Қошановтың Исмоиловтан не артықшылығы бар?
20-11-2024
Елімізде сайлау жүйесін дамытуға ерекше басымдық беріліп отыр. Жаңа Қазақстанды құрудағы қадамымыз өзгеріс пен дамуға бастайды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің әкімдерін халықтың тікелей өзі сайлауы бүгінде іске асырылып жатыр. Бұл шара – соның айқын көрінісі. Мәселен, Маңғыстау облысының аудандарында бұған дейін өткізілген сайлаулар соның айқын дәлелі.
Ендігі кезекте Маңғыстау облысының Қарақия аудандық аумақтық сайлау комиссиясының 2024 жылғы 7 шілдеге тағайындалған әкім сайлауы Қарақия ауданының Болашақ ауылдық округінде өткізілмек.
Маңғыстау облысы аумақтық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Жармағанбет Айтуаровтың айтуынша, жыл басынан бергі облыста төрт сайлау ұйымдастырылыпты. «Атап айтсақ, Маңғыстау облысының Маңғыстау ауданынағы Тұщықұдық пен Шайыр аудандық округтерінде 18 ақпанда өткізілген. Ал бұдан кейінгі ауыл әкімінің сайлауы 17 наурызға белгіленіп, Маңғыстау ауданының Шебір ауылдық округінде өткен болатын. Келесі сайлау 19 мамырда Бейнеу және Маңғыстау аудандарында ұйымдастырылды. Сондай-ақ 2 маусым күні Қарақия ауданының Құрық ауылы әкімінің сайлауы өтіп, сайлау қорытындысымен жеңімпаз анықталып, округ әкімі тағайындалды. Ендігі кезекте Қарақия ауданының Болашақ ауылдық округінде 7 шілдеге сайлау өткізу жоспарланып отыр» дейді ол.
Ал Қарақия аудандық аумақтық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Мұхамедали Әбішевтің айтуынша, Болашақ ауылдық округінің әкімін сайлау бойынша 16 маусымда үш кандидат тіркелген. Кандидаттардың үшеуі де өзін-өзі ұсынғандар. «Әкімдікке кандидаттарды тіркеу барлық қажетті құжаттар алынғаннан кейін басталады және сайлау күніне дейін он күн бұрын жергілікті уақыт бойынша сағат он сегізде аяқталады. Аудандық аумақтық сайлау комиссиясы кандидаттарды тіркеу туралы хаттама жасайды және тіркеу туралы хабар жариялайды. Тіркелгенге дейін кандидат және оның зайыбы (жұбайы) тұрғылықты жері бойынша мемлекеттік кіріс органына белгіленген тәртіппен және нысанда ұсыну мерзімі басталған айдың бірінші күніне активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны тапсырады. Сайлау алдындағы үгіт кандидаттар тіркелген мерзімі аяқталған кезден басталып, сайлау болатын күннің алдындағы күнгі жергілікті уақыт бойынша нөл сағатта аяқталады.
Ауылдық округ әкімін сайлау жөніндегі дауыс беру сайлау күні жергілікті уақытпен сағат жетіден жиырмаға дейін өткізіледі. Учаскелік сайлау комиссиясы дауыс беру нәтижелері бойынша дауыс беру хаттамасын жасайды және оны дереу аудандық аумақтық сайлау комиссиясына сайлау материалдарымен бірге тапсырады. Сайлау қорытындыларын тиісті әкімшілік- аумақтық бірліктегі учаскелік сайлау комиссияларының хаттамалары негізінде аудандық аумақтық сайлау комиссиясының отырысында сайлаудан кейін үш күндік мерзімінен кешіктірмей белгілейді» дейді ол.
- Сонымен Болашақ ауылдық округі бойынша өзін-өзі ұсынғандар жоғарыда айтылған сайлау талаптарын орындай отырып, өз құжаттарын өткізді. Олардың өтініштері сайлау талабына қайшы келмегендіктен кандидат болып тіркелді. Сонымен өзін-өзі ұсынған кандидаттың бірі Болашақ ауылдық округі әкімі аппаратының инспекторы Сыйлыбай Жарқынбайұлы Аманқұлов. Екінші кандидат Құланды ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы Мейрам Шорсович Нурекешов болса, келесі үміткер Мұнайшы ауылы әкімінің орынбасары Әбутәліп Бахтиярұлы Тәжібай, - дейді Қарақия аудандық аумақтық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Мұхамедали Әбішев.
Қазақстан қоғамын жаңартудың маңызды факторларының бірі – жергілікті өзін-өзі басқару істерін реформалау болып саналады. Ал жер-гілікті өзін-өзі басқару істерін¬дегі алғашқы қажетті маңызды шара әкімшілік-аймақ бірліктері бас¬шыларының халықтың сайлауы ар¬қылы анықталып, қызмет жасау үдерісі. Бұл мемлекеттің ішіндегі саяси биліктің орталықсыздандырылуы болып табылады. «Менің ойымша, бұл ашық қоғамға бағытталатын еліміздің алғашқы демократиялық қадамы бола алады. Бұл – барлық дамыған елдердегі қалыптасқан дәстүр. Бұл жүйенің қаншалықты өзгеріс әкелетінін ешкім дөп басып айта алмайды. Дегенмен саясаттанушы Ербол Әбеновтің пікірінше, қазіргі қоғамдық өмірде, атап айтқанда аза¬маттардың тұрмысын, коммунал¬дық қызметтер, жеке бас қауіпсіздігі, әлеуметтік қорғау және басқа да аймақ кеңістігіндегі ауыл тұрғындарының отыз жыл бойы жинақталған мәселе¬лерін шешу мен жолға қоюда, тек мемлекет ұйымдарының қауқары¬ның жетпейтіні белгілі. Сондықтан осы жүйе арқылы, яғни халық сайлаған ауыл және аудан әкімдеріне аудан көлемінде атқаратын ерекше өкі¬леттіліктер мен құзіреттіліктер бе¬рілуі қажет. Жергілікті өзін-өзі бас¬қару демократиялық басқарудың маңызды шартының бірі ретінде мемлекетті жергілікті маңыздағы мыңдаған мәселеден босатады. Осындай жағдайда ғана, қоғамдағы азаматтардың сұраныстары қанағат¬тандырылып, қоғамда өзгерістер бо¬лады.
Атап айтқанда, азаматтардың талап-тілектерін, мұқтаждықтарын жоғары билік ұйымдары арқылы емес, жергілікті аудан әкімшілігінің ұйымдары арқылы шешуге мүм¬кін¬дік туады. Сонымен қатар бұ¬рын¬нан қордаланған проб¬лема¬ларды ауданның жергілікті ұйымдары өздері шешуге қол жет¬кізеді. Қалай болса да жергілікті өзін-өзі басқару тәжірибесі арқылы әкімшілік-аймақтық бірліктердегі басшыларды халықтың сайлауы демократиялық үрдіс ретінде тұтас қоғамдық-саяси өмірге енгізілуі қажет», - дейді Қарақия аудандық аумақтық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Мұхамедали Әбішев.