қалпына келеді. Глюкогенге бай жылқы етін жиі пайдаланған адам шаршамайды. Темір мен В12 дәруменіне бай болғандықтан қаны аз адамдарға өте пайдалы.

Шетелдік дәрігерлер жылқы майының адам организмінде тұнбаға түсбейтінін зерттеген. Жылқы етінің 17 түрлі ауруға ем. Жылқы етінің қасиеті жүрек қан тамыр ауруларға, бүйрек жұмысын жақсартуға, буын сүйектердің сырқырауына және ішкі ағза дұрыс жұмыс жасауға тигізер пайдасы орасан зор. Ағза жасушалардың жаңартып отыратын, емдік қасиетінің басты қағидасы қартаймауға апаратын жол. Жылқының жүрегі ми қызметін жақсартады. Мидағы жасушаларды жаңартып, есте сақтау қабілетін арттырады.

Осылайша ол ұзақ жыл жылқы малын бордақылап, етін ауыл-аймаққа сатты. Жыл өткен сайын оның тұрақты сатып алушылары көбейді. Ол сатып алушыларының көңілінен шығу үшін оларға түрлі жеңілдіктер жасап, тек сапалы ет ұсынуға барын салды. Нәтижесінде адал еңбек жемісін беріп, бүкіл ауданға танымал болды. Уақыт өте келе ол кәсібін кеңейтуді көздеді. Осылайша ол мемлекеттен жеңілдетілген несие алуды жоспарлады. Тиісті мамандармен кеңесіп, бизнес жоспар жазып, оны сәтті қорғап, «Агробизнес» бағдарламасы аясында жылқы басын бордақылауға мемлекеттен 59 200 000 теңге несие алды. Бұл несиенің жылдық пайыздық сыйақысы 22 пайыз. 6 пайыздық мөлшерлемесін кәсіпкер, қалған пайызына субсидия қарастырылған. Несие мерзімі 48 ай. Сонда Бакт Калкаев 59 миллион теңгеден астам несиені 48 ай, яғни 4 жыл төлейді. Және ең бастысы несиенің жылдық үстемақы пайызы 6-ақ. Бұл деген кәсіпкерге өте үлкен қолдау.

Қазіргі таңда «Калкаев» оның бір жылын төлеп қойды. Алда 3 жыл қалды. Кәсібі жақсы қарқынмен дамып келеді. Жаңа қора салынды. Мал басы асылдандырылды. Қорада малды жемдеуде жаңа технологиялар қолданылады. «Калкаев» заманның озық үлгідегі технологияларын кеңінен пайдаланып, игілігін көріп отыр.

59 милилон теңге деген аз ақша емес. Бұндай сомамен кәсіпті барынша кеңейтіп, орта кәсіпкерлікке еш қиындықсыз шығуға болады. Әрине ол үшін кәсіпкер өте іскер болуы керек. Ал Бакт Калкаевтың іскерлігіне ешқандай күмән жоқ. Ол төрт жылда несиеден толықтай құтылып, «Калкаев» шаруа қожылығын республикаға танымал шаруа қожалықтары қатарына қосуды көздеп отыр. Және ол бұл мақсатына жететініне кәміл сенімді. Көз қорқақ, қол батыр демекші, ол ірі жобаларға еш қорықпай кісіріп кете алатын қасиетке ие. Бұл кәсіпкер өте қажет қасиет.

Бүгінде «Калкаев» шаруа қожалығы тек Сайрам ауданын емес, бүкіл Түркісан өңірін дәмді жылқы етімен қамтып отыр.

Ірі қара етіне сұраныс мол
Сайрамда кәсіпкерлер бірлесіп жұмыс істейді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу