Қамыстыда ауыл әкімдерін халық таңдайды

Oinet.kz 10-07-2024 91

Елімізде аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің әкімдерінің сайлауы жалғасын табуда. Соның бірі 18 тамыз күні Қостанай облысының Қамысты ауданында өткізілгелі отыр. Қамысты аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы А.Мақаеваның айтуынша, сайлау ауданға қарасты Алтынсарин, Қарабатыр ауылдары мен Аралкөл ауылдық округінде өткізілмек. 

Screenshot_12.jpg

Бүгінгі күні бұл ауылдық округтер бойынша кандидаттар тіркеліп, сайлаушылары арасында үгіт-насихат жұмыстарын бастап кетті. Үш округ бойынша тіркелген кандидаттардың саны 9. Оның 3-еуі саяси партиядан ұсынылса, 6-ы өзін-өзі ұсынғандар. 

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңның 113-5 бабының 9-тармағына сәйкес Алтынсарин, Қарабатыр ауылдары мен Аралкөл ауылдық округ әкімдіктеріне кандидаттар тіркелді. Атап айтар болсақ, Алтынсарин ауылы бойынша тіркелген үш кандидаттың бірі партиядан, екеуі өзін-өзі ұсынған. Amanat партиясы округтің әкімі, 49 жастағы Аведова Галина Амаековнаны өз орнына қайтара ұсынып, сенім білдірген. Ал өзін-өзі ұсынғандардың бірі  37 жастағы Қамысты ауданы әкімдігінің қаржы бөлімінің сектор меңгерушісі Гуриева Маргарита Казбековна. Екіншісі 43 жастағы Қамысты ауданы білім беру бөлімінің «Айналайын» бөбекжай-балабақшасының меңгерушісі Найзагаринева Наталья Викторовна.  

Ал Қарабатыр ауылдық округі бойынша өзін-өзі ұсынған кандидаттың бірі - Исмурзин Талгат Канапиевич. 1991 жылы дүниеге келген ол Қамысты ауылдық округі әкімі аппаратының бухгалтерлік есеп жүргізу секторының меңгерушісі болып жұмыс істесе, екіншісі 37 жастағы Иткузов Амир Акылбаевич Қамысты ауылдық округі әкімі аппаратының әдіскері. Amanat партиясы сенім білдірген кандидаттың есімі Хавалхан Аманжол. 1979 жылы дүниеге келген ол Қамысты ауданының білім беру бөлімінің Қарабатыр жалпы білім беретін мектебінің директоры. 

Аралкөл ауылдық округі бойынша тіркелген кандидаттың бірі 36 жастағы Қамысты ауданы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің сектор меңгерушісі Авижич Александр Игоревич. Екіншісі – 62 жастағы өзін-өзі жұмыспен қамтып отырған Жумабаев Ермек Зейноллович. Қос кандидат та өзін-өзі ұсынғандар. Үшінші кандидатты Amanat партиясы ұсынған. 59 жастағы «Қамысты аудандық орталық ауруханасы» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорынының жүргізушісі Бермухамбетов Миримхан Коныспаевич. 

- Ауданға қарасты Алтынсарин, Қарабатыр мен Аралкөл ауылдық округ әкімдеріне барлығы 9 кандидат тіркелсе, оның 3-еуі әйел. Amanat партиясы ұсынған 3 кандидаттың бірі округ әкімі болса, бірі өзін-өзі жұмыспен қамтып отырған азамат. Жалпы өзін-өзі ұсынғандардың саны алтау. Бүгінгі күні 3 ауылдық округ әкімі сайлауына түскен кандидаттар өздерінің сайлауалды бағдарламаларында «Ауыл аманаты» жобасын орындау, ағын су мәселесін шешу, су үнемдеу технологиясын тиімді пайдалану мен ауыл шаруашылығы техникаларын жаңарту, мемлекеттік бағдарламаларды орындау ісіне айрықша көңіл бөлуге уәде етіп отыр. Сонымен қатар, жұмыспен қамтуды үйлестіру, шағын және орта бизнесті қолдау, кәсіпкерлік субъектілерін қаржылай қолдау және жаңа бизнес идеяларды іске асыру, ауылдың мүмкіндігін ескере отырып туризмді дамыту мәселесіне назар аударатындықтарын айтуда. Кандидаттар өздерінің сайлауалды бағдарламаларында айтылған міндеттерді әкім болып сайланып жатса іске асыруға күш салады деген сенімдеміз. Дегенмен ендігі таңдау ауыл халқында, - дейді аудандық сайлау комиссиясы төрағасы А.Мақаева. 

Денисов ауданындағы 3 ауылдық округі әкіміне 9 кандидат тіркелді
Фурманов ауылы әкіміне үміткер үшеу
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу