Уақ мал өсіріп, пайдаға кенелуде

Oinet.kz 04-09-2024 93

 Screenshot_2.jpg

Сайрамға өзге аудандардан асханасы үшін баратындар саны көп. Көпшілік Сайрамдағы асхана, кафе-ресторандардың дәмі тіл үйіретін тағамдарын жеу үшін келеді. Және көбісі дән риза кейіппен қайтады. Өйткені Сайрамдағы тағамдану орындары клиенттерінің көңілінен шыға біледі. Сайрамдағы кафелерінің құпиясы неде? Неге палау, кәуап, қазан кебабтары өте дәмді? Бұның басты құпияларының бірі – етте десек болады. Дәмді еттен дәмді тамақтар жасалады. Әсіресе жас малдың етінен жасалатын тағамдар ауызда ериді. Халық Сайрамға келгенде көбінесе кәуапқа тапсырыс береді. Сайрамның кәуәбына басқа ешбір жердің кәуәбі мүлде ұқсамайды. Себебі кәуәп қой етінен жасалады. Ал Сайрамдағы қойларды жергілікті жеке кәсіпкерлер бордақылайды. Соның бірі – Закиржан Гултораев.

Ол әке жолын жалғастырып уақ малмен айналысты. Уақ малды көбіне кәуәп жасауға өсіреді. Сайрамда кәуәп ең өтімтал ас түрі. Әсіресе өзге өңірлерден келетін туристер ауданның кәуәбынан міндетті түрде дәм татып кетеді. Сондықтан да жергілікті асхана, кафелер кәсіпкерлерден уақ малды тұрақты түрде сатып алып отырады. Ал ауданда мұндай асханалар өте көп. Оның бәрінің сұранысынын қанағаттандыру оңай емес. Закиржан уақыт өте келе тапсырыс көбейгенін, ал оны орындауға қол күші мен мал басы жетпейтінін түсінді. Мал басын көбейту үшін қораны кеңейту керек. Сондықтан да ол мемлекетке несие сұрап жүгінуді жөн көрді. Ол Колкент ауылының әкімдігіне барып, жауапты мамандардан кеңес алып, бизнес жобаын жазып шықты. Оның кем-кетіктерін жауапты мамандармен бірлесіп отырып түзеп, оны комиссия алдында қорғады. Нәтижесінде ол «Ауыл аманаты» бағдарламасы бойынша уақ мал шаруашылығын дамытуға 8 миллион теңге жеңілдетілген несие алды.

Бүгінде Закиржан алған несиесін толықтай керек-жараққа жаратып, шаруашылығын дөңгелетіп отыр. Қорасын кеңейтіп, мал басын арттырған. Оның айтуынша қой өте өсімтал. Қазақтарда «мал өсірсең қой өсір, пайдасы оның көл-көсір», «қойдың сүті қорғасын», «асық ойнаған азар, доп ойнаған тозар, бəрінен де қой баққан озар» т.б. сөздер бар. Осыдан-ақ қойдың қазақ халқы үшін маңызы зор екенін білуге болады. Қой етінің денсаулыққа пайдасы өте көп.

Қатты науқастан дененің арықтауына, дене əлсізденгенде, қайнатып жегізген. Бұны "сорпалау" деп атаған. Босанған əйелдерге денсаулығын қалпына келтіруге қайнатып етін жегізіп сорпасын ішкізген. Бұны "қалжалау" деп атаған. Жүні қырқылмаған марқа қозының еті ауруға ем екенін бұрыннан белгілі.

Қазіргі жаңа туған сəбилер дизбактериоз болады соларға да марліге орап құйрық сорғызса болады. Іші ауырған балаға сор мақта жасауға болады. Суық тиген баланы шыжғырған маймен кеудесін сылап, жылы орап бір терлетіп алса бала құлан таза айығады.

Закиржанның айтуынша, қойдың жүнінде емдік қасиет бар. Мәселен, денені не аяқты жаралап алып, дәрігердің ем-домы қонбай жүрсе, бір уыс қойдың жүнін жылы сумен жуып, бірнеше рет қайталасаңыз, жарадан тыртық та қалмайды. Көне көздер гайморит пен варикозды да қойдың жүнімен емдеген. Қойдың жүнінде суықты тартып алатын, жараның тезірек жазылуына жәрдемдесетін «ланолин» болатынын айтады.

Ал қой құйрығында адамға қажетті макро-микро элементтер өте көп. Майды шыжғырып ішсе қақырықты жібітіп, жөтелді басады. Қазіргі қазақ дастарханында «құйрық май» дегенді мүлде көрмейсің. Күніне құйрық майдан бір кесіп жеп жүрген адам жел-құздан дін аман жүреді. Ауылда жүргенде әке-шешелеріміз қойдың шыжғырылған майын қайнаған шайға салып ішіп отырғанын талай көргенбіз. «Бала еңбектей бастағанда қолына құйрық бер» деп өзімізге де ішкізген. Құйрық майда холестерин болмайды. Сондай-ақ жылан шаққан адамды қойдың құйрық майын сиыр сүтімен араластырып жиі-жиі ішкізсе, уды қайтарады.

Бүгінде Закиржан қой өсіру арқылы халықтың денсаулығын түзеуге өзінің үлесін қосып отыр десек те қателеспейміз.

Тайыншы ауданында 5 әкім сайланды, оның бірі өз орнын сақтап қалды
Солтүстік Қазақстан облысында округ әкіміне іскер азаматтар таңдалды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу