Қошановтың Исмоиловтан не артықшылығы бар?
20-11-2024
Қостанай облысында 18 тамыз күні 6 ауданның 11 ауылдық округінде әкім сайлауын өткізу белгіленген. Соның бірі Арқалық қаласын. Мұндағы сайлау Фурманов ауылында өткізіледі.
Облыстық аумақтық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Жамиля Самбаеваның айтуынша, Арқалық қаласынан бөлек, 18 тамыз күні округ әкімдерінің сайлауы Әулиекөл ауданы Аманқарағай, Бейімбет Майлин ауданы Байшуақ, Денисов ауданы Перелески, Глебовка ауылдары және Покров ауылдық округі, Қамысты ауданы Алтынсарин, Қарабатыр ауылдары және Аралкөл ауылдық округі, Меңдіқара ауданы Буденный ауылы мен Ломоносов ауылдық округтерінде өткізіледі.
- Бүгінгі күні аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкіміне кандидат саяси партия және өзін-өзі ұсыну тәсілімен ұсынылады. Алдымен олар дауыс беруге құқығы бар тиісті сайлау округі сайлаушыларының жалпы санының кемінде бір пайыз дауысының қолдауына ие болуы тиіс. Сайлаушыларды қолдау олардың қолдарын жинаумен куәландырылады. Кандидат тіркелу үшін саяси партия мен өзін-өзі ұсынған кезде азаматтың кандидат болуға келісімі, өмірбаяндық деректері, кандидат пен жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсырғаны туралы мемлекеттік кіріс органынан анықтамасы, ҚР мемлекеттік қызметіне кіретін азаматты арнайы тексеру үшін қажетті құжаттарды, сайлау жарнасын енгізгендігін куәландыратын құжат, кандидаттың саяси партияға мүшелігін растайтын құжат ұсынуы қажет. Міне, жоғарыда біз ауылдық округ әкіміне үміткер ретінде тіркелетін кандидаттарға қойылатын талаптар туралы қысқаша айттық. Сол талаптарды орындаған Қостанай облысының бес аудан мен бір қаласынан 11 ауылдық округтен бүгінгі таңда округ әкімі лауазымына 27 кандидат тіркеліп отыр. Оның 8-і Amanat партиясы тарапынан ұсынылса, 21 кандидат өзін-өзі ұсынғандар. Жалпы ұсынылған кандидаттардың 9-ы әйел, - дейді Жамиля Самбаева.
Сонымен, Арқалық қаласы аумақтық сайлау комиссиясының
Фурманов ауылының әкіміне кандидаттарды тіркеу туралы хабарламасына сәйкес «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 113-5-бабына сәйкес, Арқалық қаласының аумақтық сайлау комиссиясы Фурманов ауылының әкіміне 3 кандидат тіркеді. Барлығы да өзін-өзі ұсынғандар. Оның бірі – 36 жастағы Арқалық қаласы Родина ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы Аубакиров Досхан Тубекбаевич. Екіншісі, 31 жастағы Коктау ауылы әкімі аппаратының бас маманы Мыканкалиев Асылхан Набиевич. Үшінші кандидат Арқалық қаласы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімінің бас маманы Ораз Қазыбек Оразұлы.