Қостанай облысындағы Аманқарағай ауылдық округінің әкімі халық сеніміне қайта ие болды

Oinet.kz 20-07-2024 16

Өңірлерде аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің әкімдерін сайлауы жалғасуда. Соның бірі 18 тамыз күні Қостанай облысының Әулиекөл, Бейімбет Майлин, Денисов, Қамысты, Меңдіқара, аудандарының және Арқалық қаласында өткізілген болатын.

Screenshot_42.jpg

Облыстық аумақтық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Жамиля Самбаеваның айтуынша, облыстың 6 ауданындағы 10 ауылдық округ пен 1 қалада сайлау ұйымшылдықпен өткен. 

- Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт тоқаевтың тапсырмасына сәйкес аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің әкімдерін сайлауы өз жалғасын тауып отыр. Бүгінге дейін Қостанай облысында елуге тарта ауылдық округ әкімдерінің сайлауы өткізіліп, әкімдердің құрамы 80 пайызға жаңарды. Ал осы жылдың 18 тамызына тағайындалған әкім сайлауына Әулиекөл ауданындағы Аманқарағай, Бейімбет Майлин ауданындағы Байшуақ ауылы, Денисов ауданындағы Перелески, Глебовка ауылдары мен Покров ауылдық округі, Қамысты ауданындағы Алтынсарин, Қарабатыр ауылдары және Аралкөл ауылдық округі, Меңдіқара ауданындағы Буденный және Ломоносов ауылдық округтері мен Арқалық қаласының Фурманов ауылы қатысты. Бес аудан мен бір қала бойынша 11 ауылда округ әкімінің сайлауы жоғары деңгейде ұйымдастырылып өткізілді, - дейді төраға орынбасары.

Әлиекөл ауданы Аманқарағай  ауылдық округі әкімінің сайлауына сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне еген 4662 адамның 3343-і қатысып, дауыс берген. Әулиекөл ауданының аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы төрағасы Г.Нұрахметованың айтуынша, Аманқарағай ауылдық округінің әкіміне 3 кандидат тіркелген. Оның бірі саяси партиядан, екеуі өзін-өзі ұсынған. Amanat партиясы округтің әкімі, 38 жастағы Бегзат Коккинакиович Абдильдинді қайта ұсынды. Сайлау заңы бойынша ол екінші қайтара сайлануына мүмкіндігі бар. Ал өзін-өзі ұсынғандардың бірі - Қуат Давильбекұлы Альденов. 31 жастағы ол Чернигов ауылдық округі әкімі аппаратының жетекші маманы. Екінші кандидаттың есімі – Жанат Сейтбекұлы Ержанов. 50 жастағы ол Тимофеев ауылы әкімі аппаратының бас маманы. Сайлау қорытындысында Бегзат Коккинакиович Абдильдин сайлаушылардың 2434 дауысын жинап, өзге қарсыластарына қарағанда басымдыққа ие болды. Ал оның қарсыластары Қуат Давильбекұлы Альденов сайлаушылардың 257, Жанат Сейтбекұлы Ержанов 601 дауысына ие болған. Сайлау бюллетеньдерін санау барысында 21 бюллетень жарамсыз болса, 30 сайлаушы «Барлығына қарсы» деген жолда белгі қалдырған. Сонымен, сайлау қорытындысында Аманқарағай ауылдық округінің әкімі болып Бегзат Коккинакиович Абдильдин сайланып, өз орнын сақтап қалды. 

Шығыс Қазақстан облысында Тұғыл ауылдық округі әкімі өз орнын сақтап қалды
Қостанай облысының Денисов ауданында саяси партиялардан ұсынылған 3 кандидат жеңіске жетті
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу