Елімізде атом энергетикасын дамыту туралы шешімідер уақытында жасалған игі қадам

Oinet.kz 19-07-2024 37

Алдағы референдум кең ауқымды жалпыұлттық диалогтың тағы бір айқын көрінісі болмақ. Шын мәнінде, бұл – «Халық үніне құлақ асатын мемлекетке» тән сипат. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты кезекті Жолдауында «Біз осындай қадамдар арқылы жаңа қоғамдық-саяси мәдениеттің негізін қалаймыз. Маңызды 

Screenshot_39.jpg

мемлекеттік шешімдер қабылдаудың жаңа үлгісін жасаймыз» дей келіп, атом электр стансасын салу мәселесіне қатысты жалпыұлттық референдум осы жылдың 6 қазанда өткізілетіндігін айтты. 

Жалпы атом электр станциясын салу Президент айтқандай бір жыл жария талқыдан өткізілді. Кешегі елордамыз Астана қаласында 27-28 тамыз күндері өткен KazAtomExpo халықаралық ядролық технологиялар көрмесі аясында да жан-жақты талқыланды. Бұл көрме аясында Қазақстандағы атом саласын дамытудың өзекті мәселелеріне арналған пленарлық отырысқа жетекші сала сарапшылары, негізгі компаниялардың өкілдері – «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ, «Қазақстан атом электр станциялары» ЖШС және Қазақстан электр энергетикасы қауымдастығы (КАЭ) қатысты. Сессияға қатысушылар Қазақстандағы атом энергетикасының қазіргі жағдайы мен даму перспективаларына қатысты мәселелерді ортаға салды. Онда елдің энергетикалық теңгеріміндегі атом энергетикасының рөлі, атом энергетикасының Қазақстанның энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қосқан үлесі, оның көміртегі ізін азайту және энергия көздерін әртараптандырудағы қызметін сарапшылар жан-жақты жіті талқылаудан өткізді. Сондай-ақ технологиялық даму: сессияға қатысушылар атом өнеркәсібіне инновациялық технологияларды енгізу тәжірибесімен бөлісті, жаңа реакторлық қондырғылар мен қауіпсіздік жүйелерін дамыту перспективалары туралы ойларымен бөлісті. Бұдан бөлек, онда Қазақстанның уран өндірудегі әлеуеті: қазіргі жағдайы мен болашағы туралы сөз қозғалды.

«Қазақстан атом электр станциялары» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бас директоры Тимур Жантикиннің айтуынша, Қазақстанда атом электр стансаларының салынуы атом өнеркәсібі үшін және тұтастай алғанда еліміздің бүкіл экономикасы үшін жаңа мүмкіндіктер ашады.

– Атом электр станциясының артықшылықтары туралы айтатын болсақ, атом электр станциясының құрылысы еліміздің ғылыми-техникалық және жоғары білікті кадрлық әлеуетінің артуына септігін тигізеді, құрылыс кезінде 8 мың адамға дейін жаңа жұмыс орындарының ашылуына әкеледі және 2000 адамға дейін жоғары сапалы кадрлар дайындалады. Одан бөлек, жергілікті өнеркәсіпті дамыту, өзіміздің отын базамыздың әлеуетін кешенді пайдалану, тұтынушыларды 60 жылдан астам сенімді тұрақты, үздіксіз энергиямен қамтамасыз етуге жол ашады.  Жалпы, атом электр станциясы құрылысының басқа да бірқатар экономикалық, әлеуметтік, техникалық және экологиялық артықшылықтары бар, - деді Т.Жантикин.

Жыл сайын энергияға деген сұраныстың артқанын ескеретін болсақ, Қазақстан Үкіметінің ресми түрде қабылдаған көміртегісіз энергияға көшу мен елімізде атом энергетикасын дамыту туралы шешімідер уақытында жасалған игі қадам. 

Атом энергетикасын дамыту елді жаңа дәуірге бастайды
Ғалымдар өз талдауын жасады, ендігі таңдау халықта
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу