Қостанай облысының Бейімбет Майлин ауданы мен Арқалық қаласында округ әкімдерін халық сайлады

Oinet.kz 20-07-2024 53

Қостанай облысының Бейімбет Майлин ауданына қарасты Байшуақ ауылдық округі мен Арқалық қаласы Фурманов ауылының әкімдерінің сайлауы 18 тамыз күні жауапкершілікпен өткізілген болатын. Облыстық аумақтық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Жамиля Самбаеваның айтуынша, екі ауылдық округі әкіміне барлығы 6 кандидат тіркелген. Барлығы да өзін-өзі ұсынғандар. 

Screenshot_45.jpg

- 2024 жылғы 18 тамызда өткен Бейімбет Майлин ауданының Байшуақ ауылдық округінің әкімін сайлау қорытындысы бойынша округтегі сайлаушылар тізіміне енген 806 азаматтың 548-і дауыс берген. Мұнда дауыс санау барысында 11 бюллетень жарамсыз болып табылса, «Барлығына қарсы» деген жолда 26 белгі қойылған. Әрбір кандидат үшін берілген дауыс саны бойынша Т.Ермұханов сайлаушылардың 387, М.Күлмұханбетов 82, ал С.Оспанов 42 дауысын жинаған болатын. Сонымен сайлау қорытындысында өзін-өзі ұсынған 49 жастағы, бұған дейін Бейімбет Майлин ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдарының бөлімі мемлекеттік мекемесі бас маманның міндетін атқарушы Талғат Ермұханов Байшуақ ауылдық округінің әкімі болып сайланды. Бүгінгі таңда халық сеніміне ие болған округтің жаңа әкімі өзіне жүктелген міндетті талапқа сай атқаруда, - дейді комиссия төрағасының орынбасары. 

Ал Арқалық қаласының Фурманов ауылының әкімін сайлау нәтижесіне қарайтын болсақ, мұнда да сайлаудың талапқа сай өткенін аңғару қиын емес. Арқалық қаласының аумақтық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 113-10-бабына сәйкес, Арқалық қаласы Фурманов ауылының әкімін сайлау нәтижесі туралы учаскелік сайлау комиссияларының хаттамасы негізінде сайлау қорытындыларын белгіледі. Яғни, сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне енген 561 азаматтың сайлауға 488-і қатысып,  дауыс берді. Сайлау бюллетеньдерін санау барысында 27 бюллетень жарамсыз деп танылса, «Бәріне қарсы» деген жолда 9 сайлаушы белгі соққан. Сонымен сайлау қорытындысында Д.Аубакиров сайлаушылардың 295 дауысын, яғни, барлық сайлаушының 65,3 пайыз дауысын алып, жеңіске жетті. Ал қарсыластары А.Мыканкалиев сайлаушылардың 92, Қ.Ораз 65 дауысын жинай алды. Фурманов ауылының әкімі болып 1988 жылы туған Арқалық қаласы Родина ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы Аубакиров Досхан Тубекбайұлы сайланды.   

Қостанай облысының Қамысты мен Меңдіқара аудандарындағы 3 ауылдық округте әкім сайланды
Маңғыстау облысында өзін-өзі ұсынған кандидат әкім болды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу