Ірі қара етіне сұраныс мол

Oinet.kz 05-09-2024 147

Screenshot_1.jpg

Қазақ халқы ірі қара малына ерекше құрметпен қараған. Оны төрт түлік қатарына қосып, оған Зеңгі бабаның төлі деп атау берген. Ірі қара өте пайдалы. Оның еті өте тойымды. Және ең бастысы оның сүтінен көптеген өнімдерді дайындауға болады. Мысалы, құрт, ірімшік, айран, қаймақ, сүзбе. Мұның бәрі денсаулыққа өте пайдалы. Ағарған жер өскен баланың сүйегі мығым болып, денсаулығы жарау аттыкындай ойнақтап тұрады. Ағарғанның адам өмірінде алар орны ерекше. Қазақ халқын ет-сүтсіз елестете алмайсыз. Көшпелі өмір салтын ұстанған қазақ халқы әрқашан ірі қараны өзімен бірге алып жүрген.

Бүгінде ірі қара малының етіне де сұраныс көбейген. Оның етінен түрлі полуфабрикаттар дайындап, дүкен сөрелеріне жібереді. Себебі сиыр еті ұзақ мерзімге сақтауға өте қолайлы. Сондықтан да тез дайындалатын тағам дайындайтын сиыр етін пайдаланады. Түркістан өңірінде осы себепті сиыр етіне сұраныс жоғары. Ал бұл сұранысты Сайрам ауданың жеке кәсіпкерлері қанағаттандыруға тырысады. Соның бірі – «Дануна» шаруа қожалығы. Бұл қожалықты басқаратын Алишер Убайдуллаев ұзақ жылдардан бері ірі қара малын бордақылаумен айналысады. Ол мал бордақылаған кезде малды табиғи түрде семіртуге тырысады. Ешқандай химиялық дәрілер қолданбайды. Соның арқасында оның бордақылаған малының еті өте дәмді. Дәмі тіл үйіреді, ауызда ериді. Осы ерекшелікке байланысты Алишер Убайдуллаевтың клиенттері айтып, ол «Дануна» шаруа қожалығын ашты. Шаруа қожалығы үздіксіз дамып, клиенттік базасын кеңейтті. Бірақ сапалы өнім беретін қожалыққа келетін адамдар саны қатты көбейді. Нәтижесінде «Дануна» шаруа қожалығы өткен жылы «Агробизнес» бағдарламасы аясында мүйізді ірі қара басын бордақылау мақсатымен 16 000 000 тг несие қаражатқа қол жеткізді. Алишер Убайдуллаев бұл қаржының барлығын мал бордақылауға қажетті құрал-жадбықтар, жем-шөп, дәрумен алып, қора-жайын кеңейтуді мақсат тұтты.

Сиыр еті - бұл қосымша тамақтану басталған кезде нәрестелер диетасына енгізілетін ет түрлерінің бірі. Сиыр етінің сорпасы - ауыр сырқаттан кейінгі ең жақсы құрал. Еттің бұл түрі көптеген пайдалы қасиеттерге ие, бірақ сонымен қатар бірқатар қарсы көрсеткіштер де бар. Барлығын дәл қазір біліп алыңыз! Соңында сиыр етін таңдау мен дайындауға арналған 10 кеңес бар! Сиыр еті - бұл калория мөлшері аз және көптеген қоректік заттардан тұратын еттің керемет түрі. Оны диетаға спортшыларға және диетаны ұстанатын немесе иммунитетімен проблемалары бар кез-келген адамға енгізу ұсынылады. Сиырдың үш түрі бар: жоғарғы, бірінші және екінші. Ең жоғары сорт - бұл сироп, артқы және кеудеден алынған ет. Әдетте бұл ең шырынды және ең аз талшық. Бірінші сорт - мойыннан, қапталдан, иық пен иықтан алынған ет. Екінші дәреже - алдыңғы және артқы жіліншік, кесілген.

Сиыр еті жануарлардың тұқымымен де ерекшеленеді. Мраморлы сиыр еті бүкіл әлемде бағаланады - бұл шын мәнінде мәрмәр тасқа ұқсайтын нағыз нәзіктік. Бұл әсер майдың жұқа қабаттарымен жасалады, олар пісірілген кезде етті таңқаларлық шырынды және нәзік етеді. Мраморлы сиыр етін алу үшін бұқаларды арнайы технологиялар бойынша өсіреді: жануарларды интенсивті тамақтандырады, ал сою алдында олардың рационында тек дән қалады, сонымен қатар олардың қозғалысы шектеулі.

Содан бері арада бір жыл өтті. Бүгінде «Дануна» шаруа қожалығы қаржының бәрін толықтай игеріп, жоспарды жүйелі түрде жүзеге асыруда. Мал басы артып, қора да кеңейді. Алишер Убайдуллаев жанына қосымша жұмысшылар алып, жұмыс ауқымын да кеңейтті. Нәтижесінде ол бүкіл ауданда көтерме бағада мал етін сататын танымал шаруа қожалықтарының біріне айналды. Сайрамдағы барлық базар, ет дүкендері «Дануна» шаруа қожалығы туралы біледі. Ол халықты өзінің сапалы өнімдерімен мойындатты.

Бүгінде «Дануна» шаруа қожалығы мемлекет тарапынан берілген жеңілдетілген несиені каникулға қарамасатан төлеуге кірісіп те кеткен. Табыс көп түсіп тұрған соң қарыздан барынша құтыла берген абзал деп шешті. Енді «Дануна» алдағы уақытта бұдан да ірі масштабты бағындырып, бүкіл республиканы ірі қара етімен қамтуды жоспарлап та отыр.

Тұрақтылықты қамтамасыз етеді
Сайрамдық кәсіпкерлерге жаңа деңгейге шығуға мүмкіндік мол
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу