Қошановтың Исмоиловтан не артықшылығы бар?
20-11-2024
4 тамызда Солтүстік Қазақстан облысының Тимирязев және Уәлиханов аудандарына қарасты Докучаев және Қарасу ауылдық округтерінде әкім сайлауы өтті. Облыстық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Асқар Сақыпкереевтің айтуынша, бұл ауылдық округтерге кандидаттарды тіркеу уақыты 10 шілдеде аяқталып 6 кандидат тіркелген. Олардың барлығы да өзін-өзі ұсынғандар. Оның 5-і әйел.
Мәселен, Докучаев ауылдық округі бойынша тіркелген кандидаттың бірі 51 жастағы Ақсуат ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы Бекзат Бектұрсынқызы Досаева. Екінші кандидат, Ленин ауылдық округі әкімі аппаратының бас маман-бухгалтер, салық агенті Валерия Григорьевна Лисина. Үшінші кандидаттың есімі Бағытжамал Жүсіпқызы Жағыпарова. Ол «Малишер Құрылыс» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің мобильді менеджері.
- Сайлаудың әділ өтуі халыққа да байланысты. Руласын, туысын тағайындамай, елге шын жаны ашитын азаматты таңдау қажет. Ол үшін сайлауға түсетін кандидатқа туысым, бауырым да қарамау керек. Міне, 4 тамызда Тимирязев ауданы Докучаев ауылдық округі әкімі сайлауында біз осыны көрдік. Халық өз таңдауын жасауда бөле-жарылмай қолынан іс келетін азаматшаны таңдады. Сонымен Тимирязев аудандық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 14-бабы 9) тармақшасына, 44-бабы 2-тармағына, 113-10-бабына сәйкес ауылдық округтің әкімін сайлау қорытындысы туралы учаскелік сайлау комиссиясының хаттамасы негізінде сайлау қорытындысын жариялады. Докучаев ауылдық округі бойынша сайлаушылар тізіміне енген 432 азаматтың 262-і дауыс берді. Ал дауыс беруге арналған үй-жайдан тыс жерде дауыс берген сайлаушылар саны 14. Дауыс санау барысында жарамсыз деп танылған бюллетеньдер саны – 6, «Барлығына қарсы» деген жолда 16 сайлаушы белгі қалдырған. Сайлау қорытындысы бойынша Бекзат Бектұрсынқызы Досаева сайлаушылардың 37, Бағытжамал Жүсіпқызы Жағыпарова 150, ал Валерия Григорьевна Лисина 53 дауыс жинады. Сөйтіп Докучаев ауылдық округінің әкімі болып 42 жастағы «Малишер Құрылыс» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің мобильді менеджері Бағытжамал Жүсіпқызы Жағыпарова сайланды. Бүгінгі күні округтің жаңа әкімі өз сайлау алды бағдарламасында халыққа уәде еткен жобаларын іске асыруда, - дейді Асқар Сақыпкереев.
Ш.Уәлиханов ауданының Қарасу ауылдық округі әкімінің сайлауы да Темириязев ауданындағы Докучаев ауылдық округі сияқты жоғары деңгейде өтті. «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 113-5 бабына сәйкес 2024 жылдың 11 шілдеде Уәлиханов ауданының аумақтық сайлау комиссиясы Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы Қарасу ауылдық округі әкіміне 3 кандидатты тіркеді. Тіркелген кандидаттардың барлығы да өзін-өзі ұсынғандар. Соның бірі – Ғалиасқар Ідірісұлы Жүкенов. 1969 жылы туған ол «Орлиногор Чкалов орманшылығының орман шаруашылығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің орман инспекторы болып еңбек етеді. Екінші кандидаттың есімі Бақыт Мұратбекқызы Жұмағұлова. 1995 жылы дүниеге келген ол Уәлиханов ауданы әкімдігінің ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі басшысының міндетін атқарушы. Ал үшінші кандидат - Айтжамал Серікқызы Үмбетова Уәлиханов ауданына қарасты Амангелді ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы.
Сонымен 2024 жылғы 4 тамызда Уәлиханов аудандық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 14-бабы 9) тармақшасына, 44-бабы 2 тармағына, 113-10 бабына сәйкес Қарасу ауылдық округінің әкімін сайлау қорытындысы туралы учаскелік сайлау комиссиясының хаттамасы негізінде Қарасу ауылдық округінің әкімінің сайлау қорытындысын белгіледі. Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне енген 158 азаматтың 97-і дауыс берді. Сайлау қорытындысымен Жұмағұлова Бақыт Мұратбекқызы сайлаушылардың 9, Жүкенов Ғалиасқар Ідірісұлы 75, ал Үмбетова Айтжамал Серікқызы 6 дауыс жинаған. Сөйтіп Қарасу ауылдық округінің әкімі болып 55 жастағы «Орлиногор Чкалов орманшылығының орман шаруашылығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің орман инспекторы Жүкенов Ғалиасқар Ідірісұлы сайланды.
- Облысымызда 4 тамыз күні тағайындалған барлық аудандардағы ауылдық округ әкімдерінің сайлауды жоғары деңгейде өткізілді. Өзім куә болған Тимирязев пен Уәлиханов аудандарының сайлаушылары да ауылдық округ әкім¬дерін сайлау науқанында бхалық белсенділік танытты. Бір атап өтерлігі, халық ауыл округі әкіміне үміткерлерді таңдауда жергілікті жағдаймен жақсы таныс, халықтың қамын ойлайтын, білімді, іскер, сол аймақтың тумаларын таңдап, дауыс берді. Қос ауылдық округ әкімдері бүгінгі таңда тиісті міндеттерін атқарып, халықпен етене жұмыс істеуде, - облыстық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы дейді Асқар Сақыпкереев.