Қошановтың Исмоиловтан не артықшылығы бар?
20-11-2024
Қостанай облысының Денисов ауданының 3 ауылдық округінде 18 тамыз күні ауылдық округ әкімдерінің сайлауы өтті. Денисов ауданының аумақтық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Елена Манинаның айтуынша, Перелески, Глебовка ауылдары мен Покров ауылдық округі бойынша барлығы 9 кандидат тіркелген.
Оның үшеуі саяси партиядан ұсынылған, атап айтсақ Amanat партиясынан екі, «ҚКП» қоғамдық бірлестігі бір кандидатын ұсынса, қалған 6 кандидат өзін-өзі ұсынғандар. Олардың 3-еуі әйел.
- Денисов ауданында 18 тамызға тағайындалған сайлау үлкен жауапкершілікпен өткізілді. Сайлауға үш сайлау учаскелерінде тіркелген 1527 сайлаушының 1222-сі қатысып өз таңдауын жасады. Сонымен Денисов аудандық аумақтық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 14-бабы 9)-тармақшасына, 44-бабы 2-тармағына, 113-10-бабына сәйкес Қостанай облысы Денисов ауданы ауылдық округтер мен ауылдарының әкімдерін сайлау нәтижелері туралы учаскелік сайлау комиссиясларының хаттамалары негізінде сайлау қорытындыларын белгіледі. Атап айтсақ, Қостанай облысы Денисов ауданы Перелески ауылы әкімінің сайлауы бойынша Перелески сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне енген 870 азаматтың 674 дауыс берді. Сайлау бюллетеньдерін санау барысында 49 бюллетень жарамсыз деп танылса, 27 сайлаушы «Барлығына қарсы» деген жолға белгі қойыпты. Сонымен сайлау қорытындысында Е.Күлжанов сайлаушылардың 72, И.Маркин 40, ал Е.Шулика 486 дауысын иеленген. Сөйтіп Amanat партиясы ұсынған, округтің әкімі, 41 жастағы Евгений Евгеньевич Шулика өз орнын сақтап қалып, халықтың сенімімен Перелески ауылының әкімі болып қайта сайланып отыр, - дейді комиссия төрағасының орынбасары.
Ал Глебовка сайлау округі бойынша өткен сайлау да кандидаттар арасында тартысқа толы болды. Мұндағы сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне енген 385 азаматтың 340-ы дауыс берген. Сайлау қорытындысында Д.Алпысов сайлаушылардың 21, Т.Нагашпаев 19 дауысын иеленсе, ал Р.Турганов 275 дауыс жинап, қара үзіп, алдыға шықты. Мұнда да дауыстарды санау барысында 14 бюллетень жарамсыз деп танылса, 11 сайлаушы «Барлығына қарсы» деген жолға белгі соққан. Сонымен Денисов ауданы Глебовка ауылының әкімі болып округтің әкімі, 33 жастағы Рамазан Кінжебекұлы Тұрғанов қайта сайланып, өз орнын сақтап қалды. Оны сайлауға ұсынып, кандидатқа қолдау көрсеткен Amanat партиясының аудандық филиалы болатын.
Покров ауылдық округі әкімінің сайлауы да талапқа сай халықтың белсенділігімен өтті. Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне енген 272 азаматтың 208-і өз таңдауларын жасап, дауыс берді. Сайлау қорытындысында С.Дощанова сайлаушылардың 30, Г.Саламатова 147, ал Ю.Хомутова 14 дауысына ие болды. Сөйтіп «ҚХП» қоғамдық бірлестігінен ұсынылған «Саламатова» ЖК» жетекшісі, 53 жастағы Гүлнар Жұманқызы Саламатова Покров ауылдық округінің әкімі болып сайланды.
- Көріп отырғандарыңыздай Денисов ауданының Перелески, Глебовка ауылдары мен Покров ауылдық округі бойынша сайлауға түскен кандидаттардың барлығы да жоғары білімді. Барлығы да жергілікті азаматтар. Сайлау қорытындысында саяси партиядан ұсынылған кандидаттар жеңіске жетті. Үш ауылда өткен сайлау қорытындысында екі округ әкімі өз орындарын сақтап қалса, бір округтің әкімі жаңадан сайланды. Бүгінгі күні әкімдер өз міндеттеріне кірісіп, жұмыстарын талапқа сай атқаруда, - дейді Денисов ауданының аумақтық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Елена Манина.