Денисов ауданындағы 3 ауылдық округі әкіміне 9 кандидат тіркелді

Oinet.kz 10-07-2024 79

18 тамызға тағайындалған ауылдық округ әкімінің сайлауы Қостанай облысы Денисов ауданындағы Перелески, Глебовка ауылдарының және Покров ауылдық округінде өткізіледі. Қазіргі таңда бұл ауылдық округтердегі сайлау учаскелерінде дайындық жұмыстары басталып кеткен.  

Screenshot_11.jpg

Бәсеке бар жерде жұмыс жандана түсетіні белгілі. Орынтағына отырған әрбір азамат өз беделін көтеру үшін жан салып аянбай қызмет ететіні анық. Осы ретте Денисов ауданына қарасты 3 ауылдық округ әкіміне барлығы 9 кандидат тіркелген. Денисов ауданының аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы И.Важничаяның айтуынша, 6 кандидат өзін-өзі ұсынса, 3 кандидат саяси партиялардан ұсынылып отыр. Кандидаттардың 3-і әйел. 

- Ауданымызда ауылдық округ әкімдерінің сайлауы біріншірет ұйымдастырылып отырған жоқ. Жыл басынан бері үш-төрт ауылдық округте сайлау өткіздік. Біз алдымызға қойған міндетті әрбір сайлау өткізген сайын толық орындап, тиісті талаптан шығып отырдық. Мәселен соңғы сайлау 2024 жылдың 23 маусымында ауданымыздың Қырым ауылдық округтерінде өтті. Ауыл әкіміне үш кандидат тіркелген болатын. Оның үшеуі де өзін-өзі ұсынғандар. Кандидаттың бірі 1992 жылы туған, аталған округ әкімі аппаратында жетекші маманы болып жұмыс істеп келген Атантаев Әділбек Ақылбекұлы болса, екіншісі өзін-өзі жұмыспен қамтып отырған 1968 жылы туған Жақыпов Айтпай Бозбетбайұлы. Үшінші кандидаттың есімі Өтешев Сергей Алексеевич. 1977 жылы туған ол Денисов ауданының мансап орталығы филиалының маманы. Бұл сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне енгізілген 469 азаматтың 329-ы сайлау учаскесіне келіп, өз таңдауларын жасаған. Сайлау қорытындысында сайлаушылардың басым дауысына ие болған Айтпай Жақыпов сайланды, - дейді ол.  

 Ал 18 тамызға тағайындалған Перелески ауылы бойынша тіркелген үш кандидаттың бірі Кульжанов Ерлан Аманжолұлы. 40 жастағы ол Денисов ауданының мансап орталығы мемлекеттік мекеме филиалының басшысы болып жұмыс істейді. Екіншісі Маркин Игорь Александрович. 38 жастағы ол Архангельск ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы. Бұл екі кандидат та өзін-өзі ұсынғандар. Ал Amanat партиясы ұсынған кандидат округтің әкімі Шулика Евгений Евгеньевич.  

Глебовка ауылы бойынша өзін-өзі ұсынған кандидаттың бірі Денисов ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы Алпысов Даулет Бауржанұлы болса, екіншісі де 44 жастағы Денисов ауданы әкімі аппаратының бас маманы Нагашпаев Толеген Базарбайұлы. Олардың екеуі де өзін-өзі ұсынып отыр. Ал Amanat партиясы ұсынған кандидат Глебовка ауылының әкімі 33 жастағы Турганов Рамазан Кинжебекұлы. 

Покров ауылдық округі бойынша өзін-өзі ұсынған кандидаттың бірі 37 жастағы Денисов ауданының білім бөлімінің сектор меңгерушісі Дощанова Сабина Салимжановна болса, екіншісі Денисов ауданы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімінің сектор меңгерушісі Хомутова Юлия Викторовна. Үшінші кандидатты «ҚХП» қоғамдық бірлестігі ұсынған, 54 жастағы «Саламатова» жеке кәсіпкерлігінің жетекшісі Саламатова Гульнара Жумановна.  

- Көріп отырғандарыңыздай әрбір кандидат әкім болуға лайық. Олардың бәрі де халық үшін қызмет етуге әзір. Дегенмен сайлау қорытындысында халық осы кандидаттардың арасынан өздері сенім артқан үміткерлерді таңдап алды. Біз оларға сайлауда тек сәттілік тілейміз, - дейді Денисов ауданының аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы И.Важничая.

Логотип жасау арқылы өз кәсібін де, өзгелердің кәсібін де дөңгелетіп отыр
Қамыстыда ауыл әкімдерін халық таңдайды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу