Логотип жасау арқылы өз кәсібін де, өзгелердің кәсібін де дөңгелетіп отыр
Сайрам ауданы десек көпшілік көбіне мал шаруашылығын, сауда-саттықты елестетеді. Расында да Сайрамда мал шаруашылығы кең қанат жайғанын айта кету керек. Мұнда мал шаруашылығы арқылы отбасын асырап, жергілікті кафе-ресторандарды ет-сүт өнімдерін қамтып отырған шаруа қожалықтары аз емес. Және де жергілікті базарды өз өнімдерін қамтып отырған шаруашылықтар өте көп. Соның арқасында Сайрамда сауда-саттық саласы өзге аудандарға қарағанда қатты дамыған.
Дегенмен Сайрамда бұл салалардан бөлек, заманауи технологияны меңгеніп кәсібін жүргізіп отырған жас кәсіпкерлер де бар. Соның бірі – «IRON CONSTRUCTION» жеке кәсіпкерлігінің негізін қалаған Мейіржан Серікбайды айтсақ болады. Ол кішкентайынан заманауи кәсіпке қатты қызықты. Өзімен жасты достары мал шаруашылығы туралы айтса, Мейіржан көбінесе жарнама өндірісіне ерекше қызығушылық танытты. Ол ылғи жарнама өндірісін зерттеп жүрді. Нәтижесінде оны осы арманы логотип дайындау кәсібіне алып келді. Айта кетейік, ол бұл салаға өзінің жан қалауымен келді. Ол қағаз және полиэтилен пакеттерге логогтип дайындап, нәпақасын таба бастады. Дегенмен оған өсу керек болды. Ал өсу үшін заманауи технологиялар керек. Соңғы үлгідегі құрал-жабдықтар қажет. Бұның бәрін алуға мол қаржы керек. Осы орайда Мейіржан Серікбай өз бизнес жобасын сәтті қорғап, «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ-нан «Жастарды шағын несиелеу» бағдарламасымен 2,5 пайыз сыйақы мөлшерлемесімен 5 000 000 теңге жеңілдетілген несиеге қол жеткізген еді.
Міне содан бері бірнеше ай өтті. Бүгінде Мейіржан Серікбай 5 миллион теңге қаржыны толықтай игеріп, цехқа қажетті барлық құрал-жабдықты алды. Ол арзан бағада сапалы логотип жасап, клиенттердің разылығые алуда. Мейіржанның қолынан шыққан жарнамлық өнімдер халықтың назарын өзіне аударып, тапсырыс берушілердің кәсібін жүргізіп жатыр десек қателеспейміз.
Әсіресе Мейіржанға көбінесе киім дүкендері жүгінеді. Қазіргі заманда киімді базардағыдай көк пакетке орап бере салу деген сәннен қалды. Қазір адамдар тауар алғанда оның қапталуына, пакетінің сәнділігіне қарайды. Яғни тауарды әдемі қаптамаға салып, орап берсе оның беделі артады. Көшеде сәнді қаптамада пакет ұстап жүргенді құп көретін адамдар саны көп. Тіпті азық-түлікті де сәнді қаптамаға салып беретін дүкендер саны артқан. Қазір – бренд заманы. Әрбір адам, әрбір дүкен өз брендіп қалыптастырғысы келеді.
Бренд – бұл сауда белгісі ғана емес, бұл тұтынушыға берілетін уәде және сол уәдені орындау. Ежелгі заманнан бері адамдар қарым-қатынас жасауды, таңбалар арқылы белгілі бір сезімді немесе ақпаратты беруді қажет етті. Бұл таңбалар бір идеяны жақтаушыларды өздерінің бәсекелестерінен өзгеше етіп көрсетті. таңбалар адамның немесе топтың даралығын көрсетуге, өзінің мақтанышын немесе белгілі бір қасиеттерді иеленетіндігін көрсетуге мүмкіндік береді. Адамдар өз идеалдарын қорғай отырып, белгілі бір тудың астына жиналған.
Бренд қалыптастыруда жарнама, оның ішінде логотиптің алар орны ерекше. Осыны терең түйсінген Мейіржан логотип жасау өндірісін қолға алып, оны жан-жақты зерттеді. Ол алдына келген клиентке қандай логотоип жасап беруді өзі ұсынады. Және оның ұсыныстары көбінесе клиенттің көңілінен шығып жатады. Яғни Мейіржанды өз ісінің кәсібіи маманы деп еш ойланбай айта берсек болады. Мейіржанның жұмысқа деген махаббаты мен адалдығы оның кәсібін дөңгелетіп отыр. Клиенттері де көбейіп келеді.
Міне, жылдан-жылға артып келе жатқан клиенттерінің сұранысын қанағаттандыру үшін ол кәсібін кеңейтіп, бірнеше техника мен мамандарды өз қатарына қосты. Ол жақын арада жеңілдетілген несиесін толықтай өтеп тастауға ниеттеніп отыр. Себебі оның кәсібі жақсы жүріп жатыр. Мейіржан өзіне қиын кезде қол ұшын созған мемлекеттің Жастарды шағын несиелеу» бағдарламасыны дән ризашылығын білдіреді.