Қостанай облысының Қамысты мен Меңдіқара аудандарындағы 3 ауылдық округте әкім сайланды

Oinet.kz 21-07-2024 43

18 тамызда Қостанай облысының бір сайлау округі бойынша Қамысты мен Меңдіқара аудандарындағы Аралкөл мен Буденный және Ломоносов ауылдық округтерінде әкімі сайлауы өтті. Облыстық аумақтық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Жамиля Самбаеваның айтуынша, Аралкөл ауылдық округінің әкімін сайлау бойынша мұндағы сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 116 азамат енгізілген. Олардың ішінде 90 адам сайлау учаскесіне келіп, дауыс берген. 

Screenshot_44.jpg

Кішкентай ауыл болса да мұнда сайлау бюллетендерін санау барысында 6 бюллетень жарамсыз деп танылса, 2 азамат барлық кандидатқа қарсы дауыс беріпті. Сайлау қорытындысында А.Авижич сайлаушылардың 18, М.Бермухамбетов 55, ал Е.Жумабаев 9 дауысын жинаған. Сонымен Аралкөл ауылдық округінің әкімі болып Amanat партиясы ұсынған 59 жастағы Қостанай облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының «Қамысты аудандық ауруханасы» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорынның жүргізуші Бермухамбетов Миримхан Коныспайұлы сайланды. 

- Ал Меңдіқара ауданының Буденный және Ломоносов ауылдық округ әкімдерінің сайлауы да жақсы дайындықпен өткізілді. Қос ауылдық округ әкіміне барлығы 6 кандидат тіркелген болатын. Олардың  екеуі Amanat партиясынан ұсынылса, 4 кандидат өзін-өзі ұсынды. Ұсынылған кандидаттардың екеуі әйел. Сайлауға түскен үміткерлердің екеуі округтің бұрынғы әкімдері. Олар сайлау талабына сәйкес екі рет сайлану құқығына ие. Жалпы қос округтен сайлаушылар тізіміне 1055 адам енгізілсе, оның 835-і сайлауға қатысып өз таңдауларын жасады, - дейді комиссия төрағасының орынбасары Жамиля Баянқызы. 

Таратып айтар болсақ, Буденный ауылдық округі бойынша сайлаушылар тізіміне енген 540 азаматтың 428-і дауыс берген. Мұнда кандидаттардың барлығына қарсы дауыс берген сайлаушы – 17-і. Сайлау қорытындысында Ж.Балабаев сайлаушылардың 47, Б.Дощанов 330, ал А.Есенғазин 34 дауысына ие болған. Сөйтіп сайлау қорытындысында Amanat партиясы ұсынған округтің әкімі, 61 жастағы Дощанов Бахытжан Ғалымұлы өз орнын сақтап қалды. 

Ломоносов ауылдық сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 515 сайлаушы енгізілген. Оның 407-і өз таңдауын жасаған. «Барлығына қарсы» деген жолда белгі қойыл сайлаушы саны – 18. Сайлау қорытындысында М.Бугушева сайлаушылардың 281 дауысына ие болса, оның қарсыластары Е.Крукович 61, Н.Чиркова 47 дауыс қанжығалаған. Сонымен Ломоносов ауылдық округінің әкімі болып Amanat партиясы сенім білдірген округтің әкімі, 46 жастағы Бугушева Марина Ивановна қайта сайланды. 

Қостанай облысының Денисов ауданында саяси партиялардан ұсынылған 3 кандидат жеңіске жетті
Қостанай облысының Бейімбет Майлин ауданы мен Арқалық қаласында округ әкімдерін халық сайлады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу