Тайыншы ауданында 5 әкім сайланды, оның бірі өз орнын сақтап қалды

Oinet.kz 15-07-2024 45

Тайынша ауданында әкімдердің өкілеттіктерінің аяқталуына және өкілеттіктерінің мерзімінен бұрын тоқтатылуына байланысты аудандық маңызы бар қалалар және ауылдық округтер әкімдерінің сайлауын 4 тамызда өтті. 

Screenshot_26.jpg

Солтүстік Қазақстан облысы аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Асқар Сақыпкереевтің айтуынша, Тайынша ауданының Драгомиров, Келлер, Тихоокеан, Чкалов және Яснополян ауылдық округтерінде әкім сайлауы талапқа сай өткізілді. 5 ауылдық округ бойынша барлығы 16 кандидат тіркелген болатын. Оның 3-і әйле азамат.

Мәселен, Драгомиров ауылдық округі әкімдігіне кандидат ретінде 4 кандидат ұсынылса, оның өзін-өзі ұсыну бойынша тіркелгені 3 кандидат. Бірақ құжаттарының сайлау талабына сәйкес келмеуіне байланысты 1 кандидат есептен шығарылды. Сөйтіп, бұл ауылдық округтің әкіміне кандидат ретінде Жилинский Дмитрий Александрович, Масығұтов Ақылбай Қабдырұлы мен Шерстюк Александр Михайлович тіркелген еді.

Драгомиров ауылдық округі  бойынша сайлаушылар тізіміне енгізілген 819 азаматтың 650-і дауыс берген. Сайлау қорытындысында Жилинский Дмитрий Александрович сайлаушылардың 83, Масығұтов Ақылбай Қабдырұлы 61, ал Шерстюк Александр Михайлович 475 дауысын иеленген. Сонымен Драгомиров ауылдық округінің әкімі болып «МС Agro» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің өткізу жөніндегі менеджері, 38 жастағы Шерстюк Александр Михайлович сайланды. Оны сайлауға Amanat партиясы ұсынған болатын. 

- Ал Келлер ауылдық округі бойынша бастапқыда барлығы 5 кандидат ұсынылса, барлығы да өзін-өзі ұсынғандар. Мұнда да бір кандидат сайлау жарнасын төлемегендіктен шеттетілді. Сонымен қалғаны 4 кандидат, есімдерін атап айтсақ, Жұмабаев Ержан Төлегенұлы, Ілиясов Досымжан Сұлтанбекұлы, Мирзахмедова Роза Жолдаспайқызы мен Хамитов Ержан Құрманұлы. 4 тамызда сайлауға Келлер ауылдық округі бойынша сайлаушылар тізіміне енген 1847 азаматтың 859-ы қатысып дауыс берді. Сайлау қорытындысында Жұмабаев Ержан Төлегенұлы сайлаушылардың 298, Ілиясов Досымжан Сұлтанбекұлы 103, Мирзахмедова Роза Жолдапайқызы 6 ал Хамитов Ержан Құрманұлы 394 дауысын жинаған еді. Сөйтіп, Келлер ауылдық округінің әкімі болып өзін-өзі ұсынған, «Келлеровка прогресс әлеуметтік кәсіпкерлік корпарациясы» ӨК төрағасы, 39 жастағы Ержан Құрманұлы Хамитов сайланды, - дейді Асқар Сақыпкереевтің.

Тихоокеан ауылдық округі бойынша да бастапқыда 4 кандидат ұсынылса, оның құжаттарының сәйкес келмеуіне байланысты алып тасталды. Қалған 3 кандидаттың екуі өзін-өзі ұсынғандар. Олар Бәкіров Ерлан Михашұлы, Жанпейсова Меруерт Қайдарқызы мен Сәрсембаев Бекболат Әкімбайұлы. Ал Чкалов ауылдық округі бойынша тіркелген кандидат саны 3-еу. Барлығы да өзін-өзі ұсынғандар. Олар Баймағамбетов Марат Шаймұратұлы, Жакенова Айнагүл Сағатқызы және Қалиақпаров Азамат Қайыртайұлы.

Тихоокеан ауылдық округі бойынша сайлаушылар тізіміне енген 382 азаматтың 321-і сайлау учаскесіне дауыс берді. сайлау қорытындысында Бакиров Еран Михашұлы сайлаушылардың 251, Жанпейсова Меруерт Қайдарқызы 27, Сәрсембаев Бекболат Әкімбайұлы 30 дауысына ие болды. Сонымен Тихоокеан ауылдық округінің әкімі болып 61 жастағы, Amanat партиясы сенім білдірген Ерлан Михашұлы Бакиров сайланды. Ал Чкалов ауылдық округі бойынша тіркеуде тұрған 2809 азаматтың 1965-і сайлауға қатысты. Мұнда Баймағамбетов Марат Шаймұратұлы сайлаушылардың 142, Жакенова Айнагүл Сағатқызы 161, Қалиақпаров Азамат Қайыртайұлы 1643 дауысын иеленді. Сөйтіп Чкалов ауылдық округінің әкімі болып өзін-өзі ұсынған «Строй Дело KZ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры, 36 жастағы Азамат Қайыртайұлы Қалиақпаров сайланды.  

- Жоғарыда төрт ауылдық округінде өткен сайлаудың барысына тоқталдық. Бесінші ауылдық округ, бұл - Яснополян ауылдық округі. Мұнда да сайлауға қатысуға 3 кандидат тіркелген болатын. Ол тізімге аудан азаматтары Дегтярев Сергей Васильевич, Лукавский Александр Иосифович пен Темірбаев Ермұқан Нұрмұқанұлы енген. Олардың екеуі өзін-өзі ұсынса, біреуі саяси партия атынан ұсынылған болатын. сайлау қарсаңында бір кандидат өз еркімен сайлауға қатысудан бас тартып, өз есімін бюллетеннен алдырды. Жалпы Яснополян ауылдық округі бойынша сайлаушылар тізіміне енген 1670 азаматтың 1184-і сайлауға қатысқан. Барлық кандидатқа 34 сайлаушы қарсы дауыс берсе, 15 бюллетень дауыс санау барысында жарамсыз деп танылды. Сайлау қорытындысы бойынша Дегтярев Сергей Васильевич сайлаушылардың 226, Темірбаев Ермұқан Нұрмұқанұлы 909 дауысын иеленді. Яснополян ауылдық округінің әкімі болып саяси партиядан ұсынылған 32 жастағы Ермұқан Нұрмұқанұлы Темірбаев сайланып, өз орнын сақтап қалды. 4 тамызда өткен сайлау қорытындысында тайынша ауданында бес әкім сайланса, оның бірі өз орнын сақтап қалды. Бүгінде округ әкімдері өз қызметтеріне кірісіп кетті, - дейді комиссиясы төрағасы Асқар Сақыпкереев. 

Ғ.Мүсірепов ауданында әйел азамат округ әкімі болды
Уақ мал өсіріп, пайдаға кенелуде
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу