Қошановтың Исмоиловтан не артықшылығы бар?
20-11-2024
Түркістан қалалық штаб мүшелері облыстық ауруханада денсаулық сақтау саласының қызметкерлерімен кездесіп, атом энергетикасын дамыту перспективаларын талқылады.
Одан кейін АЭС салуды қолдау жөніндегі Халықтық штаб мүшелері зиялы қауым өкілдерімен кездесті. Оны Түркістан облыстық мәслихатының хатшысы Қайрат Балабиев жүргізді. Іс-шара барысында Қазақстандағы атом энергетикасын дамыту перспективалары және алдағы 6 қазанда өтетін жалпыхалықтық плебисцитте АЭС-ты қолдап, дұрыс шешім қабылдаудың маңызы талқыланды. Әңгімелесу барысында референдумға қатысу үшін тұрғындарды жұмылдыру қажет екеніне ерекше назар аударылды. Халықтық штаб қоғамда зор беделге ие зиялы қауым өкілдерінің атсалысуы ел Тәуелсіздігін одан әрі нығайтатын АЭС-тың маңызын адамдарға дұрыс жеткізуге мүмкіндік беретініне сенімді.
- Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа Жолдауында атом энергиясын дамыту маңызына тоқталып, атом электр стансасын салу шешімін бұқара халықтың талқысына ұсынатынын мәлім етті. Бұл әрине, әділетті шешім. Сала маманы және жетекшінің бірі ретінде АЭС-тің басқа энергия көздерінен (cу, көмір, газ, жел, күн) артықшылығына аз-кем тоқталғым келді. Судан энергия өндірейік десек, елде таулар мен одан сарқыраған бұлақтар, өзендер тым аз. Негізінен жазық жерде орналасқан ел болған соң жаңа әрі «жасыл энергия» көзіне ұмтыламыз. Бүгінгі күнде ол – АЭС. Энергияның бұл түрі көмір, газ, гидроэнергетика, жел және күн сияқты басқа энергия көздеріне қарағанда да бірқатар артықшылыққа ие.
Ең алдымен, АЭС электр энергиясының тұрақты және қуатты өндірісін қамтамасыз етеді. Ол желінің негізгі жүктемесін үзіліссіз сақтай алады. Сондай-ақ тиімділігі климаттық жағдайларға байланбайды. Нақтырақ айтқанда, жел мен күн сияқты жаңартылатын көздерден айырмашылығы, АЭС тұрақты және сыртқы факторларға тәуелсіз жұмыс істейді, - дейді Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің профессоры, композитор, ҚХА мүшесі, ғалым-педагогы Бекжігіт Сердәлі.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Жолдауында ел экономикасын ілгерілетудің негізгі тетіктеріне тоқталып, шешу жолдарын көрсеткен еді. Оның ішінде, ең маңыздысы әрі мазмұндысы – атом электр станциясын (АЭС) салуға қатысты жалпыұлттық референдум өткізу. Бұл шара әбден сала мамандары мен қоғам белсенділерінің талқысынан өтіп, барып қабылданған шешім. Енді, бұл бастаманың нүктесін халықтың дауысы шешеді. Яғни, референдум 6 қазанда өтеді. Осыған орай құрылған жұмыс тобының мүшесі, Түркістан облысы іскер әйелдер қауымдастығының және ҚР Журналистер Одағының мүшесі Ақмарал Ғаниқызы Президенттің бастамсын қолдайтындардың бірі.
- Жуырда ҚР Ұлттық Ғылым академиясы жас ғалымдар кеңесінің отырысы өтті. Кездесуге қатысушылардың пікірінше, атом электр станциясының құрылысы Қазақстанның энергетикасын әртараптандыруға мүмкіндік береді және елдегі электр қуатының тапшылығы мәселесін шешуге ықпал етеді. Сонымен қатар, АЭС қолданбалы ғылымда жаңа бағыт құруға мүмкіндік бермек. Талқылауға ядролық физика институтының, Ұлттық ядролық орталықтың және отандық жоғары оқу орындарының мамандары қатысты. Қазіргі атом энергетикасына қатысты әртүрлі тақырыптар талқыланды. Жиында ғылыми зерттеулер мен заманауи технологияларды әзірлеуден бастап, әлемнің әртүрлі елдеріндегі кадрларды даярлау жүйелері сөз болды. Жас ғалымдар атом өнеркәсібін құратын дамушы елдердің тәжірибесіне ерекше назар аударды. Қазақстанға қатысты Энергетиканың жаңа түрі жердің табиғи байлығын, атап айтқанда, қазіргі уақытта шикізат ретінде экспортқа шығатын уранды барынша толық және ұтымды пайдалануға мүмкіндік береді. Сонда Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ кафедра меңгерушісі Медеу Әбішевтың «Қазіргі уақытта біз Қазақ ұлттық университетінде Ядролық инженерлерді дайындап жатырмыз. Осы уақытқа дейін біз ядролық физиктерді дайындадық, бірақ физиктер мен инженерлер әртүрлі. Сондықтан біз осы қондырғыларда тікелей жұмыс істейтін инженерлік кадрларды даярлауға көштік. Бұған бізден басқа тағы 6 оқу орны қатысады» деп айтты. Сондықтан да біз АЭС соғу барысында маман тапшылығы болады деген сенімнен арылып, ел жастарына сенім қазірден артуымыз керек, - деді өз сөзінде.
Жиынға қатысушылар белсенділік танытып, штаб мүшелеріне АЭС-тың қоршаған ортаға тигізетін зияны мен пайдасы, радиоактивті қалдықтар және нысанның салынатын орны, тариф жайлы сұрақтарды қойды. Ол сұрақтарға тиісті сала мамандары жауап беріп, облыстың зиялы қауымын 6 қазанда референдумға қатысып, дауыс беруге шақырды.