Қошановтың Исмоиловтан не артықшылығы бар?
20-11-2024
Аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің әкімдерін сайлау жиі ұйымдастырылатын өңірлердің қатарына Маңғыстау облысын да жатқызуға болады. Бұған дейін Маңғыстау облысының Бейнеу, Маңғыстау және Қарақия аудандарының бірнеше ауылдық округінде әкім сайлаулары өткізілді. Енді, міне, 18 тамыз күні Маңғыстау мен Мұнайлы аудандарындағы Жыңғылды және Батыр ауылдық округ әкімдерінің сайлауын өткізу белгіленіп отыр.
Маңғыстау облыстық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Елубай Әбіловтың айтуынша, бүгінгі күні қос ауданда кандидаттарды тіркеу жұмыстары аяқталған. Қос ауданнан барлығы 6 кандидат тіркелген. Оның бірі саяси партиядан ұсынылса, 59-і өзін-өзі ұсынғандар.
- Әкім сайлау – қазаққа бейтаныс рәсім емес. Бабаларымыз болыс, би, қазыларды да, ханды да сайлаған. Ұлы далада қалыптасқан сайлауы да, заңы да, басқару жүйесі де болған. Сол үдеріс бүгінде жаңғырып жатса, неге құптамасқа? Қазіргі таңда сайлау жүйесінде ашықтық бар. Халықтың бүгінде сайлауға деген сенімі артып келеді. Облыста аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округ әкімдері сайлауын өткізуде Маңғыстау облысының да жинақтаған тәжірибесі мол. Мәселен, жыл басынан бері облыстың аудандарында 4-5 ауылдық округ сайлауы өткізілді. Атап айтсақ, бір-екі ай бұрын Маңғыстау ауданының Ақшымырық ауылдық округі әкімін сайлаған едік. Ол округ әкіміне 3 кандидат түскен. Оның бірін Amanat партиясы ұсынды. Оның есімі Абзал Бақытжанұлы Қарақойшиев. 28 жастағы ол Маңғыстау облысының балық шаруашылығы басқармасының бөлім басшысы болып жұмыс істейді. Өзін-өзі ұсынған кандидаттың бірі Маңғыстан ауданы әкімдігі апаратының бас маманы Аманбек Нұрсайынұлы Сұлтанбеков болса, екіншісі Ақшымырау ауылы әкімі аппаратының бас маманы Роза Шуканқызы Шегенбаева. Ол сайлаудың қорытындысында Ақшымырау ауылының әкімі болып Қарақойшиев Абзал Бақытжанұлы сайланды. Ал 18 тамызға осы Маңғыстау ауданының Жыңғылды ауылдық округі әкіміне бүгінгі күні 3 кандидат тіркеліп отыр. Барлығы да өзін-өзі ұсынғандар. Жастары да шамалас 34-31 жас аралығындағы азаматтар, - дейді комиссия төрағасы.
Сонымен Маңғыстау ауданы Жыңғылды ауыл әкіміне ұсынылған кандидаттың бірі «Нұрсат» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің инженері Әсет Маратұлы. Екіншісі уақытша жұмыссыз жүрген Жалғас Сәрсенбайұлы Сәрсенбин. Үшінші кандидат Шетпе ауылы әкімінің орынбасары Бекзат Жамалбеков.
Ал Мұнайлы ауданы Батыр ауылдық округі әкіміне ұсынылған 3 кандидаттың екеуі өзін-өзі ұсынса, бірі саяси партиядан ұсынылды. Amanat партиясы бұл орынға округтің әкімі Сауыт Нұрғалыұлы Айтбаевты қайта лайық көріп отыр. Ал өзін-өзі ұсынған кандидаттың бірі Басқұдық ауылдық округі әкімінің орынбасары Мақсат Бүркітбайұлы Алигулов болса, екіншісі Мұнайлы аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бөлім басшысы Болат Чандыевич Байбузов.
- Маңғыстау мен Мұнайлы аудандары бойынша Жыңғылды және Батыр ауылдық округі әкіміне түсетін кандидаттардың есімдері белгілі. Ендігі кезекте осы аталған аудандардағы екі ауылдық округ бойынша сайлау 18 тамыз күні өтіп, сайлаушылар өз таңдауын жасап, өз әкімдерін сайлайтын болады. Қазіргі таңда сайлау алды үшіт-насихат жұмыстары жалғасуда, - дейді Маңғыстау облыстық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Елубай Әбілов