Қошановтың Исмоиловтан не артықшылығы бар?
20-11-2024
4 тамызда Қызылорда облысының Қармақшы мен Сырдария аудандарының Қуандария және Аманкелді ауылдық округ әкімдерінің сайлауы ұйымшылдықпен өтті. Қармақшы ауданы аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Дәурен Ержановтың айтуынша, ауданында жылбасынан бері 7 ауылдық округ әкімдерінің сайлауы өткізілген.
- Ауданда өткізілген 7 ауылдық округ әкімдерінің сайлауының алғашқысы 25 ақпанда Жосалы, Иіркөл және Қармақшы, одан кейін 19 мамырда Жосалы кенті, ІІІ Интернационал және Ақжар, соңғысы 4 тамызда Қуандық ауылдық округігітерінде өтті. Жалпы бұл ауылдық округтердегі сайлауға барлығы 15316 сайлаушы қатысуы керек болса, оның 13 мыңға жуығы сайлау учаскелеріне келіп, өз таңдауларын жасады. Соңғы өткен Қуандық ауылдық округі әкіміне екі кандидат тіркелген болатын. Оның бірін – Amanat партиясы ұсынса, екіншісі өзін-өзі ұсынған, - дейді комиссия төрағасы.
Қуандария ауылдық сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне енген 412 азаматтың 303-і қатысып, дауыс берді. Есептен шығару куәліктері бойынша дауыс бергендер жоқ, дауыс беру жайынан тыс жерде дауыс бергендер – 4 адам. Жарамсыз деп танылған бюллетень саны – 5.
Сайлау қорытындысы бойынша Аймырзаев Ардақ Басқынбайұлы сайлаушылардың 266 дауысын жинаса, қарсыласы Махамбетов Нұрымжан Дүйсембекұлы 29 дауысқа ие болды. Дауыс беру қорытындысымен Аймырзаев Ардақ Басқынбайұлы Қармақшы ауданы, Қуандария ауылдық округінің әкімі болып сайланды.
- Өзін-өзі ұсынған Қуандария ауылдық округінің әкімі Аймырзаев Ардақ Басқынбайұлы екінші кезеңге сайланып отыр. Оны округ тұрғындары жақсы біледі. Халықтың сеніміне кірген Ардақты ауылдастары қайта екінші кезеңге сайлады. 1980 жылы туған ол Amanat партиясының мүшесі, Өзін-өзі ұсыну тәртібімен жеңіске жеткен оны Қармақшы ауданының аумақтық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 45, 113-11-баптарына сәйкес, 2024 жылғы 5 тамыздағы шешімімен 2024 жылғы 4 тамызда сайланған Қуандария ауылдық округінің әкіміне Аймырзаев Ардақ Басқынбайұлын тіркеді. Бүгінгі таңда округ әкімі өзінің міндетіне қайта кірісіп кетті, - дейді Қармақшы ауданы аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Дәурен Ержанов.