Қошановтың Исмоиловтан не артықшылығы бар?
20-11-2024
Қазақтың маңдай алды ақыны Мағжан Жұмабаев атындағы ауданда 4 тамыз күні 2 ауылдық округі әкімі мен 1 қала әкімінің сайлауы өтті. Солтүстік Қазақстан облысына қарасты Мағжан Жұмабаев ауданының Алтын дән мен Бастомар ауылдық округтері мен Булаев қаласында болған әкім сайлауында халық белсенділік танытты.
Мағжан Жұмабаев аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Ю.Портнягиннің айтуынша, саулау учаскелері бойынша барлығы 8 кандидат тіркелген. Оның 3-еуі саяси партиялардан, 5-і өзін-өзі ұсынғандар.
- 4 тамыз күні 3 сайлау округінде өткен сайлауға сайлаушылар тізіміне енген 8299 азаматтың 4230-ы қатысқан. 110 жас сайлаушы алғаш рет сайлау учаскелеріне келіп өз таңдауларын жасап, саяси науханға алғаш рет қатысып, белсенділік танытты. Сонымен Мағжан Жұмабаева аудандық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 113-10-бабына сәйкес сайлау учаскесінің хаттамалары негізінде Алтын дән мен Бастомар ауылдық округі әкімін және Булаев қаласы әкімі сайлау қорытындылары бойынша сайлау комиссиялары сайлау қорытындыларын жариялады. Мәселен, Алтын дән сайлау округі бойынша сайлаушылар тізімінде енген 1082 азаматтың 797-і сайлау учаскесіне келіп дауыс берді. Оның ішінде 23 сайлаушы дауыс беруге арналған үй-жайдан тыс жерде өз таңдауын жасаған. Бюллетеньдер санау барысында 12 бюллетень жарамсыз деп танылды. Ал кандидаттардың барлығына қарсы 19 сайлаушы дауысын «Барлығына қарсы» деген жолда белгілеген. Сонымен сайлау қорытындысында Ю.Зиберт сайлаушылардың 76, Е.Умовист 62, ал В.Форш 628 дауысына ие болды. Сөйтіп Алтын дән ауылдық округінің әкімі болып Amanat партиясы ұсынған 58 жастағы Форш Валерий Яковлевич қайта сайланды. Өз жұмысымен, іскерлігімен халықтың сеніміне ие болған ол өз орнын сақтап қалды, - дейді комиссия төрағасы.
Ал Бастомар ауылдық округінде өткен сайлау қорытындысына тоқталар болсақ, мұндағы сайлау округі бойынша сайлаушылар тізімінде енген 675 азаматтың 527-сі дауыс берген. Оның ішінде 25 сайлаушы денсаулығына байланысты тұрғылықты жері бойынша өз таңдауларын жасаған. Кандидаттардың барлығына қарсы дауысты 19 сайлаушы берген. Сайлау қорытындысында М.Қайыржанов сайлаушылардың басым дауысына ие болды. Ол жинаған дауыс 302 дауысты құрады. Ал Р.Қонаев болса сайлаушылардың 59, Б.Смағұлов 141 дауысын иеленді. Сөйтіп Бастомар ауылдық округінің әкімі болып Amanat партиясы ұсынған 41 жастағы Қайыржанов Марат Қанатұлы сайланып, өзінің әкім лауазымын сақтап қалды.
Булаев қаласы әкімін сайлау да жоғары дайындықпен өтті. Ондағы сайлау округі бойынша сайлаушылар тізімінде енген 6542 азаматтың 2906-сы дауыс берген. Оның ішінде 131 сайлаушы дауыс беруге арналған үй-жайдан тыс жерде өз таңдауын жасаған. Дауыс санау барысында 61 бюллетень жарамсыз болып танылған. Ал «Барлығына қарсы» деген бюллетень саны 167. Сонымен сайлау қорытындысы бойынша А.Біріжанов сайлаушылардың басым дауысын, яғни 2284 дауысын жинаса, А.Түтүнова 394 дауыс алған. Сөйтіп Булаево қаласының әкімі болып «Сапро-НАТ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің өндірістік учаскесінің басшысы, 37 жастағы Бірімжанов Азамат Тоқышұлы сайланды. Оның сайлауда кандидатурасын «Қазақстан Халық партиясы» қоғамдық бірлестігі қолдап, ұсынған болатын.
- Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданының Булаев қаласы және ауылдық округтерінің сайланған әкімдері Мағжан Жұмабаев аудандық сайлау комиссиясында тіркелді. Яғни, Мағжан Жұмабаева аудандық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 45-бабының 113-11-бабына сәйкес 2024 жылғы 6 тамыздағы шешімімен 2024 жылғы 4 тамызда сайланған әкімдерді тіркеді. Атап айтсақ, Алтын дән ауылдық округінің әкімі – Форш Валерий Яковлевич, 1966 жылы туған, сайланғанға дейін Алтын дән ауылдық округінің әкімі болып жұмыс істеген, Совет ауылында тұрады.
Бастомар ауылдық округінің әкімі – Марат Қанатұлы Қайыржанов, 1985 жылы туған, сайланғанға дейін Бастомар ауылдық округінің әкімі болып жұмыс істеген, Мағжан Жұмабаев ауданы, Бастомар ауылында тұрады. Булаево қаласының әкімі – Бірімжанов Азамат Тоқышұлы, 1987 жылы туған, сайланғанға дейін «Сапро-НАТ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жедел учаскесінің басшысы болып жұмыс істеген, Мағжан Жұмабаев ауданы Булаево қаласында тұрады. Мағжан Жұмабаев аудандық сайлау комиссиясының қаулысымен осы азаматтар тіркеліп, қызметтік куәліктері тапсырылды. Бүгінгі күні халық сеніміне ие болған қала мен екі округ әкімі өз міндеттерін атқаруда, - дейді аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Ю.Портнягин.