Сырдария ауданында 3 ауыл әкімі сайланды

Oinet.kz 17-07-2024 39

Қызылорда облысының Сырдария ауданында 4 және 11 тамызда Аманкелді және Қоғалыкөл ауылдық округ әкімдерінің сайлауы өтті. Сырдария аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Ермек Шайланның айтуынша, Аманкелді ауылдық округі әкімінің сайлауына кандидат болып 3 азамат тіркелген.

Screenshot_31.jpg

Олардың барлығы да өзін-өзі ұсынғандар. Оның бірі – Шаған ауылдық округінің №37 мектеп-лицейінің директоры, 53 жастағы Омаров Калихан Бердиханұлы. Екіншісі Жаманкулов Зейнур Кайраддинұлы. 41 жастағы ол Аманкелді ауылдық округінің әкімі болып жұмыс істеді. Үшінші кандидаттың есімі – Беркинбаев Ердос Сарсенбекұлы. 34 жастағы ол  Сырдария ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру және инспекторлық жұмыс бөлімінің бас инспекторы. 

- Ауыл әкімдерін тікелей сайлау – жалпы өзін-өзі басқару жүйесінің ма¬ңызды бөлігінің бірі. Сондықтан ауыл әкімін тікелей сайлаудың нәтижесі өте маңызды. Бұл бір жағынан сайланатын әкімнің жауапкершілігіне байла¬нысты. Екінші жағынан халықпен қа¬рым-қатынастағы «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» қағидасының шын мәнінде жүзеге асуына толықтай өз үлесін қосады. Мемлекет басшысының осындай демократиялық қоғам құруға талпынысы анық байқалады. Осы орайда ол демократияның бірден-бір көрінісі сай¬лау екеніне назар аударып отыр. Міне 4 тамызда өткен Аманкелді ауылдық округі әкімінің сайлауы демакратияның жемісі. Мұндағы сайлаушылар тізіміне енген 1545 азаматтың 1097 сайлауға қатысып, өз таңдауларын жасады. Сайлау қорытындысында Беркинбаев Ердос Сарсенбекұлы сайлаушылардың 69, Жаманкулов Зейнур Кайраддинұлы 852, ал Омаров Калихан Бердиханұлы 92 дауысын иеленген. Сайлаушылардың дауысын санау барысында жарамсыз бюллетеньдер саны -67-і болса, 17 адам барлығына қарсы дауыс берген. Сайлау қорытындыларымен Сырдария ауданы Аманкелді ауылдық округінің әкімі болып Жаманкулов Зейнур Кайраддинұлы сайланды. Бүгінде ол аудандық аумақтық сайлау комиссиясында тіркеліп, қызметіне кірісіп кетті, - дейді комиссия төрағасы. 

Ал 11 тамызға тағайындалған Қоғалыкөл және Жетікөл ауылдық округі әкімдерінің сайдауы да жоғары деңгейде өтті. Сырдария ауданының аумақтық сайлау комиссиясының 2024 жылғы 20 шілдедегі №АСК-44, №АСК-45, №АСК-46 қаулыларының негізінде 2024 жылғы 11 тамызына тағайындалған Қоғалыкөл ауылдық округі әкімінің сайлауына кандидат болып 3 азамат тіркелген болатын. Олардың барлығы да өзін-өзі ұсынғандар. Оның бірі аталған округ әкімі  Ракимбеков Бакитжан Жумабекұлы. Жасы 50-де. Екінші кандидаттың есімі Әбілдаев Ерлан Бақытжанұлы. 43 жастағы ол Сырдария аудандық білім бөлімінің әдіскері. Үшінші кандидат Сырдария аудан әкімі аппаратының персоналды басқару бөлімінің басшысы, 30 жастағы Булебаев Ербол. Барлығының да мемлекеттік қызметте еңбек өтілі бар. 

Ал Жетікөл ауылдық округі әкіміне Сырдария ауданының аумақтық сайлау комиссиясының 2024 жылғы 20 шілдедегі №АСК-43, №АСК-46, №АСК-47 қаулыларының негізінде 2024 жылғы 11 тамызына тағайындалған Жетікөл ауылдық округі әкімінің сайлауына кандидат болып 3 үміткер тіркелді. Оның екеуі өзін-өзі ұсынса, біреуіне Amanat партиясы сенім білдірген. Өзін-өзі ұсынғандардың бірі – Курманалиев Нурлан Маханбетжанович. 46 жастағы ол Асқар Тоқмағанбетов ауылдық округінің №135 орта мектебінің директоры. Екіншісі – Оралов Гани Музапбарұлы. 33 жастағы ол Сырдария аудан әкімі аппаратының аударма жөніндегі редакторы. Amanat партиясы ұсынған 50 жастағы Токпамбетов Умирбек Дильдахметұлы Жетікөл ауылдық округінің әкімі. 

- Ауыл, кент және ауылдық округ әкімдерін тұрғындар өздері сайлай бастағанына үш жыл болды. Содан бергі уақытта ауылдық деңгейдегі әкімдердің төрттен үші сайланды. Бүл үрдіс әлі де жалғасын табуда. Қоғалыкөл ауылдық округі сайлаушылар тізіміне енген 1343 азаматтың 970-і  қатысты. Сайлау қорытындысы бойынша Әбілдаев Ерлан Бақытжанұлы сайлаушылардың 87, Булебаев Ербол 76, ал Ракимбеков Бакитжан Жумабекұлы 686 дауысына ие болды. Мұнда жарамсыз бюллетеньдер саны -98 болса, 23 азамат «Барлығына қарсы» белгісі бар бюллетеньдерге белгі салған. Сөйтіп Рақымбеков Бақытжан Жұмабекұлы Қоғалыкөл ауылдық округі әкімі болып өз орнын сақтап қалды, - дейді комиссия төрағасы. 

Ал Жетікөл ауылдық округі бойынша сайлаушылар тізіміне енген 351 азаматтың 281-і сайлауға қатысты. Сайлау қорытындысы бойынша Курманалиев Нурлан Маханбетжанұлы сайлаушылардың 32, Оралог Гани Музапбарұлы 18, ал Токпамбетов Умирбек Дильдахметұлы 185 дауысына ие болды. Мұнда 35 бюллетень жарамсыз деп танылса, «Барлығына қарсы» белгісі бар бюллетеньдер саны 11-ді құрады. Сонымен Жетікөл ауылдық округінің әкімі Тоқпамбетов Өмірбек Ділдахметұлы өз орнын сақтап қалды.

- Осы және алдыңғы сайлауларда біздің бір байқағанымыз бақылаушылардың, сайлау учаскелерінің жұмысы, дауыс санау мен сайлауды өткізудегі мамандардың кәсіби деңгейінің жоғары болғаны таңдандырды. Біз бұдан кейінгі сайлауларды да сол өткен сайлаулардан үлгі алып, жоғары дайындықпен өткізуді жоспарлап отырмыз, - дейді Ермек Мұратбекұлы.   

Қуандария ауылдық округінің әкімі қызметіне қайта кірісті
Батыс Қазақстан облысында екі округ әкімі сайланды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу