Шығыс Қазақстан облысында Тұғыл ауылдық округі әкімі өз орнын сақтап қалды

Oinet.kz 20-07-2024 63

Шығыс Қазақстан облысының Тарбағатай ауданы Тұғыл ауылдық округі әкімін сайлауы өтті. 11 тамызға тағайындалған сайлау ұйымшылдықпен, жоғары дайындықпен өткізілді. Тарбағатай аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Жаннұр Ашмуханованың айтуынша, Тұғыл ауылдық округі әкіміне үш кандидат тіркелген. Оның 

Screenshot_41.jpg

бірі әйел. Екеуі өзін-өзі ұсынса, бірін Amanat партиясы ұсынған. Округте өткен сайлауға сайлау учаскесі бойынша сайлаушылар тізіміне енген 2646 сайлаушының 2304-і қатысып, өз таңдауын жасаған. 

- Жоғарыда айтқанымдай сайлауға кандидат болып тіркелгендердің екеуі өзін-өзі ұсынса, бірі саяси партия тарапынан ұсынылып отыр. Соның бірі – 1964 жылы дүниеге келген Жаңаауыл ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы Қызырхан Фугатұлы Тисаев. Екінші үміткердің есімі Жадыра Бесимбайқызы Мұрзабекова. 1988 жылы дүниеге келген ол Жетіарал ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы. Екі кандидат та өзін-өзі ұсынғандар. Ал Amanat партиясы ұсынған үшінші кандидаттың есімі Қанат Шеризатұлы Свенов. 1971 жылы дүниеге келген ол осы – Тұғыл ауылдық округінің әкімі. Оның өз орнына тағы бір қайтара сайлауына мүмкіндігі бар. Сайлау туралы заңда бір ауылдық округке бір адам екі рет сайлана алатыны айқындалған. Ал негізгі таңдау халықта. Округ тұрғындары 11 тамыз күні өз таңдауларын жасап, лайықты әкімді дауыс беру арқылы сайлап алды, - дейді Тарбағатай аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Жаннұр Ашмуханова. 

Сайлау қашан да – елге сын, ұлтқа жауапкершілік жүктейтін, азаматтық позицияға тың серпін беретін ертеңнің ісі, болашақтың бағдары. Осы талаптың жауапкершілігін сезіне білген Шығыс Қазақстан облысында аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің әкімдерін сайлау заң шеңберінде әділ өткізіліп келеді. Кешегі өткен сайлауда халықтың ұйымшылдығы мен ынтымағының беріктігіне көзіміз жете түсті. 

Сонымен Тарбағатай  ауданы Тұғыл ауылдық округі әкімінің сайлауында тізімге енгізілген сайлаушылар саны – 2646 адам болса, сайлау учаскесіне келіп, өз таңдауын 2304 адам жасады. Жалпы тұрғындардың 87,7 пайызы дауыс берген. Сайлау қорытындысында Мурзабекова Жадыра Бесимбайқызы сайлаушылардың – 145, Свенов Канат Шеризатұлы – 1930, яғни халықтың 87,2 пайыз дауысын иеленді. Ал Тисаев Кызырхан Фугатович – 133 дауыс жинаған. Дауыстарды санау барысында «Барлығына қарсы» белгісі бар бюллетеньдер саны 10 болды. Дауыс беру нәтижесі бойынша Amanat партиясы ұсынған, 1971 жылы туған, округтің әкімі Свенов Канат Шеризатұлы өз орнын сақтап қалды. Сөйтіп, халықтың таңдауымен Тұғыл ауылдық округінің әкімі болып қайта сайланды.

Свенов Қанат Шеризатұлы 1971 жылы 1 ақпанда Өскемен қаласында дүниеге келген. Ұлты қазақ. Білімі – жоғары. 1996 жылы «Семей» мемлекеттік универститетін мал дәрігері мамандығы бойынша бітірген. Еңбек жолын 1988 Тарбағатай ауданындағы мал сою комбинатында жұмысшы болып бастаған. Одан кейін Зайсан балықшаруашылығы комбинатында слесарь, мал дәрігерлік станциясының ветеринар-мал дәрігері,  меңгерушісі, Тұғыл кенттік әкімшілігінің бас маман-статисті, Тұғыл ауылдық округі әкімінің бас маманы, жетекші маманы, округ әкімінің орынбасары болып жұмыс істеді. Ал 2020 жылдан бастап осы уақытқа дейін Тұғыл ауылдық округінің әкімі қызметін атқарып келген. 

Ғалымдар өз талдауын жасады, ендігі таңдау халықта
Қостанай облысындағы Аманқарағай ауылдық округінің әкімі халық сеніміне қайта ие болды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу