Маңызды мәселелер референдум арқылы шешілгені дұрыс

Oinet.kz 10-09-2024 196

Төлеби ауданы әкімдігінің мәжіліс залында Халықтық штаб отырысы өтті. Оған аудандық мәслихаттың депутаттары, аудан әкімінің орынбасарлары мен бөлім басшылары, қоғамдық ұйымдар мен аудан ақсақалдары, жастар мен валонтерлер қатысты. Штаб жұмысын аудандық мәслихат төрағасы Нұрлан Қойбағаров ашып жүргізіп отырды. 

Screenshot_57.jpg

- Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев былтыр атом энергетикасын дамыту басты экономикалық және саяси аспектіге айналғанын айтқан еді. Елімізда АЭС салу бойынша бір жыл жария талқылау жүргізілді. Жуырда Президентіміз «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Жолдауында АЭС құрылысы жалпыұлттық референдум арқылы шешілетінін айтып, оны өткізу мерзімін 6 қазан деп жариялады, - деді ол. 

Бұл – Мемлекет басшысының «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» құрудағы ұстанымының дәлелі. АЭС салынса жаңа жұмыс орындары ашылады. Отандық уран қоры ел игілігіне пайдаланылады. Тұтынушылар үшін тұрақты тариф бекітуге ұзақ мерзімді мүмкіндік тудыратыны анық. 

Жиында мәслихат депутаты Белес Рысбаев «Шет елде АЭС салып, оның игілігін көріп жатқан елдерге қарап көз тояды. Сол сияқты еліміздің де энергетикалық еркіндікке жетуі импорттық шығынды азайтып, табысқа кенелуге жол ашады. Қазір жырақтағы жайлаудағы шаруашылықтар жеке дара жарық стансаларын орнатып жатыр. Есесіне энергия тұрғысынан кісіге кіріптарлықтан арылған. Тура сол сияқты уранға бай қазақ даласында да энергетикалық тәуелсіздік керек боп тұр. Мұны отандық және шетелдік сарапшылар да әубастан айтып келеді. Жер бетінде 415 ядролық реактор жұмыс істейді. Оның 74 пайызы – қысым астындағы жеңіл су реакторлары. Бұл реакторлар бірде-бір апатқа ұшырамағандықтан, сенімді энергия көзі саналады. Сол себепті елімізде де АЭС-тің осындай түрін салу көзделген. Көпшіліктің көкейіне күмән ұялататыны Фукусима және Чернобыльде орын алған апаттар. Ол өткен ғасыр мен өткен шақтың сынағы мен сабағы. Одан беріде ғалымдар тынбай, талмай талаптанып, тиімді әрі қауіпсіз тәсілдерін түр-түрімен тапты. Оның ең заманауи үлгісі әлгінде айтқан қысым астындағы жеңіл су реакторлары. Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттік қазіргі реакторлардың қауіпсіздік деңгейлерінің адам қасақана апат жасауға әрекет етсе де, қауіпсіздік жүйелері оған жол берілмейтіндей етіп жасалғанына көз жеткізген», - деп атап өтті өз сөзінде.

Атом электростанциясы ол электр қуатын өндіретін станция болып табылады. Қазіргі таңда қазақстанда азанда және кешкі уақыттарда энергия дефициті сезілуде. Сол уақыттарда энергия тапшылығын толтыру үшін көршілес мемлекеттерден электр қуатын сатып алуға мәжбүр болып отырмыз. Бұл болашақта біздің энергетикалық қауіпсіздігімізге нұқсан келтіруі мүмкін. Сондықтан, бізге базалық генерация керек. АЭС соның бірден бір түрі. Қазіргі бізге ұсынылып жатқан атом энергетикалық реакторы 3+ буынды энергетикалық  реакторлары әлемдегі ең қауіпсіз ректорлардың бірі болып саналады. Бүгінде әлемнің 32 елінде 415 астам атом реакторы энергетикалық реакторлары жұмыс жасап тұр. Оның 200 астамы осындай сулы энергетикалық реакторларымен істеуде.

Ал «Жарық жол» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры Асқар Тұртаев АЭС құрылысы сияқты өте маңызды мәселелер референдум арқылы шешілгені өте дұрыс деп санайды. Себебі, бізде «естуші мемлекет» қағидаты жүзеге асуда. Халықтың ой пікірін тыңдап, соған байланысты жұмыс жасалу керек. Жалпы Президент Жарлығына сәйкес елімізде АЭС салу не салмау туралы сұрақтың жауабын референдум арқылы халық шешеді. 

«Бүгінде әлем бойынша 31 елде 415 атом реактор бар болса, тағы 60-қа жуығы жаңадан салынып жатыр. Әлемдегі ең қуатты атом электр станcалары Жапония, Оңтүстік Корея, Франция, АҚШ-та орналасқан. Ал Қытай, Үндістан, Түркия, Мысыр сынды елдер соңғы жылдары атом энергетикасына белсенді түрде инвестиция салып жатыр. Егер 6 қазанда халық қолдап, елімізге АЭС салу туралы шешім қабылданатын болса, қазір 4 елдің тәжірибесі қарастырылып жатқанын білеміз. Олар – қытайлық CNNC, кореялық KHNP, ресейлік «Росатом» және француздық EDF компаниялары. Бұл елдің қай-қайсысы салса да алдымен біздің ел үшін қауіпсіздік мәселесіне ерекше мән береді деп ойлаймын», - дей келіп, Нұрлан Қойбағаров жиынды қорытындылап, көпшілікті 6 қазанда жалпыұлттық референдумға қатысып, дауыс беруге шақырды.  

АЭС – салудың артықшылығы көп
Тұрақтылықты қамтамасыз етеді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу