Қызылжар ауданында Amanat партиясы сенім білдірген 3 кандидат жеңіске жетті

Oinet.kz 16-07-2024 46

Солтүстік Қазақстан облысының Қызылжар ауданына қарасты Бугровое, Виноградов және Прибрежный ауылдық округі әкімдердің сайлауы 4 тамызда өтті. Облыстық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы дейді Асқар Сақыпкереевтің айтуынша, 3 ауылдық округі әкіміне барлығы 6 кандидат тіркелген. Оның үшеуі Amanat партиясынан, қалған 3-і өзін-өзі ұсынған. 

Screenshot_28.jpg

- 4 тамызға тағайындалған сайлау Қызылжар ауданына қарасты Бугровое, Виноградов және Прибрежный ауылдық округтерінде ұйымшылдықпен өтті. Бұл ауданда ауыл әкімі лауазымына екі-екіден кандидат тіркелген. Сайлау барысында халық өз таңдауын жасап, үміткерлердің ішінен лайықты әкімді таңдап алды. Сонымен Қызылжар аудандық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 14-бабы 9) тармақшасына, 44-бабы 2 тармағына, 113-10 бабына сәйкес Бугровое, Виноградов, Прибрежный ауылдық округі әкімдердің сайлау қорытындысы туралы учаскелік сайлау комиссиясының хаттамасы негізінде сайлау қорытындысын жарияланды. Мәселен, Бугровое сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне енген 419 азаматтың 273-і сайлауға қатысып, дауыс берді. Мұнда 5 бюллетень жарамсыз деп танылса, 13 сайлаушы «Барлығына қарсы» деген белгіні белгілеп, өз таңдауларын жасаған. Сайлау қорытындысында Е.Құртбаев сайлаушылардың 20 дауысын жинаса, Н.Хуатов басым дауысқа ие болып, жеңіске жетті. Ол сайлпаушылардың  235 дауысына ие болған еді. Сөйтіп, Бугровое ауылдық округінің әкімі болып Солтүстік Қазақстан облыс бойынша «Ауыл шаруашылығы ғылыми зерттеу институты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің кіші ғылыми қызметкері, Amanat партиясы ұсынған 34 жастағы Хуатов Нұрсұлтан Тұңғышбекұлы сайланды. Елдің қолдауына ие болған ауыл әкімі округ тұрғындарымен ынтымақта жұмыс істеуде, - дейді комиссия төрағасы. 

Ал Виноградов сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне енген 491 азаматтың 372-і қатысса, 19 сайлаушы дауыс беруге арналған үй-жайдан тыс жерде өз таңдауын жасаған. Сайлау бюллетеньін санау барысында 6 бюллетень жарамсыз деп танылса, 23 сайлаушы барлық кандидатқа қарсы дауыс берген. Сайлау барысында кандидаттың бірі Қ.Бірімжанов сайлаушылардың 101 дауысын жинаса, Ф.Ғаріпов сайлаушылардың басым дауысы, 242 дауыс жинап алға шықты. Сонымен Виноградов ауылдық округінің әкімі болып Amanat партиясы ұсынған Қызылжар аудандық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі коммуналдық мемлекеттік мекемесі басшысының орынбасары, 41 жастағы Ғаріпов Фархат Ержанұлы сайланды. 

- Прибрежный ауылдық округі аудандағы үлкен ауылдық округтің бірі. Мұнда халық тығыз орналасқан. Мұндағы сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне енген 2306 азаматтың 1661-і 4 тамыз күні округтегі сайлау учаскелеріне таңнан келіп, сайлауға белсене қатысты. Сайлаушылардың 13-і денсаулығына байланысты дауыс беруге арналған үй-жайдан тыс жерде өз таңдауын жасады. Сайлауда қос кандидаттың сенімді өкілдері бүкіл сайлау процесін бақылап отырды. Сайлау барысында ешқандай заң бұзушылықтарға жол берілген жоқ. Шағымданушылар да болмады. Сайлау бюллетеньдерін санау кезінде 28 бюллетень жарамсыз деп танылса, 18 сайлаушы қос кандидатқа қарсы дауыс беріп, «Барлығына қарсы» деген белгіге таңба салған. Сайлау қорытындысында Д.Рамазанов сайлаушылардың басым дауысын жинады. Оған округ тұрғындарының 1451-і өз дауысын берген. Ал оның қарсыласы А.Самохин сайлаушылардың 164 дауысын иеленді. Сонымен сайлау нәтижесінде Прибрежный ауылдық округінің әкімі болып53 жастағы Рамазанов Дәурен Сәкенұлы өз орнын сақтап қалды. Amanat  партиясы кандидатурасын қолдаған ол бүгінде өз ауылдық округі үшін аянбай еңбек етуде. Осылайша халықтың сеніміне ие болған Дәурен Сәкенұлы қызмет мерзімін екінші қайтара ұзартып, жұмысына қайта кірісіп кетті, - дейді облыстық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы дейді Асқар Сақыпкереев.

Солтүстік Қазақстан облысында округ әкіміне іскер азаматтар таңдалды
Халық сеніміне ие болған әкімдер орындарын қайта сақтап қалды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу