Ғалымдар өз талдауын жасады, ендігі таңдау халықта

Oinet.kz 20-07-2024 41

Қазір әлемде энергия тапшылығы күшейіп барады. Елімізге сенімді және экологиялық таза қуат көздері аса қажет. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты ел халқына арнаған Жолдауында «Біз атом энергетикасын дамытуға баса мән беруіміз керек деп ойлаймын. Себебі экономикамыз күн өткен сайын мол энергияны қажет етуде. Мұндай сұранысты атом энергетикасы қамтамасыз ете алады. Қазір дамыған және дамушы 30 мемлекетте 200-ге жуық атом электр стансасы жұмыс істеп тұр. Біз еліміздің өзіне тән ерекшелігін және ұзақ мерзімге арналған ұлттық мүдделерімізді ескере отырып, тек алға қарай жүруіміз қажет. Бір сөзбен айтсақ, болашақты ойлауымыз керек. Сондықтан мен атом электр стансасын салуға қатысты барынша байыпты шешім қабылдау қажеттігін ұдайы айтып келемін» деді Президент.

Screenshot_40.jpg

Мемлекет басшысының тапсырмасымен атом электр станциясын салу туралы референдумға қатысты да мәселе қоғам талқысына түскеніне бір жыл болды. Бұл Президент айтқандай-ақ азаматтарымыздың жан-жақты ойланып, салмақты шешім қабылдауына жеткілікті мерзім. Сөйтіп жаңа Жодауда Мемлекет басшысы атом электр станциясын салу мәселесіне қатысты жалпыұлттық референдум өткізетіндігін мәлімдеп, мерзімін жариялады.  

Әрине, ел халқы атом энергиясын бейбіт мақсатта қолданылғанын қалайды. Бүгінгі күні оның қолдаушыларының бірі «Байтақ жасыл» партиясы. Яғни, осы «Байтақ жасыл» партиясының өкілдері жуырда Астана қаласында өткен KazAtomExpo халықаралық ядролық технологиялар көрмесі аясында атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалану және оның Қазақстанның энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі рөлі туралы пленарлық отырыста Ұлттық ядролық орталықтың, Ядролық физика институтының және Ядролық технологиялар паркінің қызметкерлерімен бірге атом энегиясын бейбіт мақсатта пайдалану жайын сөз еткен болатын.

«Байтақ жасыл» партиясы ол отырыста ядролық технологиялардың қауіпсіздігіне, атом энергетикасының экологиялық тұрақтылығына және оның тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізуге қосқан үлесіне кеңінен тоқталды. Жалпы онда ядролық технологиялардың қауіпсіздігі, оның барысында сарапшылар ядролық объектілердегі заманауи қауіпсіздік жүйелерін, халықаралық стандарттарды және ядролық қауіпсіздік саласындағы Қазақстанның тәжірибесін талқылады. Сондай-ақ сессияға қатысушылар атом энергетикасының экологиялық тұрақтылығы, радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу, ядролық қондырғыларды залалсыздандыру және пайдаланудан шығару мәселелерін қарады. Бұдан бөлек, көміртекті бейтараптыққа қол жеткізудегі атом энергетикасының рөлі, мұнда төмен көміртекті энергия көзі ретінде атом энергетикасын дамыту перспективалары және оның Париж келісімінің мақсаттарына қол жеткізуге қосқан үлесі да сөз болды. 

«Ұлттық ядролық орталық» РМК бас директорының ғылым жөніндегі орынбасары Владимир Витюк «Ұлттық ядролық орталық» Қазақстанның ядролық қауіпсіздігін қамтамасыз етуде шешуші рөл атқаратындығын жеткізді. «Біз ядролық отын циклінің барлық кезеңдерінде технологияларымызды жетілдіру және қауіпсіздік деңгейін арттыру бойынша белсенді жұмыс істеп жатырмыз», - деді ол. 

Ал Ядролық физика институтының басшысы Саябек Сахиев болса ядорлық физика институтының жұмысы туралы айтып, «Ядролық физика институты атом энергетикасы мен өнеркәсіп саласында белсенді зерттеулер жүргізуде. Біз атом энергиясын одан да қауіпсіз, тиімдірек және адам өмірі үшін пайдалы ететін жаңа технологиялар мен материалдарды жасап жатырмыз», - деді.

– «Байтақ жасыл» партиясы жоғары қауіпсіздік стандарттарын сақтай отырып, атом энергетикасын дамытуды қолдайды. Біз атом энергетикасы болашақтың жасыл энергетикасының маңызды элементіне айнала алады деп есептейміз», - деді «Байтақ» партиясы аппаратының жетекшісі Бекберген Керей.

Оның айтуынша, атом электр станциялары жұмыс кезінде көмір немесе табиғи жанармай құю станцияларына қарағанда әлдеқайда аз отынды тұтынады, бұл өз кезегінде көміртегі бейтараптығы мақсаттарына қол жеткізуге көмектеседі. Біріккен Ұлттар Ұйымының Еуропалық Экономикалық Комиссиясының (UNECE) мәліметтеріне сүйенсек, ядролық энергетика парниктік газдар шығарындылары ең төмен. Ал көмір – 820 грамм/кВт/сағ (СО2 эквиваленті), табиғи газ – 490 грамм, су электр станциялары – 24 грамм, СЭС (күн концентраторы) – 48 грамм, ядролық – 12 грамм. Сонымен қатар, ядролық энергетика жаһандық жылынумен күресу құралдарының бірі болып табылады. Мысалы, Еуропадағы атом электр станциялары жыл сайын 700 миллион тонна СО2 шығарындыларын болдырмайды.

Ғалымдар өз талдауын жасады, ендігі таңдау халықта. 6 қазанға белгіленген жалпыхалықтық референдумда халық өз таңдауын жасап атом электр станциясын салу, салмау туралы дауыс беріп, таңдау жасайтын болады. 

Елімізде атом энергетикасын дамыту туралы шешімідер уақытында жасалған игі қадам
Шығыс Қазақстан облысында Тұғыл ауылдық округі әкімі өз орнын сақтап қалды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу