Қошановтың Исмоиловтан не артықшылығы бар?
20-11-2024
Қостанай облысының Әулиекөл, Бейімбет Майлин, Денисов, Қамысты, Меңдіқара аудандарының және Арқалық қаласының аумақтық сайлау комиссияларының қаулысымен 2024 жылғы 18 тамызға 12 ауылдық округі әкімінің сайлауы тағайындалды.
Облыстық аумақтық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Жамиля Самбаеваның айтуынша, Қостанай облысының 6 ауданы 12 ауылдық округінде тағайындалған сайлауға Әулиекөл ауданы Аманқарағай, Бейімбет Майлин ауданы Байшуақ, Денисов ауданы Перелески, Глебовка ауылдары және Покров ауылдық округі, Қамысты ауданы Алтынсарин, Қарабатыр ауылдары және Аралкөл ауылдық округі, Меңдіқара ауданы Буденный ауылы мен Ломоносов ауылдық округтері мен Арқалық қаласының Фурманов ауылы енген.
- Бүгінгі күні аталған аудандардағы ауылдық округ әкімі лауазымына жер-жерде кандидаттар ұсынылуда. Мәселен, «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 113-5-бабына сәйкес Әулиекөл ауданының аумақтық сайлау комиссиясы Аманқарағай ауылдық округінің әкіміне 3 кандидатты тіркеді. Олардың бірін Amanat партиясы ұсынса, екеуі өзін-өзі ұсынғандар. Amanat партиясы кандидат ретінде 38 жастағы округ әкімі Бегзат Коккинакиович Абдильдинді ұсынып отыр. Өзін-өзі ұсынған кандидаттың бірі 33 жастағы Чернигов ауылдық округі әкімі аппаратының жетекші маманы Куат Давильбекулы Альденов болса, екіншісі 50 жастағы Тимофеев ауылы әкімі аппаратының бас маманы Жанат Сейтбекұлы Ержанов. Көріп отырғандарыңыздай кандидаттардың барлығы да жоғары білімді. Мемлекеттік қызметте тәжірибесі бар азаматтар. Ендігі таңдау халықтың өзінде, - дейді Жамиля Баянқызы.
Ал осы күні өтетін Бейімбет Майлин ауданы Байшуақ ауылдық округінің әкіміне де кандидаттар тіркелуде. Бүгінгі күні тіркелген кандидаттардың саны үшеу. Олардың барлығы да өзін-өзі ұсынғандар. Соның бірі – 49 жастағы Бейімбет Майлин ауданының тұрғын үй - коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдарының бөлімінің бас маманның міндетін атқарушы Талғат Ермұханов. Екінші кандидат 62 жастағы Павлов ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы Күлмұханбетов Мәулен Кәрімұлы. Үшінші кандидат 58 жастағы Әйет ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы Оспанов Серік Құсайынұлы.
Меңдіқара ауданының Буденный мен Ломоносов ауылдық округтері әкімдерінің сайлауына да кандидаттар тіркелді. Екі ауылдық округ бойынша тіркелген үміткерлер саны 6-у. 4 кандидат өзін-өзі, екі кандидат саяси партия атынан ұсынылған.
Буденный ауылдық округі әкіміне Amanat партиясы атынан ұсынылған кандидат 61 жастағы округтің әкімі Дощанов Бахытжан Галимович. Ал өзін-өзі ұсынған кандидаттың бірі 54 жастағы Боровское ауылы әкімі аппаратының бас маманы Балабаев Женис Кабланұлы. Екіншісі 55 жастағы Теңіз ауылы әкімі аппаратының бас маманы Есенгазин Амангельды Муратұлы. Ал Ломоносов ауылдық округі әкіміне ұсынылған кандидаттың бірі Крукович Екатерина Владимировна. 39 жастағы ол Введен ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы болса, екіншісі - 48 жастағы Михайлов ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы Чиркова Надежда Сергеевна. Екі кандидат та өзін-өзі ұсынғандар. Amanat партиясы атынан ұсынылған кандидат 46 жастағы Ломоносов ауылының әкімі Бугушева Марина Ивановна.
- Қостанай облысының 3 ауданнан ұсынылған 4 ауылдық округ әкіміне үміткер ретінде 12 кандидат тіркеліп отыр. Оның 3-ін Amanat партиясы ұсынған болса, 9-ы өзін-өзі ұсынғандар. Олардың 3-і әйел. Тағы бір атап өтерлігі 3 ауылдық округтің әкімі өз орындарын сақтап қалу үшін сайлауға қайта түсіп отыр. Қазіргі таңда кандидаттар халық арасында өздерінің сайлау алды бағдарламасы бойынша үгіт-насихат жұмыстарын жүргізуде. Еліміздің басты құндылығы адам және оның өмірі, азаматтардың өзін қауіпсіз сезінуі десек, сайлаудың маңыздылығы тіпті арта түседі. Өйткені сайлау таңдау жасаудан бұрын, азаматтық құқықтық қатынасты жүзеге асыратын мүмкіндік. Саясатқа араласу, партия құрып, көшеге шығу деген сөз емес. Дауыс беру арқылы да саясатқа араласуға болады. Міндетті түрде саяси сауатты болудың қажеті жоқ. Өзінің тұрмысын, өмір сүру сапасын, қоршаған ортаның қауіпсіздігін, отбасының болашағын ойлаған адам міндетті түрде сайлауға қатысып, дауыс береді және саясатты түсінеді, - дейді облыстық аумақтық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Жамиля Самбаева.